«Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: «Алдымен сүй, ардақта ата-анаңды».

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға ата-ананы құрметтеуге, сыйлауға, қамқор болуға шақыру.

2.Бала бойындағы жақсықасиеттерді арттыра түсу.

3.Сыйластыққа, қамқорлыққа, кішіпейілділікке баулу.

І. Отбасы бақытты-бала бақытты

1.     Ойға шабуыл.

2.     Сүйіспеншілік сипаты

3.     Қорытынды

Өсиет сөздер

1.     «Баланың жақсысы- қызық, жаманы-күйік»  (Абай)

2.     Ата-бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі.   (Пушкин)

3.     Кімде –кім ата-анасы  разы еткен болса, ол қандай жақсы.

4.     Алла тағала оның өмірін ұзартады. (мың бір хадистен)

Салынған талдың  суреті.

Мұғалім:

Баламның табанынына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін- деп әлпештеген перзентіңіз мейірімсіз, қатыгез, жаман бала болғанын кім тілейді дейсіз? Бірақ бүгінгі күні ата-анасын құрметтемейтін, перзенттік парызын орындамайтын өз бетімен жүретін балалар бар екені анық.

Осы тақырып  төңірегіндегі топтастырып, әрі қарай жалғастыру.

1. Отбасы бақыты ол...

Бақыт дегеніміз...

Борыш дегеніміз...

Келешектегі отбасымның бақыты үшін мен...

Бұл сұраққа жауапты кім білгісі келмейді? 

1. Сынып оқушыларымен қарым қатынасың қандай?

  1. Сыныптағы жақын достарың?

  2. Сыныптан тыс уақытта достарың кім?

  3. Сыныптағы тәртібің қандай деп ойлайсың?

  4. Үйдегі қылықтарың қандай?

  5. Мектеппен үйдегі тәртібің сәйкес келеме?

  6. Сені не қызықтырады?

  7. Бос уақытыңды қалай пайдаланасың?

  8. Достарыңның сенен жасыратын сырлары бар деп ойлайсыңба?

  9. Қиын жағдайда кіммен ақылдасаң?

  10. Жақын досыңның жан дүнесін түсіне білесің бе?

  11. Саған ортаның әсер, жолдастарыңның ықпалы әсер етеме?

  12. Сыныптастарыңды жан-жақты тани білесің бе?

  13. Отбасыңды ең бақытты отбасы деп есептейсің бе?

  14. Сені отбасыңдағы қандай мәселе мазалайды?

  15. Қатты қиналып, бойыңды қорқыныш билеп

«отбасымнан безіп кеткім келеді» деген ойлар мазалаған кездер болды ма?

  1. Өзіңді бақыттымын деп есептейсіңбе?

  2. Отбасың үшін сенің ұялған кездерің болды ма?

  3. Ата-анаң үшін сенің ұялған кезің болды ма?

  4. Өз отбасыңның қандай болғанын армандайсың?



2. Сүйіспеншілік сипаты.

«Отбасының бақыты үшін не керек?» деген сұраққа байланысты ойларыңызды көк жапыраққа жазып,  ал отбасын бұзатын жағдайлар туралы ойыңызды сары жапыраққа жазып, ілулі тұрған тақтадағы ағашқа жапсырамыз. Әрбір отбасы – өркен жайған ағаш діңгегі. Сары жапырақтар көп болса, отбасына қауіп –қатер, жайлай бастағаны. Ол мына өздеріміз жазғандай келіспеушілік, әкенің балаға, баланың анасына көңіл бөлмеуі.

Ал, көк   жапырақ көп болса онда сіздің отбасыңызда бақыттың орнағаны, сыйластық, адалдық, жүрек жылуы.

         Үлкендер бата бергенде көктеп көгер, ұрпақ жай деп  жатады.Бақыты үшін мына өздеріңіз жазған жақсы ойлардың барлығы керек.

         Қорытынды.

         Күнді қолмен бүркеуге болмайтындай барлық проблемалардан қашып құтылу мүмкін емес.

         Балаларымызды тек қана компьютермен қымбат киім алып берумен ақшамен қамтамасыз етумен шектелмей, олардың өміріне белсене араласып, проблемаларды бірге шешетін кез келді. Макаренканың «Біздің-балаларымыз біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие – бұл қарттық, нашар тәрбие—бұл біздің болашақтағы сорымыз. Бұл біздің көз жасымыз, басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз» - деп айтқандай, бақытты қарттық көргіміз келсе балаларды жақсылап тәрбиелейік.

         Қадірменді оқушы, ата-анаңа ақыл қосар ақылшысы екеніңді, көмекші екеніңді, ертеңгі үміті екеніңді ұмытпа.

         Әрбір отбасы үшін бақыт сол отбасын құрап отырған мүшелердің барлығына тікелей байланысты.



























































































































































Тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл».


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау.
Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелеу: Өзін - өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттар.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Кіріспе сөз.
Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.
Құрметті оқушылар «Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл» деген тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың жоспарымен таныстыра кетсек:
Жоспар (слайд)
I. Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
а) жұмбақ кейіпкер
б) жағдаяттар
II. Зиянды әдеттер (мұғалім)
III. Медбике кеңесі.
IV. Денсаулық - зор байлық.(сұрақ - жауап)
V. Сергіту сәті.
VI. Қорытынды.

Бұл бөлімдердің барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. «Дені саудың жаны сау», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім - кімге де ақиқат. Оқушылар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?

Оқушылар жауабы.
Мұғалім: шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, жұқпалы аурулар, бұзақылық.
«Арақ - арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан»демекші балалар бұл зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.
Оқушылар бізге бүгін жұмбақ бір кейіпкер хат жолдап отыр екен соңы оқып көрсек.
Өзімнен өзім сыр таптым,.
Өле алмай жүрген сырқатпын.
Шіріген картоп сияқты,
Бұрышында қалған бір қаптың.
Өзімнен өзім тістенем,
Істеген ісіме өкінем.
Ұмытайын десем қорқамын,
Көрмейтін сұмдық түс көрем.

Жұмбақ кейіпкердің хаты
Қымбатты оқушылар 14 - 15жасымда үлкен бір өкінішке тап болдым. Сол 8 - 9сыныптар мен үшін естен кетпес уақыттар. Кейбір жандар естен кетпес деп қуаныш пен шаттыққа толы кездерін айтса мен үшін естен кетпес деген сөз өмірімдегі ең ауыр сөз. Неге енді сол 14 - 15жасым ауыр кез екенін мен сіздерге әңгімелеп берейін. Менің жолымды қайталамасын деген ниетпен сіздермен сыр бөліскелі отырмын.
Мен бастауыш сыныптан бастап алғырлығымен өнерлілігім, ұшқыр білімнің арқасында көзге түстім. Сол 6 жасымнан бастап 14 жасқа дейін білімді алғыр болып өскен оқушы 8 сыныптан бастап мүлдем басқа адамға айналды. Күрт былай өзгеруіме себеп болған жағдай алғашқы махаббат. Мен сыныпқа жаңадан келген бір қызға ғашық болдым, ол қыз менің сезіміме жауап қайырмаған соң мен өмірден түңіліп, жаман жолға түсіп кеттім.
Көшедегі жаман балалармен темекі тартуды да үйреніп, кейін сабақтарға да мән беруді қойдым. Сөйтіп жүріп 8 сыныптың 1 тоқсанында қалай күнделігім 2 мен 3ке толып шыққаның білмей де қалдым.
Кейін оқуға қолымды бір сілтеп, сабаққа баруымды да қойдым. Әрине, бұл менің әке - шешеме де ауыр тиді, қанша маған сөйлеп те, ұрып та тәрбиелемекші болса да мен құлақ аспай өз білгенімді істедім.
Мектепте ұстаздар, үйде әке - шеше сөзін естімеу үшін мен үйге қонуды да қойдым. Одан арғы өмірім өзім үшін қызық болып көрінді. Подвалда түнеп, ұрлық жасап, төбелесте алдыма жан салмай, ішкенім арақ, шеккенім темекі болып, нашақорлық пен жұқпалы ауруға қалай тап болғанымды білмей де қалдым.

Солай өмір зымырап өте берді. Ал мен осы өмірдің ағысына төтеп бере алмай темір тордың ар жағынан қалай шыққанымды білмей де қалдым. Темір тордың аржағында ғана есімді жиып өкініштен өзегім өртеніп басымды тауға да, тасқа да ұрып қалай осы күйге жеттім деп шарқ ұрдым.
6 ай темір торда отырып шығып, жаңа өмір бастауға бел будым. «Бүгінгінің баласы ертеңгінің данасы» дегендей балалар «қамшының сабындай қысқа өмірді» бостан босқа өткізбейік, достар! Қандай жағдай болмасын адам баласы мойымай әрқашан қиындыққа төтеп беру қажет. Оқушылар жарқын болашаққа сеніммен қарап нық қадам басуымыз қажет. Ашуды ақылға жеңдіріп мен секілді қателікке бой алдырмай аулақ болыңыздар.


Оқушыларға берілетін сұрақтар:
1. Оқушылар жұмбақ кейіпкердің әрекеті дұрыс па?
2. Сіз жұмбақ кейіпкердің орнында болсаң не істер едің?
Келесі бөліміміз жағдаяттар(слайд)

1 жағдаят:
Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің. Сен бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсың.
Осы жағдайда сен не істер едің, қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен бөліс.

2 жағдаят:
Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз.
Бұл жағдайдағы сіздің іс - әрекетіңіз қандай?

3 жағдаят:

Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір – екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің?
4 жағдаят: Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда темекі шегіп отырған бір баланы көрдің. Сен не істер едің?

5 жағдаят: Саған 11 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?

II. Зиянды әдеттер (мұғалім)
Слайд пен плакаттар арқылы оқушыларға мағлұматтар беру.

III. Медбике кеңесі. (оқушылар сұрақ қояды)
- Қазіргі кока-кола, чипсы дегендердің құрамында бізге зиян қандай нәрселер бар?

IV. «Денсаулық – зор байлық» сұрақ жауап кезеңі.


1 – топқа:
1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?
Денсаулық дегеніміз - адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты.
Денсаулық салауатты өмір салты туралы ғылым.
2. Денсаулықтың достарына, қастарына нелерді жатқызамыз?
3. Өздерін қандай спорт түрлерін жақсы көресіңдер?

2 - топқа:
1. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?
Жеке бас гигиенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.
2. Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі. Өмір сүру үшін тамақтанамыз.
3. Қазақстанның туын көкке көтеріп, намысымызды асқақтатып жүрген қандай спортшыларды білесіңдер?

3 - топқа:
1. Денсаулыққа не зиян?(Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигиенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу )
2. Сезім мүшелеріне не жатады? Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері.
4. Кандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

V. Сергіту сәті.
Би – қозғалыс. Қозғалыс – денсаулық. Денсаулық – зор байлық. (Би «Чемпиондар әні»)

VI. Қорытынды:
Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.













































Тақырыбы: Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл.
Мақсаты:
Білімділік: Салауатты өмір салтын сақтау, денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін оқушыларға ұғындыру.
Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру
Тәрбиелік: Өзін - өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.

Әдісі: ойын, жұмбақ шешу, мақал-мәтел айту, сұрақ-жауап, плакаттар.

Көрнекілігі: Суреттер, муляждар, нақыл сөздер, буклет

Барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе бөлім.

Тәрбиеші:

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030»стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында, Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ақуалы жақсы болуы тиіс,-деп атап көрсеткен болатын.
Сол бағдарламаға орай бүгінгі « Мұрагер » тобы оқушыларының арасында өткізілгелі отырған «Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл» атты сабағымызға қош келдіңіздер!

Тәрбие сағатымыздың мақсаты: Денсаулықтың негізі- қимыл, спортпен шұғылданып, дұрыс ұтымды тамақтанып өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеп, ойын арқылы да салауатты өмір салтын сақтауға болатындығын ұғындыру.

Бүгінгі тәрбие сағатында оқушыларды екі топқа бөліп ,ойндарды жарыс түрінде өткізгелі тұрмыз.

Сайысымыз 7 бөлімнен тұрады:

1. Әр топтың өздерін таныстыруы,

2. « Білегіңе сенбе, біліміңе сен » Ой ашу: блиц-турнир сұрағы

3. Ойын : « Бас қатырғыш »

4. Өмір театр. Көрініс

5. Ойын: Қапшықта не бар?

6. Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар. « Оқтау тартыс »

7. Ойын: « Кім жылдам ,» Апельсин жеуден жарыс.

Олай болса әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

Әділ қазылар алқаларының алдарында 3 түсті смайликтер қойылған, сары, жасыл және көк ең жоғары ұпай саны 7сары түс; 5 жасыл түс; 3 көк түс.

Қай топтың қоржынында сары түсті смайлик көп сол, со топ жеңіске жеткен болып саналады.

Олай болса,егеменді еліміздің тұтқасы болар,болашақ сол жас ұрпақты қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық:


Сайыскерлерді таныстыру:

І . Денсаулық тобы

ІІ. Салауат тобы:



ІІІ. Сайыскерлер тобымен, ұранымен таныстырады.

ІV. « Білегіңе сенбе, біліміңе сен » Ой ашу: блиц-турнир сұрағы.

Оқушылар қолдарын көтеріп жауап беру керек

1.Тіс тазартатын құралдар (щетка, паста)
2. Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын)
3. Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбие)
4. Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы)
5 Адам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
6) тазалық кепілі (денсаулық)

Ойын : « Бас қатырғыш »

Ойынның шарты: көкөністер мен жемістердің суреттері қиынды түрінде берілген, сол қиындыларды жылдам, дұрыс орналастыру керек.

Өмір театр: Көрініс

V. Сергіту сәті: Би-қозғалыс, қозғалыс-денсаулық, денсаулық-зор байлық.

VI. « Қапшықта не бар?» ойыны.

Ойынның шарты: ойыншылардың көздері байлаулы болады, кезекпен келіп, қапшықтың ішіндегі заттардан біреуін таңдап алады да сипап сезу арқылы заттың атын айту керек және алған заты адам денсаулығына пайдалы ма, әлде зиян ба соны ажыратып айтуы тиіс.

Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар.

Ойын: « Оқтау тартыс »

Әр топтан екі-екіден ойыншылар шығып, оқтау тартысып ойнайды.

Ойын: « Кім жылдам »

Ойын: « Мені жалғастыр»

ойын « Мені жалғастыр» деп аталады , бұл ойында оқушылардың денсаулық туралы мақал мәтелді қаншалықты жақсы білетіндігін анықтау. Денсаулық тобына:

1. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде

2. Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.

3. Күлкі денсаулық мүлкі

4. Ішің ауырса.аузыңды тый

Көзің ауырса, қолыңды тый

Салауат тобына :

1. Дені саудың, жаны сау.

2. Тазалық-саулық негізі,
Саулық-байлық негізі.

3. Демі бардың-емі бар.

4. Басы аманның малы түгел.

VII. Қорытынды: Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші, сайысымызда өз мәресіне келіп жетті.

Осымен сайысымызды аяқтаймыз, әділ қазылар алқасына сөз беру, оқушыларды марапаттап сертефикаттарын табыстау.

Тақырыбы: Дені саудың - жаны сау.
Мақсаты: 1. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбат, өмір сүру үшін маңызы жоғары байлық екенін ұғындырып, салауатты өмір салтын насихаттау.
2. Шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
3. Ұқыпты, таза. салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, кубиктер, спортшылар суреттері
Түрі: топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Шаттық шеңберінде тұрып сәлемдесу.
«Қайырлы күн, достар!, Қайырлы күн қонақтар!, Қайырлы күн Бәріңе!»
ІІ. Кіріспе: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, мектеп оқушылар! Бүгінгі 3 - сынып оқушыларының «Дені саудың жаны сау» тақырыбындағы сынып сағатына қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту.
Шығыстың әйгілі данышпаны Әл - Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.
Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ? Адамның басты байлығы денсаулық. Денсаулық дегеніміз адам ағзасының қалыпты дұрыс жұмыс істеуі. Денсаулық адамға табиғат сыйлаған басты құндылық. Денсаулықты нығайтудың негізгі тәсілдерінің бірі - салауатты өмір салтын сақтау болып табылады. Сонымен, бүгінгі «Дені саудың - жаны сау» тақырыбындағы сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
- Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып сәлемдеседі.
«Қайырлы күн ДОСТАР!, Қайырлы күн ҚОНАҚТАР!, Қайырлы күн БӘРІҢЕ!

1. Жүргізуші:
- Қайырлы күн балалар, Қайырлы күн құрметті қонақтар!

2. Кубиктерден сурет құрастырып көрейікші.
- Қандай суреттер шықты?
- С. Сәпиев
- С. Сәпиев кім?
- С. Сәпиев - боксшы, халықаралық спорт шебері.
Екі дүркін Олимпиада чемпионы (Бейжің - 2008, Лондон - 2012).
- екінші суретте кім?
- Илья Илин.
- Илья Илин кім?
- Илья Илин - зілтемірші, ауыр атлет.
Әлемнің үш дүркін чемпионы (Бейжің - 2008, Сидней, Лондон - 2012). Ауыр атлетика саласында ең жас Олимпиада чемпионы
- С. Сәпиевтің суретін құрастырған оқушылар - «Денсаулық» тобы болып, Илья Илиннің суретін құрастырған оқушылар «Салауат» тобы болып екі қатарға жайғасыңдар!

ІІІ. Негізгі бөлім.
«Бірінші байлық – денсаулық» деп Халқымыз айтқандай, қазіргі заманда ең бірінші алға қойған мақсат, міндеттердің бірі адамның хал - ахуалы мен «Қазақстан - 2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денінің саулығы, салауатты өмір сүре білуге дағдылануы болып табылады. Бүгінгі күнде Салауатты өмір салтын қалыптастыру әрбір адамның міндеті болып саналады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру жайлы назарларыңызға:
3. Слайдпен таныстыру.
4. Сабақтың жоспармен таныстыру:

1. Әр топ өз атын қорғайды.(Денсаулық - зор байлық),(Салауатты өмір – денсаулық кепілі).
2. Мақал - мәтелдер айтады.
3. Жұмбақтар шешеді.
4. «Кім тапқыр» бөлімі. Суретпен жұмыс.( Атақты споршылар суреттері)
5. Салауаттылыққа байланысты көрініс ұйымдастыру.(Оқушылар шығармашылығына)
5. Ситуациялық сұрақтар.
6. Салауаттылыққа, Дене шынықтыруға байланысты өлең - тақпақтар орындайды..

ІҮ. Бекіту
Уа халқым назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық зор байлық деген сөзді,
Орынды айтқан ұлы Абай данамызда

Қарсы ал ерте күн көзін, Жасамай бос жорамал,
Төсегіңді жина өзің. Білмесіңді сұрап ал,
Киме теріс киімді, Мақсат қоймай алдыңа
Теппе киім - бұйымды. Қыдырып құр қаңғыма.
Шығармағай есіңнен
Асықпай іш тамақты, Қашпа қоғам ісінен.
Жалама аяқ - табақты. Әрқашанда тілектес
Пышақты ұста оң қолмен, Ата - анаңа көмектес
Шанышқыны ұста сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын,
Салдыр - салақ болмағын.

Салма ауызға инені,
Үзбе, жұлқып түймені.
Жасама жат қылықты -
Былғама су, құдықты.
Аяқ - қолың болмай кір,
Тырнағыңды алып жүр.
Әдет қыл бұл ісіңді -
Тазалап жүр тісіңді.
Деме терді
Әдептілік – әдемі!

Бетті, қолды сабындап,
Жиі жуу пайдалы - ақ.
Тұра алмайды дамылдап,
Микробтар тайғанап.
Нан ұстасаң, қол жумай
Нанға жұғып, ішке еніп.
Микробтар көңілі жай
Отырады түстеніп
Микроб жақсы көреді
Кәмпит - сәмпит шайнасаң
Жылдам өсіп - өнеді
Ауызыңды шаймасаң

Тік ұстап денеңді,
Сапқа тұр сен енді
Жанға сеп шынығу
Жаттығу тынығу
Сымбатты болу да
өзіңнің қолыңда.

Шынықсаң шымыр боласың
Сауығып, айдай толасың
Спортты серік ете біл.
Салауатты сен боласың
Шымыр болу оңай ма?
Арман болған талайға

Жас жеткіншек! өзіңе
Айта кету борышым
Ауырсаң ауыр кеселмен
Дәрігер бермес қол ұшын
Ауырып ем іздегенше
Ауырмайтын жол ізде

Денсаулық ол шыныққан барлық денең мүшесі
Денсаулық ол тыныққан, жүйке тамыр жүйесі
Денсаулық ол – күлуің, көңіл - күйің жадырай
Денсаулық ол жүруің, ешбір жерің ауырмай.

Сымбат мүсін дегенің
Бітім көркі дүниенің
Сымбат жүру әдемі
Дене қалпын тік ұстап
Көтеріп сәл кеудені
Иық жазып дұрыстап
Түзу отыр қисаймай
Бүкіреймей жантаймай
Күш сап баспен арқаға
Жатып алмай партаға

Аяқ - қол - көмекші
Күт оны ерекше
Қол жиі ластанар
Сондықтан істің әр
Соңында қолды жу
Жояды кірді су
Аяқ – қолды кірлетпе
Тырнақты алып жүр

- Сонымен балалар, салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіңдер?
А) спортпен айналысып, үнемі сергек жүру.
Ә) Денсаулығы мықты болу.
Б) Дұрыс тамақтану.
В) Күн тәртібін нақты құра білу.

Ү. Қорытынды.
Міне құрметті қонақтар, сіздермен 3 - сынып оқушылары - Салауатты өмір салты жайында өздерінің білгендерімен, ойға түйгендерімен бөлісті.
- Адам денсаулығы қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының қожасы. Салауатты өмір салтын сақтай отырып, тамаша денсаулықпен - тамаша өмір сүру өз қолыңызда!
Сондықтан бүгінгі ашық сабағымызды Сара Алпысқызының мынандай сөзімен аяқтағым келеді: «Дені сау сәби – әр отбасының қуанышы бақыты. Ал, денсаулығы мықты сәби халқының болашағы, Отанының сенімді тірегі».
Халқымыздың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі болар өскелең ұрпағымыз - жаны таза, дені сау, сергек болып өссін!
Бүгінгі жеткіншектеріміз - Ертең Көк туымызды көгімізде желбіретер мықты азаматтар болып өссін!
Барлығы хормен: Дені саудың - жаны сау!

[link]





Тақырыбы:                     Асыл қазынаға тұнған жер

                        (Берекелі Бейнеудің 40 жылдығына арналады)

Мақсаты: 

Оқушыларды туған жері  Бейнеудің географиялық орнымен,тарихымен таныстыру.

Шығармашылық  зерттеу жұмыстарына баулу, тіл байлықтарын дамыту.

Туған  жерін мақтан тұтуға, өз жерінің, өз ұлтының  иесі болуы үшін патриоттық  сезімге  тәрбиелеу.

  •   слайд, буклеттер, сурет көрмесі, кітап бұрышы, талапқа сай безендірілген сахна.

  •    көрсету, әңгімелеу, ой қозғау, топпен жұмыс, ізденіс жұмысы

  •  

І     Жер кіндігі атанған өлке

ІІ    Ақыл-парасат

ІІІ  «Сыр-сұхбат» бөлімі

ІV    Жыр шашу

V   Сурет көрмесі

VІ  Музыкалық  бөлім

      VІІ   Қорытынды

 

Мұғалім: «Қазақ деген мал баққан елміз,

                 Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз,

                 Жерімізді жау баспасын деп,

                 Елімізден құт – береке қашпасын деп,

                 Найзаға үкі таққан елміз,- деген екен рухы мәңгі өлмейтін Қазыбек би.

Біздің Отанымыз –Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан дегенде көз алдымызға кең байтақ дала, шексіз жазира дала елестейді.Яғни дала бейнесі көз алдыңа келеді. Бұл кең дала  - қазаққа қымбат дала.

                 Жүрегім, жырым сенікі,

                 Кеңісті далам, кең далам.

                 Тудым, өстім есейдім...

                 Ен далам – анам, мен балаң!-демекші,  бұл өлең  шумақтары не туралы айтылған?

 

  • Туған жер

  • Әрине, олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыз  туған жеріміз Берекелі Бейнеуге арналады. Биыл  ауданымызға 40 жыл толатынын естеріңе салып кетейін және де  қонақтарымызбен таныстырып өтейін.

  •  -Домбаяқов  Ахметжан  Хадисұлы- мұражай қызметкері 

-Айнахан  Есет - жергілікті ақын, Маңғыстау газетінің редакторы

 

                        І   «Жер кіндігі аталған өлке» бөлімі

                                          Ой қозғау

Мұғалім:

- Балалар,   «Ауыл»,  «Алтын бесік», «Туған жер»  дегенді қалай түсінесіңдер?  Ауыл кімдердің мекені?  Осы ой төңірегінде сөз қозғасақ..

(Оқушы ойлары тыңдалады)

Ия ,дұрыс айтасыңдар!

          Не замандар өтсе-дағы бұлағай,

          Көк түріктің туы қалды құламай.

          Маңғыстауым-тұнып тұрған тарихым,

          Ашық аспан астындағы мұражай,-деп ақындар жырлағандай  кең-байтақ қазақ  даласында осы бір қасиетті өлкенің орны ерекше.

    Тарихының  тамыры  тереңге  тартқан  Маңғыстау жерінің қасиет тұнған топырағы талайларды тамсандырып келеді. Табиғаты таңғажайып, тау-тасы түртіп қалсаң сөйлеп кеткелі тұрған шежірелі өлке. Ендеше тәрбие сағатымыздың бірінші бөлімі «Жер кіндігі атанған өлке» бөлімінде Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданының  тарихымен  танысамыз.

 

     - Бейнеу Адайға сегізінші ұрпақ болып келеді. Бейнеу атамыз Бекет ата Мырзағұлұлымен тұстас өмір сүрген. Екеуінің арасында көп жас айырмашылық жоқ. Үлкендердің айтуы бойынша   1830 жылдары қайтыс болған Атақозы батырдың қасына жерленген. Бейнеу атамыз Қыдыр көрген, қасиеті мол, халқына қайыры тиген әруақты адам болған дейді. Отырған жері Ескі Бейнеу. Бес құдығы болыпты. Көшпелі ел жаз жайлауға кеткенде, қыстық жиһаздарын Бейнеу атамызға қалдырып кетіп отырған. Ел "Бейнеуде қалды", "Бейнеуден аламыз" дейді екен. Міне содан бері жеріміздің Бейнеу атауын Бейнеу Намазұлының есімімен байланыстырады.

Тарихы тұнған шежіре мекен -Бейнеуім,

Атадан қалған мұра деп басым иемін.

Тау –тасың сырға тұнып бір жатқан сиқырлы,

Сені жырласам шабыт пен шалқып кетемін.

 

Қойныңда жатыр не бір ақын мен асылдар

Біздерге мұра боп, әрқашан жебеп жатыңдар.

Сан жылдар өтіп халқын да сенің көбейді.

Жасырған әлі қандай сырлар бар айтыңдар.

 

Атам Бейнеуден басталған сенің тарихың,

Сол күнен бүгін 40жыл өтті танығын.

Киелі мекен кішкене ауыл бүгін де

Аудан боп дамып, көбейді бүгін халқың.

 

Ендеше туған жеріміз туралы қысқаша мәліметті тыңдайық.

 

                          Бейнеу ауданының жалпы мәліметі

Бекзат :

  Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында орналасқан аудан. Бейнеу ауданының іргетасы 1963 жылы теміржолдың салынуына байланысты қалана бастаған. 1973  жылдан бері  аудан орталығы. Елдің мекеннің аты осы өңірде мекендеп, бес құдығы болған орта ауқатты Намазұлы Бейнеу (1760-1830) деген кiсiнiң атына байланысты аталған. Әкесі Намаз – Адайдағы Атақозы батырдың iнiсi. Бейнеу ауданында  теміржол және автомобиль жол қатынастары, сондай-ақ  телекомуникация жүйесі мен байланыс торабы біркелкі дамыған.

                                                           Халқы

Дана :

        Село халқы табиғи өсім мен көшіп келушілердің есебінен  6 пайызға өсті. Бұл аудан халқының  70 пайызын құрайды. Селоға көрші шетелдерден   бірнеше  отбасы  көшіп  келді. Оларға  әлеуметтік  көмек көрсетілді. Селода  2028  зейнеткер  бар,  оның  бесеуі  Ұлы  Отан  соғысының ардагерлері. Ауған  соғысының  ардагерлері  38  адам.

                                                        Өнеркәсіп

Ерлан :

   Селода  бірден-бір  өндіріс  орындары  болып  саналатын  ұлу  тас  карьерлерінің  2002 жылы 1, 2003 жылы 2  ұлу тас өндіру карьерлері  жаңадан ашылып, олардың саны 29-ға  жетті.   

 Селода іркіліссіз теміржол, мұнай, газ тасымалдау мекемелері  жұмыс жасап келеді.

                                             Шағын және орта бизнес

Мағжан:

   Село бойынша шағын және орта бизнеспен 706 адам айналысуда.  Село халқын азық-түлікпен және күнделікті ұсақ-түйекпен, үй жиһаздарымен, құрылыс жабдықтармен, автобөлшектермен қамтамасыз ететін 43 дүкен бар. 2009 жылы тәулігіне  5  тонна  сүт  өнімдерін  шығаратын  «Бейнеу  сүт  зауыты»  ашылды. Аудан  тұрғындарының  сүт  өнімдеріне  деген  сұранысының  76%-ін  қанағаттандыратын  бұл зауыт жақын уақытта іске қосылып, өнім шығаруға кіріскелі тұр.

 

Мәдина :

«Бейнеу  сервистік  дайындау  орталығының»  тәуліктік  қуаттылығы  2  тонна  ет  дайындайтын  мал  сою  пункті  іске  қосылып,  өнімін  сататын  дүкені  жұмыс  істей  бастады.  Аудан  халқының  жартысын  етпен  қамти  алатын  бұл  кәсіпорында  қазір  24  адам  жұмыс  істейді.

 

Фарида:

Аудандық  әкімдіктің  «Бейнеубизнессервис»  кәсіпорны  жылына  85  тонна  өнім  беретін  5  жылыжай  алды.  Аудан  халқының  көкөніске  деген  қажеттілігінің  13%-ін  өтейтін  бұл  жылыжай  іске  қосылғалы  6,1  тонна  өнім  шығарды. Қуаттылығы  90  мың  тонна  ұн  мен  30  мың  тонна  жем  шығаратын  цехы  бар  «Бейнеу  астық  терминалы»   жұмыс жасап тұр. Нәтижесінде   аудан  аймағында  ұнның  бағасы  тұрақтандыруға  мүмкіндік  туды.

 

                                      Коммуналдық шаруашылық

Қаламқас:

  Бейнеу селосында коммуналдық қызмет атқаратын «Бейнеусусервис»,  «Бейнеуэнергосервис», «КазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалы, «Теміржолсу-Маңғыстау»  ЖШС–гі, аудандық электр жүйесі мекемелері сумен, газбен, электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырса, тазалық жұмыстарымен «Бейнеу мехтранссервис» ЖШС, «Қаратау», «Болат жол» ПИК мекемелері айналысады.

 

                                                         Мәдениет

Шаттық :

  Селода   1  кітапхана,  1  телестанция  орталығы, 1мәдениет үйі,  1  пошта,  2  байланыс  үйі, 2 ұялы телефон станциясы  жұмыс  жасайды. Тұрғындар  теледидардан  Хабар,  Евразия,  Қазақстан-1  және  Еларна  каналдарын  көріп  тамашалайды.  2011 жылдан бастап отандық «Отау ТВ» ақылы каналы қосылды.

                                                           Білім беру

Жалид :

     Бейнеу селосында 10 орта мектеп, өнер және спорт мектептері, гимназия, лицей, политехникалық  және  гуманитарлық  колледж, балабақшалар бар.Биыл өзіміз білім алып жатқан  Бейнеу гимназиясына 15 жыл болады. Осы уақытқа дейін  алған жетістіктері ауыз толтырып айтарлықтай жетерлік.Ауданымыздың одан қала берді облысымыздың намысын қорғап  талай додаларда  алдыңғы қатардан көрініп келеді.

                                             Денсаулық  сақтау

Сандуғаш :

        Село тұрғындарына медициналық көмек көрсетумен аудандық орталық аурухана, туберкулез ауруханасы мен аудандық емхана және оның бөлімшелері қызмет көрсетеді. Бейнеу селосында 2012 жылы  туберкулез  ауруханасы мен  перзентхана пайдалануға берілді.

 

 

                                   ІІ  «Ақыл-парасат»  бөлімі

                 (оқушылардың  білімі мен біліктілігін  байқау)

«Кім тапқыр?» ойыны

Ойынның шарты: Орналасу ретіне қарай сұрақтар беріледі.Сұрақтарға жауап беріп, Бейнеу ауданындағы  киелі  орындар  мен  қасиетті жерлерді табу.(барлық  сұрақтарға  дұрыс  жауап  берілсе  Бейнеудің ақын –жазушыларының суреті   шығады.)

10. Бейнеудегі қандай тарихи ескерткіштерді білесіңдер?

10. Туған жеріңде өсетін қандай өсімдіктерді білесің?

(Бейнеудің өсімдіктер дүниесі жайылымдылық шөбінің өнімділігі ерте  кезден зеттелген. Үстіртте сексеуіл, жыңғыл, баялыш, қоранғыл, жантақ, адыраспан өседі.)

10. Үй жануарларынан төрт түліктің қай түрі өсіріледі?

20. Жабайы жануарлардың қай түрі кездеседі?

20. Бұл қандай киелі орын? (Бекет ата мешіті)

(Мұнда сәулет өнерінің небір сұлулығы мен сымбаты самсап тұр. Аспан астындағы алып мұражай. Он екі ата Байұлының бір тармағы Адай тайпасының Пірі -Бекет Атаның өз қолымен тұрғызған жер асты мешіті . Бейнеу өңірінің қадір қасиетінің артып, киелі мекенге айналуы да осы мешіттің арқасы)

20. Бейнеу ауданының әкімі кім?

(Биыл  2013 жылы  Бейнеу  өз алдыны дербес аудан болғанына 40 жыл толады. Осы уақыт ішінде Бейнеу ауданы көптеген жетістіктерге жетті. Қазіргі таңда мұнай мен газ өнімдері дамыды. Бейнеу Астық терминалы іске қосылды бірнеше құрылыс материалдары өндіретін карьерлер қарқынды жұмыс жасап жатыр. Бейнеу -Жезқазған темір жолыда өз жұмысын бастады. Халықтың әлуметтік жағдайы жақсарып келеді. Бұл игі істердің бастамасында ауыл азаматтары мен ауданымыздың әкімі Басшы Айжанақұлының  еңбегі мол. )

30. Бейнеу гимназиясы қашан құрылды?

30. Гимназия директорының аты-жөнін білесің бе?

30. Бейнеуде туып-өскен ақын,жазушы,мәдениет қайраткерлерін білесің бе?

 

Мұғалім:  Бейнеу мекенінде туып өскен тұлғалар  Әли Балта палуан,  Жылкелді, Тұрсын, Досат, Әділ, Шолтаман , Қайыптардың ізін басқан Қаржаубай Жылқыбайұлы, Уәйіс Қайралапов  ағаларымызбен мақтана  аламыз.

 

                                   ІІІ  «Сыр-сұхбат» бөлімі

Мұғалім:

-Домбаяқов Ахметжан Хадисұлы  Қазақстанның бүкіл тарихи-мәдени, сәулет ескерткіштерінің тең жартысынан астамын иеленетін бұл өңірде көшпенділердің көне мәдениетінің қайталанбас ғажайып із-өрнектері сайрап жатыр.Осы құтты, қасиетті туған жеріміз туралы оқушыларға әңгімелеп берсеңіз. (Мұражай қызметкеріне сұрақ қою)

-Айнахан Есетқызы, тоғыз жолдың торабы атанған Бейнеу жері тума таланттардың тұрақты мекеніне айналған. «Ел іші-өнер кеніші» дегендей Сам құмында,Сыңғырлау мен Үстіртте талай-талай арынды ақындар мен дарынды күйшілер өткен.Осы туралы айтып беріңізші.(ақын,журналист Айнахан апайға сұрақ қою)

 

                            ІV     Мен ... атындағы көшеде тұрамын.

Тапсырма. Оқушыларға  өздері  тұратын көше кімнің атында екенін, сол тұлға жайлы мәлімет жинап, дайындалып келу болған.

 

                                       V      Жыр шашу

 Әр топ оқушылары «Берекелі  Бейнеу» тақырыбына өлең шығарады. Болмаса белгілі ақындардың  Бейнеу туралы өлеңдерін оқиды.

 

                                            VІ  Сурет көрмесі

Тапсырма. «Кешегі, бүгінгі  және  ертеңгі  Бейнеу» тақырыбына  суреттерден  үш топ  оқушыларына  коллаж жасау, оны қорғау

 

                                       VІІ  Музыкалық  бөлім

       «Жастар биі» күйі   орындайтын  Умашев Ерлан

«Жаса Қазақстан»          орындайтын  Тұралина Алтынай

«Қазақ биі»   қыздар тобы

 

Алтынай

Еліңді сүй! Еліңді сүй! Сөзім шын,

Ел дегенде ет-бауырың езілсін.

Ел дегенде көкірегің сөгіліп,

Ел дегенде қамыңды ойла өзіңнің.

Ел дегенде асау жүрек ұрғылап

Шыбын жаның тұрсын сенің шырқырап!

 

Нұрболат

Туған Отан-абыз Атаң тұғырың,

Ғазиз Анаң сарқылмайтын шым бұлақ,

Еліңді сүй, сүй еліңді есті ұлан,

Қия көкке бастайсың сен жас қыран.

 

  •  

Әр таңың арайланып атады екен,

Батқан күн бағын тілеп жатады екен.

Бейнеуім береке мен ырыс қонған

Әрқашан әнім болған  Атамекен

 

Ән : «Бейнеу бағым»  орындайтын «Арай» ансамблінің жетекшісі, әнші ,құрметті ата-ана  Бакотбаев Тұралы

 

 

 

                                         VІІІ   Қорытынды

 Тәрбие сағатымыздың қорытынды сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі                          

Бекібай Марал апайға беріледі.

Мұғалім:

Тәуелсіз елім, тәуелсіз болсын жерім де,

Жарқырап көзін ай, жұлдыз күлсін көгіңде.

Ысырап емес, береке дарып Бейнеуге,

Төрт түлік малың жайылып жүрсін төріңде.

 

     Киелі Маңғыстау жері туралы сыр шертетін болсақ бұған бір 35 минут түгіл 1 күнде аздық етер деп ойлаймын. Абыл, Нұрым, Сүгірлерден бастау алатын жыраулар мен 362 әулиемен жалғасын табатын киелі мекенді жырлауға 10 күнде жетпейді. Сөзімнің  соңын: Қысылғанға дем, жабыққанға жар болған қасиетті Бекет ата рухы кім-кімді де қолдап, есін жиып, ел болу жолында келелі қаракеттерге қадам басқан отандастарын оң іске бағыттай берсін! Аллатағаланың назары түзу болып, Мәдинада-Мұхаммед, Түркістанда-Қожа Ахмет, Оғыландыда-Пір Бекет, Маңғыстаудың ойында-360 әулие, Отпан тауда Адай-Ата желеп жебегей! Туған  жеріміздің  40 жылдық мерейтойы құтты болсын!