Сын есім 3 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты: сын есім туралы түсініктерін бекіту, еске түсіру; сын есімдерді мағынасына қарай топтай білуді үйрету.

Сабақта қолданылатын әдістер: «Топтастыру», «Кубизм», «Бес жолды өлең» стратегиялары.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту.

Оқушылар топқа бөлініп отырады. Әр топтың ортасына бір зат қойылады. Сол затқа жан-жақты сипаттама беру тапсырылады. Алдымен топ мүшелері өздері жеке жазып, соын ортақ бір тізім жасайды.

Осы тізім төмендегідей үлгіде топтастырылады. Осылай талдау арқылы сын есім туралы алған білімі қойылатын сұрақтарды еске түсіреді, мысал келтіреді. «Сын» деген сөздің мағынасын қалай түсінетіндері анықталады. Сын есімдердің көркем шығармаларды, поэзияны, әдеби тілді жандандырудағы маңызы туралы ойларын сұрау.

Мағынаны тану кезеңі

Оқулықтағы 1-2-жаттығудағы сын есімдерді тауып, оларға сұрақ қояды.

3-4-жаттығуда да осындай тапсырмалар орындалады.

Жаттығуларды орындап болғаннан кейін, білімін қорытындылау мақсатында «Кубизм» стратегиясы қолданылады.

Сын есімдердің кез келген затпен тіркесе бермейтінін мысалдар келтіріледі. Мысалы, тұщы су. Ал түщы көше деуге болмайды.

Әр бетіне тапсырмалар жазылған текшені топтың ортасына тастағанда, қай бетіндегі тапсырма түссе, топ мүшелері сол тапсырманы орындайды.

    1. тапсырма. Сын есім дегеніміз не?

    2. тапсырма. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? Мысалдар келтір.

    3. тапсырма. Сын есім заттың қандай белгілерін көрсетеді?

    4. тапсырма. Сын есім қандай сөз табымен байланыстырылып айтылады?

    5. тапсырма. Сын есімді кез келген затпен байланыстыруға бола ма? Мысалдар келтір.

Ой толғаныс.

«Бес жолды өлең» жазу.

Зат есім (1) Кірпі

Сын есім (2) Тікенді, баяу

Етістік (3) Жүгіреді, қоректенеді, домаланады.

Сезімді білдіретін (4). Неткен түрпідей тікенек жануар!

Синоним. Тікенек

Әр топқа арналып түрлі зат есім таңдалып алынады.

Үйге 5-жаттығу беріледі.