Жақсылық – жан жадыратады 9 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Тақырып: Жақсылық – жан жадыратады

Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Ізгілік, имандылық.

Мұғалiм Узакбаева Дарига сынып оқушылар саны 20


Сабақ мақсаты:
  • Оқушылардың «жақсылық» жасау туралы түсініктерін кеңейту

Сабақтың міндеттері:

  • Жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу

  • Жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту

  • Жақсылық жасауға тәрбиелеу


Ресурстар:

аудиокассета,

оқулық,

ән мәтіні, маркер, А4 ақ қағаз

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

5 - Т ержеесін сақтау.

2.Тыныштық сәтi. (баяу музыка қою)

Нұрға бөлену.

Мұғалім сыйы.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Жиырма үшінші сөзі

Абай.

  • Жаманға салысып жақсы бола ма? – деген сөзді қалай түсінесіз?

  • Адам басқаның жамандығына қуанудан немесе жұбаныш қылудан жақсы адам бола ала ма? Неліктен?


Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Жақсылық жасасаң да өзіңе,

Жамандық жасасаң да өзіңе.

  • Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?

  • Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?


5.Әңгiмелеу

Жақсылық пен жамандық

  • Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?

  • «Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?

  • Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?

  • Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?

  • Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?



6.Шығармашылық жұмыс

Жақсылыққа жету жолы туралы шағын әңгіме жазу.


7.Топпен ән айту.

Елім менің

Сөзі Н.Назарбаев

Әні Б.Тілеуханов



8.Үй тапсырмасы.

А. Қоныстың «Сөз құдыреті» әңгімесін оқып келу



9.Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Жәй баяу дауыспен:

Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне қолдана білейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады

Рахмет, балалар!













Жақсылық пен жамандық

Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық “істе” десе, жамандық “істеме” деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді.

Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:

- Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, - десе, Жамандық:

- Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, - дейді.

Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп. Суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. .

Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:

- Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой, - дейді.

Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:

- Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, - дейді.

Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады. Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталады да, шыр – пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол:

- Әй, адам – ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кеуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп – кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.

Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып:

- Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол, - деп батасын береді.

Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.