Күні: 16.04.2014
Сынып: 5
Пән: Қазақ тілі
1)Сабақтың тақырыбы: Қызық оқиға
2)Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тілін әрі қарай дамыту үшін жаңа сөздерді пайдалана отырып,сөздік қорын молайту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу әрекетін,есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдістері:Сұрақ-жауап, аударма, түсіндіру, жаттығу, тыңдап түсіну, диалог
Пәнаралық байланыс:Орыс тілі
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бағалау парақтары
Сабақ барысы
Ұйымдастыру.
Тренинг (3 минут)
2 топопқа бөліну (2 минут)
ыстық орындық (3 минут)
Сәлелеметсіндер ме, балалар!
Бүгін ауа райы қандай?
Қазір қандай жыл мезгілі?
Көктем айларын кім айтады?
Апта күндерін кім біледі?
Бүгін аптаның қай күні?
Сенің атың кім?
Сен неше жастасың?
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Қазір қандай сабақ?
Қазақ тілі нешінші сабақ?
Сен қайда тұрасың?
Бүгін сыныпта кім кезекші?
Бүгін сыныпта кім жоқ?
Бүгін нешесі?
Дәптерлерге бүгінгі күнін жазып алыңдар.
Үй жұмысын тексеру. (4-5 минут)
Жаңылтпашты айту
Шалғы сап,
Шөп шап.
Шөп шапсаң, көп шап.
Көп шапсаң, шапшаң шап,
Шапшаң шапсаң,
Шаршап жат.
Сабақтың мақсатын, барысын айту
1. Мәтінді оқимыз.
2. Мәтінді аудару жұмысын орындаймыз.
3. Септік жалғауларды еске түсіреміз
4. Қаратпа сөзді пайдалана отырып сөйлем құрастырамыз.
5. Тілін әрі қарай дамыту үшін жаңа сөздерді пайдалана отырып,сөздік қорын молайтамыз.
Алдымен, балалар, біз екі топқа бөлінеміз.
Сөздік жұмысы (3-4 минут)
Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталады
Оқушылар сөздерді тізбектеп айтып шығады
Ойын арқылы сөздікті пысықтау
Тапсырмалармен жұмыс
Оқушылар екі топқа бөлініп отырады. 1-тапсырмадағы мәтінді алдымен мұғалім дауыстап оқиды. Содан кейін оқушылар іштен оқып шығады да, бірнеше оқушы дауыстап оқиды. Мәтінді аудару жұмысын топтар арасында өткізу . Ол үшін оқушыларға қазақ тілінде жазылған мәтін және орыс тіліне аударылған сөйлемдер беріледі. Оқушылар мәтінге қарап, дұрыс аудармасын тауып, кесілген сөйлемдерді ретімен параққа желіммен жабыстырады. Осы тапсырмаға 5-7 минут беріледі.
Тапсырманы орындағаннан кейін екі топ кезекпен сөйлемдерді (алдымен қазақша, содан кейін оның аудармасын) оқиды. Дәл сол уақытта дұрыс-бұрыстығын анықтау. (5 минут)
Сергіту сәтті
Тербеледі ағаштар
Жел бетіме еседі
Кіп кішкентай ағаштар
Үп үлкен боп өседі
2-тапсырма. Осы мәтіннен септік жалғауы бар сөздерді теріп жазу. (жалғауды белгілейді және қай септікке жататынын анықтайды. (Балқштың-і.с., бойында –ж.с., көлдің, жағасында, қасында, Егордың, үйіне, тамақтан, далаға, көлді, қораға, құйрығымен, аяғымен, бастырманың, астына, астында, соналарға, сонадан, тауықтарды). (10 минут)
Ал балалар біз мәтінді оқыдық па? (оқыдық!)
Мәтін бойынша аудару жұмысы болды ма? (иә!)
Септік жалғаулырды еске түсірдік пе? (иә!)
Не қалды? (Қаратпа сөз қайталау )
Тақтаға қарандар (қайталау).
3-тапсырма. Қарапта сөздерді пайдалана отырып, мәтіннен үш сөйлем жаз. (әр сызба бойынша) (5 минут)
Қорытынды
Рефлексия
Әр оқушы не ұнады, не ұнаған жоқ деп жазады
VII.Үйге тапсырма 196 бет 2-тапсырма мәтінді мазмұндау
VIII.Бағалау.