Бәйге атты 6 - сыныпқа арналған сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Павлодар қаласы

11 жалпы орта білім беру бейіндік мектебі

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Жолдасбекова Күлкен Жұмаханқызы

Сынып: 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойын - Бәйге»


Білімділік: «Бәйге» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін толықтыру, тереңдету, мәтінді түсінуге, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білуге үйрету, сөйлеу, сөйлесу дағдыларын жетілдіру

Дамытушылық: Ойлау, сөйлеу, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыланту, ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Танымдық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: Ұлттық ойынға деген оқушылардың сүйіспеншілігін  арттыру.

Сабақтың көрнекілігі : ұлттық ойындар суреті, слайдтар, суреттер, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: жұптық, топтық түрде бірлесіп білім алу

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: сұрақ-жауап, топтастыру, кластер, жеке жұмыс, бес жолды өлең, ой қозғау, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет


Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Үй тапсырмасын тексеру

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Бәйге

А) Мәнерлеп оқу

Б ) Сөздік жұмысы

Сөздік


Кең тараған –распространенный

Дәстүр - обычай

Қатысады - участвуют

Бәйге

Бәйге – халықта ең кең тараған ойын. Оның негізінде ескі дәстүр жатыр.

Ойынға кейде 1000-ға жуық атты адам қатысады. Ойынды ауылдың сыртында үлкен жазық жерде ойнайды.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып, орысшаға аударыңдар.

2. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.

3. Суретті, мәтінді пайдаланып,тірек сызба жасаңдар, сол арқылы мазмұнын айтып беріңдер.

4.Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік, септік жалғауларды қойып, көшіріп жазыңдар.







Менің туған жер.... Отан... - Қазақстан. Қазақстан- көп ұлтты республика.

Қазақстан... астанасы- жаңа қала Астана. Қазақстан... тұңғыш Президент...- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

4.«Көріністі кім сөйлетеді?» Слайд шоу көрсету, суреттегі көріністі сөйлету.

[pic]


Ой толғаныс-«Бес жолды өлең»

Тақырып - Көкпар

Сын есім- 2 - әдемі , тартымды

Етістік - ойнайды, шабады, тартысады

Сөйлем - Көкпар қазақтың ұлттық ойыны

Синоним – ойын

Сергіту сәті:   « Ұшақ»

Астана арман қала

Бағы бір жанған қала,

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда  да.

III деңгей

  1. Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, септік жалғауларын ажыратыңдар.

  2. Үшінші сөйлемді жазып, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің астын сызыңдар

II деңгей

1. Мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.

2. Берілген мақал – мәтелдерді аударып, мағынасына қарай жұптастырыңдар

А) Здоровье-основа богатства. Денсаулық - зор байлық.

Б) Чистота-основа здоровья Тазалық - саулық негізі

В) Если заниматься спортом, то Шынықсаң шымыр боларсың

будешь крепким

I деңгей

Қазақтың ұлттық ойындары туралы шағын шығарма жазыңдар.

 Бағалау парағын тапсыру, бір-бірін бағалау.

Сонымен бүгін сабақта не білдік, нені үйрендік ?

Үй тапсырмасы: «Көкпар» туралы презентация жасау, мазмұндау .

VII. Рефлексия. Қорытынды