Урок по обчщечеловеческие ценности

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


Алматы қаласы

«Бөбек» ҰҒПББСО

«Өзін-өзі тану» гимназиясы

Абдраимова Рахиман Айтбаевна

Қазақ тілі мен әдебиетінің, өзін-өзі тану мұғалімі


Мектеп «Өзін-өзі тану» гимназиясы Мерзiмі: 06.10.2014 №6

Тақырып: Жақсы көңіл күй – жан шуағы Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Ішкі сезімдерін түсіне білуі, достық қарым-қатынас, жан жылуы, мейірімділік пен қайырымдылық, бауырмалдық, адалдық.

Мұғалiм: Абдраимова Р.А. Сынып 5 «А» Оқушылар саны: 15


Сабақ барысы:
  1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылалана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Ресурстар: (оқулық, дәптер, компьютер, теледидар, интерактивті тақта, фломастер, плакат, қима қағаздар)

  1. Үй тапсырмасын тексеру. Жан сұлулығы мәтіні бойынша сұрақтар.

  • Кейбір адамдардың көңілді болып жүруінің сыры неде деп ойлайсыңдар? (Өйткені ол өзін жақсы көреді. Өз бойындағы кемшіліктерді жоюға тырысады. Адамдармен тез тіл табысқыш болады.)

  • Адам өмірде өзін-өзі қалай бағалауы керек? (Өзгелерден басқаша екендігін сезіну. Ешкімге ұқсамайтындығын бағалай білу. Өзінің ерекше қайталанбайтын тұлға екенін сезіну.)

  • Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер? (Адамның сыртқы сұлулығымен бағаламау керек. Ішкі жан дүниең сұлу болса, сен нағыз сұлусың.)

Мұғалім: Адамның сыртқы келбеті ғана емес, ішкі жан дүниесі де сұлу болу керек. Өзіңді-өзің өзгерту және жақсылыққа жете білу өзіңнің қолыңнан ғана келетін іс. Әр адамның өзіндік сұлулығы бар. Бірақ ол сырт келбеті емес, жан сұлулығына байланысты болады. Мұның бәрі нәзіктік, сезімталдық, мейірімділікпен тығыз байланысты. (Бүгінгі сабақтың тақырыбын хабарлау. «Жақсы көңіл күй – жан шуағы»)

Ескертулер

Өткен сабақтағы тапсырмаларды еске түсіру.

  1. Дәйексөз. «Мінез – жанның айнасы.» Әбу Насыр әл-Фараби

(Хормен оқыту. Дәйексөздің мағынасын талдау жұмыстары жүргізіледі.)

Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? (Адамның мінезі туралы)

  • Жанның айнасы деген не? (Әр адамның мінезі әртүрлі. Адамның мінезін көру кезінде оның қандай адам екенін сезесің. Әртүрлі мінез арқылы оның ішкі жан дүниесін көресің.)

Мұғалім: Иә, адам мінезімен танылады. Мінезі жайдары, ашық, ақкөңіл, бауырмал, иманжүзді адамның достары да көп болады. Олар жан-жағына шуақ нұрын шашқан күн секілді. Ондай мінезді адамдар бәріне сүйіспеншілік нұрын себе біледі. Біз де осы асыл қасиеттерді бойымызға дарыта білейік.


  1. Әңгiмелеу. (Әңгіменің мазмұнын талдау)

Таза бұлақ

Ыбырай Алтынсарин

Үш жолаушы бір құдықтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ тастақ жерден шыққан, суы мөлдір, шыныдай жарқырайды. Айналасындағы ағаштардың жапырағы мол түскендіктен, бұлақ суы салқын әрі таза екен. Біреу су шыққан жердегі тастың бетіне: «Ей, жолаушы, болсаң, осы бұлақтай таза бол!» деп жазу жазып қойыпты.

Жолаушылар бұл сөздің мәнін өздерінше шешеді. Жолаушының бірі саудагер екен. Ол былай дейді:

Бұлақ толассыз ағып, алыс жерлерге барады. Сол сяқты сен де тынбай қызмет ет, тоқтап қалма, сонда сен де мұратыңа жетесің.

Екінші жолаушы молда екен. Ол:

Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені, − дейді.

Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен. Ол жолаушыларға:

Адамның бұлаққа күні-түні тынбай ағып, тазаланып тұрғаны үшін ынтық болатынын, көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақтауың керектігін білдіреді, мәселен, мына бұлаққа қарасаң, күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесі көрінеді, сондықтан көңілдің осы бұлақтай сыртқа ашық көрініп тұруының мәні зор екенін ұғындырады, − депті.

Сұрақтар:

  • Бұлақ басындағы таста қандай жазу болған?

  • Бұлақтай таза бол деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Бұлақ жер астынан мөлдір күйінде шығады. Адамдар сол мөлдір бұлақтың суын іше отырып, ішкі жан сарайын тазартады. Жаны таза адамның көңіл-күйі де таза болады.)

  • Үшінші жолаушы бұлақтың тазалығын неге теңеді? (Адамның көңіл-күйіне теңеді.)

  • Қандай сезімдер көңіл күйге жағымды әсер етеді? (Анаңның еркелеткені. Достық қарым-қатынас. Отбасындағы сыйластық пен бауырмалдық. Сүйіспеншілік пен адалдық. Қайырымдылық пен мейірімділік т.б.)

  • Басқа адамдардың көңіл күйіне түсіністікпен қарай аласыңдар ма? (Иә, досың немесе ата-анаңның көңілі көтеріңкі болса, мен де көңілді болам.)

  • Адамның көңіл күйіне табиғаттың әсері бола ма? (Күн ашық, жылы болса, жадырап, қуанып жүресің, күн бұлтты болса, мазасызданасың.)

Мұғалім: Көңіл күй – адамның өзіне, өзгеге, қоршаған ортаға қатынасының көрінісі. Сүйіспеншілік, бауырмалдық, жанашырлық сияқты жақсы сезімдер адамның көңіл күйін көтереді, жанын шуаққа бөлейді, жүрегіне қуат береді. Жақсы көңіл күй, адал ниет, ақкөңіл адам өмірінің нұрлы болуына, басқалармен тез тіл табыса білуге, сол арқылы өзін қоршаған ортамен жарқын жарастыққа, бауырмалдыққа, тіпті бақытқа қол жеткізуге де болады. Ендеше айналамызға шуақ шашатын жарқыраған күндей, көңіл кірін кетіретінде таза мөлдір бұлақ секілді болып өсуге талпына біліңдер.


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

І топ: Менің көңіл күйіме әсер еткен оқиғалар тақырыбына шағын әңгіме құрастыру.

ІІ топ: Адамның көңіл күйі туралы сурет салу. (қорғау)

ІІІ топ: Көңіл күй туралы мақал-мәтел ойлап атйту.



  1. Топпен ән айту.

«Біз бақытты балдырған» әнін бәріміз бірге орындаймыз.


  1. Үй тапсырмасы.

25-26 беттегі өлеңді жаттау. Дәптердің 12-бетін аяқтау.


Кері байланыс:


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Бүгінгі сабақтан алған ғибратты ойларды көкейлеріңе терең бойлатып, терең тыныс алып, тыныштықпен әркез есте сақтайтындай болыңдар.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық,

тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық,

тыныштық бүкiл әлемде.