Тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу
Барысы: 1. Мұғалімнің сөзі
- Балалар, бүгін біздің сынып оқушыларының арасында «Ойлы болсаң, озып көр» атты зияткерлік білім сайысы өткізіліп отыр. Осы сайысқа сынып оқушылары ішінен екі топ құрылып, өзара білімдерімен сынға түспек. Ендеше сайысқа түсер екі топпен танысайық.
а) Топтармен танысу: ортаға бүгінгі зияткерлік ойынымыздың сайыскерлері «Зерде» және «Зейін» топтарын шақырайық
ә) Әділ - қазы мүшелерін сайлау
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,
- дей отыра әділ - қазы мүшелерімен таныстырып өтейін.
2. «Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік ойынының өткізілу жоспарымен таныстырып өтейін:
І - айналым: «Білгенге маржан» деп аталады. Бұл айналымда оқу бағдарламасының аясында сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
ІІ - айналым: Кім жылдам «Математик,информатика» деп аталады. Топтар кезекпен 3 минут уақыт аралығында математикалық амалдарды дұрыс орындай орындап, барынша көп есеп шығаруы керек. Жеңген топ дұрыс шығарған есептері бойынша ұпай жинайды.
ІІІ - айналым: Құрастырма сурет. Бұл айналымда топтарға биология пәнінен сұрақтар беріледі. суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар сол суретте жасырылған затты табуы керек. Қай топ бірінші тапса, солсурет туралы зерттеп айтқан топқа 5 ұпай беріледі, жеңілген топқа 2 ұпай ғана беріледі.
ІV - айналым:»Сөзмоншақ» ойыны. Қазақ тілінен сөз беріледі. Белгілі уақыт аралығында бірнеше сөз құрастыру керек. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі. Ең көп сөз құрастырған топ жеңімпаз атанады.
V - айналым: «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады. Сөзжұмбақты шешу арқылы жеңімпаз топты анықтаймыз.
VІ - айналым: «Анықтама бюросы» деп аталады. Бұл айналымда топтарға әдебиеттік оқу пәнінен тапсырма беріледі, яғни топтар берілген мәтін үзіндісін тыңдай отыра бұл мәтін қалай аталады, мәтіндегі кейіпкерлерді атау, мәтін мазмұнын анықтау. Дұрыс жауаптың әрқайсысына 5 ұпай, ал жауап дұрыс болмаса ұпай берілмейді.
Қорытынды. Зияткерлік ойын нәтижесін анықтау үшін әділ - қазыларға сөз кезегін береміз.
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім, -деп А.Тоқмағанбетов ақын жырлағандай, сендер де ақынның ойымен келіседі деген үміттемін.
3. – Ал, балалар, енді сайысымызды бастайық, бірінші бүгінгі сайыскерлерімізбен таныстырып өтейік. Сөз кезегін топтарға берсек. Топтардың танысуы
І - топ: «Зерде» тобы Ұраны: Қалың қауым амансыз ба? «Зерде» тобы алдыңызда. Білімімізді көрсетеміз Бүгінгі білім жарысында.
ІІ - топ: «Зейін» тобы Ұраны: Көрген, білген, түйгенін Көкірегінде сақтайтын. «Зейін» тобы біздерміз Білім сайысында қалыспайтын.
Мұғалім: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сайыстан тыс қалмаңыздар. Мұнда қызық табылар Білім нұры шашылар Ақыл, тілі дамыған Үлгі алайық баладан
І - айналым: «Білгенге маржан».
Сұрақтарға жауап беру І - топқа:
1.Қобыздың атасы кім? –қорқыт
2. Қазақстанда неше облысы бар?-14
3.Қазақстан Республикасының әнұран авторлары кім?-Сөзі.Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев,Әні:ш:қалдаяқов
4.Қазақ хандығына биыл неше жыл толып кетті? 550
5. Тұңғыш президент қашан сайланды? 1991
6. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап бер. 7
7. Қазақстанда неше қорық бар?10
8. Қазақтан шыққан батыр ұшқыш қыз кім?Хиуаз Қайырқызы Доспанова
9.Екі мәрте Батыр атағын алған ұшқыш кім?Бигелдинов
10.Үш биді ата
ІІ - топқа:
1.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
2. Қазақстан халқы ассамблеясы қай жылы құрылды?
3. Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді?
4. Қазақстанда Тілдер мерекесі қай уақытта тойланады?
5. Қазақ тілінде неше жалғау түрі бар? Атап бер
6.Абайдың азан шақырып қойған есімі кім?
7. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
8.Қазақтан шыққан қос батыр қыз кімдер?
9. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, неше баптан тұрады?9 бөлім,98 бап
10.Шыңғырлау ауданынан қанша адам Ұлы Отан соғысына қатысты? 3378,62 офицер
ІІ - айналым: «Математик» Математика пәнінен бірнеше есептердің шешімін табу ұсынылады: Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп, Кім шығады кәнекей, жауабын мен білем деп? І - топқа: 1. Бірінші қосылғыш – 43, екінші қосылғыш – 35. Қосынды нешеге тең болады? 2. 97 мен 23 сандарының айырмасы неше? 3. Бақта 19 алма ағашы бар, ал алмұрт ағашының одан 28 - і артық. Бақта барлығы неше ағаш бар? 4. 1 ғасырда неше жыл бар? 5. 49 - ға 26 - ны қос
. ІІ - топқа: 1. Бірінші қосылғыш – 28, екінші қосылғыш – 41. Қосынды нешеге тең болады? 2. Азайғыш – 49, азайтқыш 30. Айырманың мәні нешеге тең? 3. Бақтан 70 кг алма жиналды. Алманың бір бөлігі жәшіктерге салынғанда, тағы 18 кг алма қалды. Жәшіктерге неше кг алма салынды? 4. 1 тәулікте неше сағат бар? 5. 50 - ден 26 - ны азайт.
ІІІ - айналым:Күлдіргі жұмбақтар.
1. Кім барлық тілде сөйлейді?
2.Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады?
3. Дүниедегі шапшаң нәрсе не?
4. Егер түнгі сағат 12 - де жаңбыр жауса, мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсеме?
5. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?.
6. Қандай бөшкеге су құюға болмайды?
7. Үш түйеқұс/страус/ ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
8. Қосарлап жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12км жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді?.
9. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны сенің өзің нен гөрі басқалар атайды?
10. Тауық түс көреме?
11. Аппақ қарға бола ма?
12. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
ІV - айналым: «Кім жылдам» ойыны. Берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру керек. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі. Ең көп құрастырған топ жеңімпаз атанады.
«Қызғалдақ» - І топ, «Жауқазын» - ІІ топ. «Қызғалдақ» - қыз, ал, дақ, ақ, қақ, ала, дала, қала, зал, ыза, аға, қаз, лақ «Жауқазын» - жау, ау, қаз, аз, ана, жақ, қауын, жауын, жаза, науа, қазан, қазу, жазу,
Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
Нимотор ----------- Монитор
Пьюромтек ------- Компьютер
Енрепатқат -------- Пернетақта
Лайф ---------------- Файл
Рльоукятакл ------ Калькулятор
Атқсуа -------------- Сақтау
Аэкторикелн ----- Электроника
Дңеөу -------------- Өңдеу
Млтогира ---------- Алгоритм
V - айналым: «Тапқыр болсаң, тауып көр» Топтарға сөзжұмбақ беріледі. 2 минут аралығында берілген сөзжұмбақ шешімін дұрыс таба отыра жеңімпаз топты анықтаймыз. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. Алдымын әріп жұмбақтың жауабын тауып алайық.
Қой да бар,ешкіде жоқ.
Қасық та бар,кесе де жоқ.
Қ –әріпі. Берілетін сөзжұмбақтың жауабы қ әріпінен басталып,қ әріпінен аяқталады.
І - топқа:
1. Сұйық тамақ ішетін ыдыс (қасық)
2. Сызық түрі (қисық)
3. 4 ондықтан құралған сан (қырық)
4. Сүттен жасалған тамақ (қаймақ)
5. Бас киім (қалпақ)
6. Балық аулайтын құрал (қармақ)
ІІ - топқа:
1. Су көлігі (қайық)
2. Баста орналасқан дене мүшесі (құлақ)
3. Ұлт (қазақ)
4. Су алатын терең қазылған жер (құдық)
5. Көкөніс атауы (қызанақ)
6. Пышақ қайрауға арналған құрал (қайрақ)
Мұғалім: - Ал балалар біздің сайыскерлеріміз бұл тапсырманы орындап болғанша сендерге мынадай сұрақтар қойылады.
VІ - айналым: «Анықтама бюросы» Білімменен тәнті етеді тектілер, Мұратына білім ғана жеткізер. Бар ізгілік тек біліммен алынар, Білімменен аспанға жол салынар. – дей келесі айналымның тапсырмаларына назар аударайық.
«Зерде» тобына:
«Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да,екінші біреуін –ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды......» («көксерек» мәтіні,м.әуезов,көксерек,құрмаш.)
Көзінде көк нұры жоқ,
Аузында жұмақ жыры жоқ,
Жалынсыз,усыз құшағы
Иірілмейді жыландай, .... Өлеңді жалғастыр,қалай аталады,кімнің өлеңі,қалай аталады?
«Зейін» тобына:
«Шіркін,қарақат,тәтті де сұлу да жеміс-ау!
Жібек шалғында,жыныс тоғайлы табиғаттың бұл байлығына көзің тойған кезде оның иесін іздейсің.
Сол түріне қарағанда , егер тасыған кездерін көрмесең, оның сонша кең өлкені сусындатқан, денесіне әл, бетіне нәр берген өзен екенінсенбейсің..» («есіл бойында» мәтіні,С.Мұқанов «өмір мектебі» романынан, кейіпкерлері есіл өзені,мырзатай.
Бір үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген, біздерде мынадай бар,мынадай бар!.....» Өлеңді жалғастыр,қалай аталады,кімнің өлеңі,қалай аталады?
Қорытынды: - Сонымен балалар, бүгінгі сайысымыз да өз мәресіне жетті. Бұл сайыстың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен тобымызды анықтау үшін әділ қазыларға сөз кезегін берейік. Жеңімпаздарды мадақтау.
Анықтама
Ақпан айының 9 күні 7 «а» сыныбына «Ойлы болсаң, озып көр» тақырыбында зияткерлік сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты- оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу
Сайыс 6 айналымнан тұрды.
І - айналым: «Білгенге маржан»
ІІ - айналым: Кім жылдам? «Математик,информатика»
ІІІ - айналым: Күлдіргі жұмбақтар
ІV - айналым:»Сөзмоншақ»
V - айналым: «Тапқыр болсаң, тауып көр»
VІ - айналым: «Анықтама бюросы»
Сайыста оқушыларға қазақ тілі ,қазақ әдебиеті математика, информатика,қазақстан тарихы пәндері бойынша сұрақтар қойылды. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында жұмбақтар жасырылды.
Сайыс оқушыларды шапшақдыққа, зеректікке,білімділікке шақырды.
Оқушылар сайысқа қатысу барысында қай пәннен жақсырақ оқу керектігін білді.
Зияткерлік сайысты өткізіу барысында жеткен жетістігім, оқушылардың қай жақтан қиналып жүргендігін анықтадым.
Ұсыныс: әлі де осындай пәндік іс-шараларды жиі өткізу.
Кемшілігі: оқушылардың түгел қатыспауы,бірақ оқушылардың келмей қалу себептері белгілі.
Сынып жетекші: Есенаманова Г.Г
А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Сыныптан тыс іс-шара
Тақырыбы
(зияткерлік сайыс)
[pic] [pic] [pic]
Өткізген: 7 «а» сынып жетекшісі Есенаманова Г.Г
2015-2016 оқу жылы
[pic]
[pic]
[pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic]