ж Коучингтi өткiзу сабақ жоспары №2
Мырзағали Нұргүл Мырзағалиқызы
Мұғалiмге арналған нұсқаулық 104-109 бет
Күтiлетiн нәтиже
Бағалаудың түрлi тәсiлдерiн анықтау. Критериалды бағалаудың маңыздылығын меңгеру. Әр мұғалiм критериалды бағалау арқылы әділ бағалау жүретінін және оқушы өзін критерилер арқылы бағалау арқылы өз деңгейін білетінін және өзіне әрі қарай қалай жұмыс жасау керектігін түсiнетініне көз жеткізеді.
Ресурстар
Маркерлер, түрлi қағаз, түрлi-түстi стикерлер, мәтіндер,критериалды бағалау кестелері.Түстi магниттер, ноутбук, интертақта, видеороликтер
Оқыту әдiстерi
АКТ
СТО
Оқыту мен оқудағы жаңа әдiстер
1.Диалог
2.Топтық жұмыс
3. Жұптық жұмыс
4. Жеке жұмыс
5.Ойлан-жұптас-бөлiс
6.Миға шабуыл
7.Формативтi бағалау(өзiн-өзi бағалау, өзара бағалау, топты бағалау.)
8. Сергiту сәтi
9. Топқа бөлу әдiсi
10. Керi байланыс
1. Ұйымдастыру. 5 мин
«Мен осы ұжымда болғаныма қуанамын..!» жаттығуы арқылы әрқайсысынан жақсы қасиеттерiн айту сұралады.
Мұғалiмдер ұжымның жақсы қасиеттерiн айтады.
2.Топқа бөлу 2
Кесілген парақтарды құрастыру арқылы топқа бөлу
Мұғалiмдер 2 топқа бөлiнiп отырады.
3.Ой шақыру 10
«Миға шабуыл» Бақылау оқытуда не үшін қажет?
Оқушыларды қалай бағалап жүрсiз?
Видеодан сабақты бақылап, көргендерін айтады,бақылау бағалауда не үшін қажеттігі туралы мұғалiмдер өз ойларын айтады
4. Топтық жұмыс
15 мин
Лондондағы қазақ жеңісі туралы мәтiн ,бағалау критерилерінің кестесі берiледi.
Мәтiндi оқи отырып, критерилер бойынша талдайды, ұпайларын есептеп бағалау шкаласына қарап өздерін бағалайды
Теориялық материал
«Оқу үшiн бағалау мен оқуды бағалау» ,критериалды бағалау туралы мағлұмат беру.Бағалаудың айырмашылықтарын анықтау. (Презентация арқылы түсiндiру)
Мұғалiмдер тыңдайды, тиiмдi әдiстердi жазып алады.Постерге салып қорғайды
Сергiту сәтi 3 мин
«Тыныштық сәті»
Коуч оқыған мәтін бойынша орманға қиялман серуендейді,алдында кездескен нәрселерді алу-алмау,көру-көрмеу өз еркінде.Соңынан таңдаған нәрселеріне байланысты мінез-құлықтарына сипатама оқылады.
Талдау 10
АКТ-ны пайдаланып, Б.Тілеухановтың жасаған зерттеуін жасап көру, бейнеролигiн көрсету. Кейiпкерлердiң iс-әрекетiне қоғамның берген бағасы арқылы мұғалiмдерге ой тастау.
Бейнероликтегi кейiп-керлердiң iс-әрекетiн талқылайды.
«кір киім»мысалын бейне роликтен көрсету, талқыға салу
Көргендері бойынша өз пікірлерін білдіреді
Рефлексия 5
Бағалау парағы кестесi үлестiрiледi, керi байланыс жасалады
Әрқайсысы пiкiрлерiн бiлдiредi.