Сабақ жоспары Бөлмелер 3 - сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сынып:3 Тексерілді:

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Бөлмелер. Бөлмеде.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекеттеріне жетелеу. Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктерді игерту. Оқу техникасын жандандыру.

2.Дамытушылық. Байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Берілген материалды өмірдегі жағдаяттармен салыстыра отырып , тілдесім әрекетін жандандыру.

3.Тәрбиелік. Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау. Тазалыққа тәртіптілікке және жинақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Көрнекіліктер: суреттер

Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу

Ә) Гимн орындау

Б)Түгендеу


Жаңа сабақ

СТО тех.

Сурет арқылы ой шақыру.

Сөздік жұмысы:

Бөлме- пәтер-

жарық- жатын бөлме - терезе- еден-

есік- қандай?-


1.Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды,оқушылар қайталайды.

2.Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

3.Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

А) мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.

Ә) тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады.

Б) жаңа сөздер деректі заттар болса, оларды бір оқушы көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады,басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады. Кейін оқушылар кезек- кезек тақта алдына шақырылып, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі

Фонетикалық жаттығу.

Шағала, шағала, шағала

Шалқыған көлдерді бағала.



Көркем жаз!

Шағала,шағала,шағала.

Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма.Мәтінді түсініп оқы .

2-тапсырма. Біліп ал.

Үлгі:

Қонақ бөлме-

Демалыс бөлме-

Грамматикалық тақырып.

Табыс септік (Винительный падеж)

Табыс септік соответствует русскому винительному падежу без предлога.Отвечает на вопросы кімді?(кого?)нені?(что?).Табыс септік имеет окончания:-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті.

(Оқулықтың 25-26 бетінде қарау)

Сергіту сәті.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды соғайық,

Оңға қарап иіліп,

Солға қарап иіліп,

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

4- тапсырма. Сызба бойынша айт.

Үлгі:Балалар бөлмесі.

Демалыс бөлме.

Жуынатын бөлме.

5-тапсырма. Сөйлем құрап үйрен,жаз.

1.Бөлме.

2.Таза бөлме.

3.Үлкен,таза бөлме.

Қосымша тапсырма.

Табыс септігінің жалғауына мысал келтіріп жаз.

Рефлексия

Мен бүгін не үйрендім?

Үйге тапсырма.

Ережені жаттау.

Бағалау