Урок „Техническое обслуживание автомобиля„

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ

Автомобильдер, құрылысы жағынан өте күделі машиналар қатарына жатады.Өйткені оың құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әртүрлі болады.Дегенменде, ондағы негізгі механизмдер мен жүйелердің жұмыстары белгілі бір принцип пен заңдылыққа бағынатындықтан, құрылыстары да ұқсас болады.Жүк машиналарының жалпы құрылысы 1.3 – суретте, ал жеңіл машиналардікі 1.4 – суретте көрсетілген.

[pic]



[pic]

Кузов тасылатын жүкті орналастыруға арналған.Сондықтанда ол таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады.Мысалы жүк таситын машиналардың кузовы науа тәрізді жасалып, жүргізуші отыратын кабина жасалады.Ал адам таситын жеңіл машина мен автобустардың кузовына орындықтар қойылып, тиісті санитарлық жағдайлармен қамтамасыз ететін қондырғылар орнатылады.

Қозғалтқыш автомобильдің жүруіне және басқа жұмыстарға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлігі.Оның негізгі жұмыс принципі, энергияның бір түрін ( көбінесе жылуды) екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыру болып табылады.Осы қозғалтқыштан алынған механикалық энергия автомобильдің жүргізгіш дөңгелегіне беріледі де ол жол бетімен жанасып, автомобильді қозғайтын күш тудырады.Сөйтіп автомобиль жол бетімен жүруге мүмкіндік береді.Сондықтанда қозғалтқыштың басқа осындай жұмыс атқаратын генератордан айырмашылығы, қозғалтқыштан тек қана механикалық энергия алынады, ал генераторларда энергияның басқа түрлері де алынуы мүмкін.

Шасси деп автомобильдің жол бетімен жүруге арналған бірнеше қондырғыларын біріктірген бөлігін айтады.Оған трансмиссия, алдыңғы және артқы белдемелер жүретін дөңгелектерімен, машина тұғыры, дөңгелек аспалары, рульдік және тежегіш қондырғылар кіреді. Осы қондырғылардың әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын, бірнеше механизмдер мен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады.

Трансмиссия двигателден келген қуатты машинаның жүретін дөңгелегіне жеткізіп беретін қондырғы.Ол тек қуатты тасымалдап қана қоймайды, оны машина қажетіне қарай түрлендіріп - өзгертіп береді.Себебі машинаға жүргізуге қажетті күш көп болған жағдайда, оның жылдамдығын азайтады немесе керісінше.Оның үстіне машина жүріс бағытын да өзгертуі мүмкін.Сондай жағдайда автомобильдің артқа қарай жүруін де қамтамасыз етеді.Сөйтіп трансмиссия көптеген қызмет атқаратын күрделі қондырғы.

Алдыңғы және артқы белдемелернегізінен автомобильдің салмғын дөңгелектер арқылы жол бетіне түсіру қызметін атқарады.Осыған қосымша ол белдемелерде бірнеше түрлі механизмдер орналасады.Мысалы артқы жетекші белдемеде трансмиссияның, аспаның, тежегішті т.с. бөлшектер орналасады, ал алдыңғы басқаратын белдемеде де басқару механизмдері сияқты қосымша бөлшектер орналасады. Олар 1.3 және 1.4 – суреттерде белгіленген.

Машина тұғырыавтомобильдің шасси бөлігінің барлық механизмдерімен қоса, двигатель мен кузовты да бекітуге арналған қондырғы. Ол өздерінің құрылысына қарай әртүрлі болады. Кейбіреуі арнаулы рамадан жасалып, көбінесе жүк машиналарында бөлек қондырғы құүраса, кейбіреуі кузовпен бірге (жеңіл машиналарда) жасалады. Осы ек іжағдайда да бірдей оның қызметі автомобильдің барлық бөлшектерін біріктіріп, бекітетін қондырғы болып табылады.

Дөңгелек аспалары – алдыңғы және артқы белдемелерді машина тұғырына бекітіп қана қоймайды, жүріс кезінде автомобильдің жүрісін жұмсарту қызметін атқарады. Себебі жүріс дөңгелектері жол бетінің бедерімен жанасқан кезде неше түрлі күштер туып, автомобильді тербеліске келтіреді.Егер ол тербелістің амплитудасын азайтып, жиілігін бір қалыпқа келтірмесе, машинаның жүріс жұмсақтығы бұзылады. Сөйтіп оның жұмыс өнімділігіне кері әсерін тигізеді.

Басқару жүйесі * көптеген механизмдерден құралады. Олардың негізгісі – машинаның жүріс бағытын басқаратын рульдік механизм.Сол рульдік механизм арқылы автомобильдің жүрісін берілген траектория арқылы бағыттап отырады.

Тежеу жүйесі – автомобильдің жылдамдығын азайтып, тіпті тоқтату қызметін атқарады. Сондықтанда бұл механизм арқылы автомобильдің барлық жүріс дөңгелектерінде орналасып, оның айналуын тежеу арқылы ауырлатады да жүріс жылдамдығын азайтуға мүмкіндік жасайды.

Автомобильдің осы айтылған бөліктерінің орналасу әртүрлі болуы мүмкін. Оның негізгі себебі, олардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту болып табылады.


Қозғалтқыштың айналшақты-бұлғақты механизмі АБМ(КШМ)-нің құрылысы.

[pic]

Қозғалтқыштың айналшақты-бұлғақты механизмінің құрылысы :

1. поршень;

2. шатун;

3. коленвал;

4. маховик;

5. цилиндрлер басы мен блогы.



- Поршень

[pic]

Поршень цилиндр тәріздес болады және алюминий қоспасынан жасалады.





-Шатун

[pic]

Шатун- болат немесе титаннан жасалады.

- Коленвал

[pic]

Болат немесе шойыннан жасалады.

- Маховик

[pic]

Маховик коленвалға орнатылады.Қазіргі кезде екі дискі біріктірілген қос салмақты маховиктер қолданылады.









[pic]

Цилиндрлердің басы мен блогы шойыннан жасалады .

Қазіргі қозғалтқыштарды 16 немесе одан да көп цилиндрлер бар

Қозғалтқыштың айналшақты-бұлғақты механизмі

1. шатун подшипнигінің басы

2. шатунның жоғарғы басы [pic]

3. поршень сақиналары

4. поршень

5. поршень сақинасы

6. сақина

7. шатун

8. коленвал

9. шатун подшипнигі.













[pic] [pic]


[pic] [pic]



[pic] [pic] [pic]

[pic] [pic] [pic]


Іштен жанатын поршеньді қозғалтқыштардың жұмыс принциптері

Іштен жанатын поршеньді қозғалтқыштардың жұмыс принциптері мына төмендегідей ретпен жүретін процестерге негізделген (3 сурет).Цилиндр ішінде поршень ілгері – кейінді қозғалып тұрады. Соның қозғалысының салдарынан цилиндр ішінде неше түрлі құбылыс пайда болады.Ал цилиндр үсті цилиндр баласымен бекітілген, ал оның сыртпен қатысуы соратын, шығаратын клапандар арқылы жүргізіледі.Енді осы поршеньнің жүрісін рет – ретімен қарастырылады.

Поршень жоғарыдан төмен қарай жылжиды, яғни поршеньнің үстіндегі кеңістік көбейеді.Олай болса оның ішіндегі газ қысымы азайып, вакуум пайда болады. Сол кезде соратын клапан ашылады да сырттан ауа немесе арнаулы дайындалған жану қоспасы кіреді.Бұл процесті сору процесі деп атаймыз (3 – сурет).Оның ұзақтығы поршень төмен түскенге дейін созылады.

Поршеньнің ендігі жүрісі төменнен жоғары қарай бағытталады (3.б – сурет).Сол кезде екі бірдей клапандар жабық болғандықтан, цилиндр ішіндегі газ қысылады, яғни көлемі азаяды. Мұны қысу процесі деп атаймыз.Қысылған газдың қасиеті бойынша оның көлемі азайып, температурасы көтеріледі.



[pic]

3-сурет. Іштен жанатын төрт тактылы қозғалтқыштың жұмыс схемасы:

а-сору; б-қысу; в-ұлғаю: г-шығару.

Поршень жоғары жеткен кезде (3.в – сурет) қысылып тұрған, қызып тұрған жану қоспасына электр ұшқынын беріп тұтандырады немесе қызып тұрған ауаға жанар май шашылады да ол тұтанып жанады.Сонымен қысу процесінің соңында жану процесі іске асады.

Жанған газ өте үлкен жылу бөліп шығарады да ол газдың температурасы көтеріледі, ал температура көтерілсе, оның қысымы да артады.Енді осы қысым поршеньді төмен қарай итереді.Мұны ұлғаю процесі деп атаймыз. Бұл ұлғаю процесі де поршень төмен келгенше созылады (3.г – сурет).

Жанған газ ұлғайып біткеннен кейін поршень төменнен жоғары қарай қозғалады.Осы кезде шығаратын клапан ашылады да жанған газ сыртқа қарай поршеньмен итеріліп шығарылады.Бұл процесті – шығару процесі деп атаймыз.Енді әрі қарай осы процестер қайталана береді.

Сонымен, іштен жанатын поршеньді қозғалтқыштардың жұмысы поршеньнің жүрісіне байланысты атқарылатын сору, қысу, ұлғаю және шығару процестеріне байланысты екен. Олай болса поршеньнің бір жүрісін бір такт деп атасақ, мұндай қозғалтқыштарды төрт тактылы қозғалтқыш деп атауға болады.Себебі барлық жұмыс төрт тактыда атқарылып бітеді.Ал осы жұмыстар поршеньнің екі жүрісіне атқарылатын болса, онда ондай қозғалтқыштарды екі тактылы іштей жанатын қозғалтқыш деп атайды.

Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы 5 – суретте көрсетілген.

[pic]

5-сурет. Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы.





1Сабақ жоспары

Пән атауы: «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету»

Сабақтың тақырыбы: Автомобиль қозғалтқыштары

Сабақтың түрі: зертханалық

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға техникалық қызмет көрсету операцияларын орындату, теориялык білімдерін нығайту.

Сабақты материалдық техникалық жабдықтау: Қозғалтқышқа қызмет көрсету жүйесіне техникалық қызмет көрсету операцияларын орындау кезінде қолданылатын құрал жабдықтар .

Теориялық мәлімет.

  1. Қозғалтқыш қызметі

  2. Қозғалтқыштардың жіктелуі

  3. Қозғалтқыштың жалпы құрылысы

  4. Қозғалтқыштың жұмыс принциптері

  5. Төрт тактілі карбюраторлы двигательдің жұмыс циклі

  6. Қозғалтқыштың негізгі көрсеткіштері

  7. Қозғалтқыш ақаулары

  8. Қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету

Қозғалтқыш қызметі

Энергияны (жылу, электр, т.б.) механикалық жұмысқа айналдыратын машинаны қозғалтқыш деп аталады. Автомобильдерде поршеньді төрт тактылы бензинді (карбюраторлы) және дизельді іштен жану қозғалтқыштарын қолданады.

Әлемдегі автотрактор өнеркәсібі бензинді және дизельді қозғалтқыштарда отын беру жүйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады. Күрделі де қымбат компьютерлі жүйелермен жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы, өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына Еуропалық стандартты енгізулермен түсіндіріледі. Бұл жерде отынның едәуір үнемделуі туралы айтуға болмайды.

Поршеньді қозғалтқыштардың өлшемдері болып анықталатындар: цилиндр диаметрі; поршень жүрісі; цилиндр саны; цилиндрдің жұмыс көлемі; сығымдау дәрежесі; қозғалтқыштың тиімді қуаты; қозғалтқыштың айналдырушы моменті; қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі; жанармайдың үлестік шығыны және қозғалтқыштың үлестік салмағы;

Литражы бойынша қозғалтқыш аса кіші литражы (1,2 литрға дейін), кіші литражды (1,2-2 литр), орта литражды (2-4 литр) және үлкен литражды (4 литрдан жоғары) болып жіктеледі. Сонымен қатар жүк автомобильдерінде және автобустарда қозғалтқыштың аса үлкен литражды түрі пайдаланылады.

Отын жануы үшін оттегі қажет, сондықтан отынды оттегімен араластырады. Тозаңдатылған отынның ауаның белгілі бір салмақ пропорциясымен араласқан қоспасын жанғыш қоспа деп атайды. Жұмыс істеп тұрған двигатель цилиндріннде жанғыш қоспа қалдық газбен араласып, жұмыстық қоспа құрайды.

Егер қозғалтқыштағыі отын ауамен арнайы прибор — карбюратор арқылы араласса, онда мұндай двигательді карбюраторлы деп атайды. Онда жанғыш қоспа электр ұшқынымен тұтанады. Дизельді двигательде жанғыш қоспа цилиндр ішінде пайда болады және сығылған ауа қызуынан тұтанады. Қарбюраторлы двигательді негізінен алғанда жүк көтергіштігі шағын және орташа автомобильдерге, сондай ақ тракторларда негізгі қозғалтқышты жүргізу үшін қолданады.

Қазіргі кездегі жүк көтергіштігі жоғары автомобильдерге негізгі қозғалтқыш ретінде дизельді қозғалтқыштар немесе дизельдер қолданылады.

Дизельді двигательдің жұмыс қызметін қарапайым схема үлгісімен қа-растырайық (1-сурет). Цилиндрге (6) поршень (7) орнатылған. Поршень шатун (9) арқылы иінді білікпен (12) косылысқан. Егер цилиндрдегі поршень жоғары-төмен орын ауыстырса, онда оның тура сызықты қозғалысы шатун мен кривошип арқылы иінді біліктін айналма қозғалысына айналады. Иінді біліктің шетіне маховик (10) бекітілген. Ол —двигатель жүмыс істегенде біліктің бір қалыпты айналуы үшін қажет. Цилиндр қалпақшамен (1) нығыз жабылған. Цилиндр қалпақшасында екі клапан бар. Енгізу клапаны (5) цилиндрге ауа енгізетін канал тесігін ашады. Шығару клапаны (4) пайдаланылған газды шығаратын тесікті ашады. Клапандар клапан серіппесі арқылы жабылып, таратқыш (жұдырықшалы) біліктің (14) беріліс деталы (16) арқылы орын ауыстыратын күйентенің (2) көмегімен ашылады. Таратқыш білік пен отын насосының білігі (дизельді двигательде) иінді біліктің шестерняларымен (13) айналады. Дизельді двигательде отын цилиндрге форсунка (3) арқылы отын насосынан келеді.

1-суретте дизельді бір цилиндрлі двигательдің схемасы көрсетілген. Дизельді двигательден карбюраторлы двигательдің айырмашылығы, мұнда клапанмен (5) жабылатын енгізу каналы арқылы цилиндрге жанғыш қоспа сорылады, ал форсунканың (3) орнына цилиндр калпақшасына оталдыру свечасы орнатылған.



[pic]





























1-сурет. Бір цилиндрлі дизельді қозғалтқыштың схемасы:

Қозғалтқыштардың жіктелуі

Қозғалтқыштар: жылулық, электрлік, желдік, сулық немесе гидравликалық т.б. болып бөлінеді. Қазіргі кезде ең көп тараған жылу, электр және буданды қозғалтқыштар. Жаңа жеңіл және ауыр жүк автомобильдерінде жылу және электр қозғалтқыштары қолданылады.

Жылу қозғалтқыштары үлкен үш топқа бөлінеді:

Бу қозғалтқыштары

Іштен жану қозғалтқыштары

Буданды қозғалтқыштары

Отын бу қозғалтқыштарынан тыс бу қазанының пешіне жағылады. Қазандағы су қайнап, буға айналады. Бу труба арқылы машинаның цилиндріне немесе турбина дөңгелегінің қалағына беріледі, сөйтіп ол механикалық жұмыс істейді.

Іштен жану қозғалтқыштарында жану процесі және одан алынған жылуды механикалық жұмысқа айналдыру процесі қозғалтқыштың цилиндрінде өтеді. Отын жанғанда пайда болатын жылудан газдар кеңейе түсіп, поршень мен бұлғақ (шатун) арқылы қозғалтқыштың иінді білігіне берілетін күш туғызып, механикалық жұмыс атқарады.

Дүние жүзінде автомобильде ең көп пайдаланатын іштен жану қозғалтқыштары 99%-дан астам автомобильде. Іштен жану қозғалтқыштары отын жылуының 25-38 пайызын механикалық жұмысқа айналдыратын болса, қозғалысты құрылыстардың бу машиналары отын жылуының тек 8-13 пайызын ғана пайдаланады.

Қазіргі кезде—ауылшаруашылық тракторлары мен автомобильдерінде іштен жанатын поршеньді қозғалтқыш орнатылған. Іштен жанатын қозғалтқыш деп отынның жануы және оның жылу энергиясының механикалық энергияға айналуы цилиндр ішінде өтетіндігін айтады. Бұл қозғалтқыш мынадай негізгі белгілері бойынша бөлінеді:

а) қоспа түзілу әдісі бойынша: сыртқы қоспа түзілу —карбюраторлы
және газды, ішкі қоспа түзілу — дизельді;

ә) жанғыш қоспаның тұтану әдісі бойынша: электр ұшқынынан еріксіз, тұтану — карбюраторлы және газды, сығылу нәтижесінде тұтану — дизельді қозғалтқыш.

б) жұмыс циклі тактісінің саны бойынша — төрт тактілі және екі тактілі.

в) қолданылатын отын түрі бойынша: бензинді, газды, дизельді;

г) салқындату әдісі бойынша—сұйықпен және ауамен салқындату;

д) цилиндр саны бойынша — бір цилиндрлі және көп цилиндрлі (екі,
төрт, алты, сегіз, он екі цилиндрлі);

е) цилиндрдің орналасуы бойынша—бір қатарлы және екі қатарлы немесе V тәрізді (цилиндрдің екі қатары бір-біріне бұрыштана орналасқан).

Автомобильдердің іштен жанатын жылу қозғалтқыштары ең көп тараған қозғалтқыштардың бірі болып есептеледі. Жанар май олардың цилиндрлерінің ішінде жанып, оның жануынан пайда болған жылу энергиясы механикалық энергияға айналады.

Қолданылатын отын түрлеріне қарай қозғалтқыштар тез буланғыш сұйық отын бензинмен жұмыс істейтін карбюраторлы, ауыр сұйық дизельдік отынмен жұмыс істейтін дизельдік; автомобильдің өзінде баллонда сақталатын сығылған немесе сұйытылған газбен жұмыс істейтін газ баллонды түрлерге ажыратылады.

Бір цилиндрлі қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі төмендегідей. Цилиндрдің ішінде еркін қозғалып тұратын поршені болады. Поршень біліктің кривошипімен шатун арқылы топсалы жалғасқан.

Қозғалтқыштың жалпы құрылысы

Автомобильдердің іштен жанатын жылу қозғалтқыштары ең көп тараған қозғалтқыштардің бірі болып есептеледі. Жанар май олардың цилиндрлерінің ішінде жанып, оның жануынан пайда болған жылу энергиясы механикалық энергияға айналады.

Қолданылатын отын түрлеріне қарай қозғалтқыштар тез буланғыш сұйық отын— бензинмен жұмыс істейтін карбюраторлы, ауыр сұйық дизельдік отынмен жұмыс істейтін — дизельдік; автомобильдің өзінде баллонда сақталатын сығылған немесе сұйытылған газбен жұмыс істейтін газбаллонды түрлерге ажыратылады.

Қозғалтқыш бірқалыпты жұмыс істеуі үшін цилиндрлерге жанғыш қоспа белгілі пропорцияда (карбюраторлы двигательде) немесе отынның белгілі бір мөлшері нақты бір кезеңде жоғары қысыммен (дизельді қозғалтқыштарда) берілуі тиіс. Үйкелісті, отын жіберуді, сызылып мұқалуды және тез тозуды болдырмау және жұмыс шығынын азайту үшін үйкелетін детальдар майланады. Цилиндрлерде қалыпты жылу режимін жасау мақсатында двигатель салқындатылады. Тракторлар мен автомобильдерде орнатылған барлық қозғалтқыштардың конструкциялық схемасы бір типтес және де белгілі бір функцияны атқаратын механизмдер мен жүйелерден тұрады.

Іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс циклінің барлық процестерін жүзеге асыруды: кривошип-шатунды және газ бөлу механизмі (2-сурет) және салкындату, майлау, қоректендіру мен от алдыру жүйелері атқарады.











2-сурет. Қозғалтқыш механизмдері мен жүйелері:

кривошип-шатунды, газ бөлу механизмі, салкындату, майлау, қоректендіру мен от алдыру жүйелері

[pic]

















































Автомобиль қозғалтқышы мынадай механизмдер мен жүйелерден тұрады.

Кривошипті-шатунды механизм поршеньдердің тура сызықты қозғалысын иінді біліктін айнымалы қозғалысына келтіреді, мұның өзі механикалық энергияның берілісі үшін, автомобильдің жетекші доңғалақтарын, жұмысшы органдарын қозғалысқа келтіруде өте қолайлы болып саналады. Кривошипті-шатун механизмі жану тактісінде газ қысымын қабылдап, көлемін ұлғайтады да поршеньнің түзу сызықты ілгерілемелі қозғалыстарын иінді біліктің айналмалы қозғалысына айналдырады.

Газ таратқыш механизмі клапандар жұмысын басқарады, мұның өзі поршеньдердің белгілі бір қалпында двигатель цилиндрлеріне ауа жіберуіне, оны белгілі бір қысымда сығып тұруға және цилиндрлердегі пайдаланылған газды шығаруға мүмкіндік береді. Газ бөлу механизмі — қозғалтқыштың цилиндріне дәл уақытында жаңа жанар қоспасының қажетті зарядын енгізіп және пайдаланылған газдарды шығаруға арналған.

Қоректендіру жүйесі отыннын белгілі бір мөлшерін нақты бір кезеңде тозаңдатылған күйінде двигатель цилиндрлеріне беріп тұруды қамтамасыз етеді. Қоректендіру жүйесі отын жеткізіп беруге. карбюраторға ауа жіберіп, оны тазартуға және жанар қоспаны дайындап, цилиндрлерге беруге, бұдан пайдаланылған газды шығарып отыруға арналған.

Майлау жүйесі үйкелетін детальдарға майды үнемі беріп тұруды және ондағы қызуды қайтаруды қамтамасыз етеді. Майлау жүйелері қозғалтқыштың үйкелетін бөлшектеріне май жіберіп тұратындықтан үйкелу күші азаяды, оларды салқындатады, әрі майды тазартып отыруды камтамасыз етеді.

Салқындату жүйесі жану камерасының кенересін қатты қызудан қорғайды және цилиндрлерде қалыптыжылу режимін сақтайды. Салқындату жүйесі — қозғалтқыштың жылуын оның бөлшектерінен бөліп, оны қалыпты жылу режимде ұстап тұруға арналған.

От алдыру жүйесі — электр ұшқындарын жасап, онымен қозғалтқыштың цилиндрлеріндегі жұмыс қоспасына от алдыру үшін керек. Іске қосу жүйесі дизельді двигательді жүргізген кезде иінді білікті айналдыру үшін қажет.

Автомобильдің карбюраторлы двигателінің механизмдері мен жүйелері трактордың дизельді двигателіндей, тек оның мынадай айырмашылығы бар:

автомобиль двигателінің қоректендіру жүйесі арнайы прибор — карбюраторда жанғыш қоспа әзірлеуге және осы цилиндрлерге беруге арналған:

карбюраторлы двигательдің цилиндрлеріндегі жұмысшы қоспаны оталдыру үшін оталдыру жүйесі орнатылған.

Автомобиль двигателінің кұрамдас бөлшектерінің орналасуы 3-суретте көрсетілген.

























[pic]







































3-сурет. ЗИЛ —130 автомобилінің карбюраторлы қозғалтқышы :

а—оң жақ көрінісі, б—сол жақ көрінісі; 1—двигательдің май насосы, 2—май шығаратын түтік (коллектор). 3—оталдыру свечасы, 4май сүзгісі, 5—ауа сүзгісі
(ауа тазартқыш|, в—компрессор, 7—генератор, 8—карбюратор, 9—оталдыруды таратқыш, 10—май өлшеуіш
сүңгі түтігі, 11—стартер, 12—қолмен басқарылатын гидрокүшейткіш насосы, 13 — гидрокүшейткіш насосының бачогы, 11 — желдеткіш, 15 —отын насосы, 19 — картер желдеткішінің сүзгісі



Қозғалтқыштың жұмыс принциптері

Бір цилиндрлі қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі төмендегідей. Цилиндрдің ішінде еркін қозғалып тұратын поршені болады. Поршень біліктің кривошипімен шатун арқылы топсалы жалғасқан. Жанар қоспасының зарядтары цилиндр ішінде тез жануынан пайда болған газдар қызып, әрі көлемін кеңейтуінен туған қысым поршеньді қозғалысқа келтіреді. Өйткені поршень шатунмен топсалы жалғасқан әрі екінші басы иінді біліктің кривошипының мойнымен топсалы жалғанғандығынан шатунмен бірге қозғалған поршень иінді білік пен онын екінші басына бекітілген маховикті қозғалысқа келтіреді. Шатун және кривошип әсерімен түзу сызықты қозғалған поршень двигательдің иінді білігі мен маховигін айналмалы қозғалысқа келтіреді.

Қозғалтқыш өзінің жұмысын одан әрі жалғастыра беруі үшін цилиндрді пайдаланылған газдан алдын ала тазартып, жанар қоспасының зарядын жаңартып отыруы керек. Ол үшін цилиндрдің қалпақшасында клапанмен жабылған енгізу тесігі қарастырылған (4-сурет). Қоспаның жануы кезінде керегінше екпін алған маховик өзімен бірге кривошипті, содан соңн цилиндрдегі поршеньді қоспаның келесі от алуына дейін қозғалысқа келтіруі үшін барынша салмақты (массалы) етіп жасайды. Поршень жоғары қозғалғанда шығару клапаны ашылып, пайдаланылған газ поршеньмен цилиндрден сыртқа айдалып шығарылады. Иінді білік өзінің айналуын жалғастыра отырып поршеньді төмен итереді де цилиндрдің босап қалған бөлегіндегі газдың сиреуі салдарынан клапаны ашылған енгізу тесігінен жанар коспасының жаңа заряды цилиндрге толтырылады.

[pic]

























4-сурет. Бір цилиндрлі қозғалтқыштың кривошип шатун механизмі [pic]

























5-сурет. Өлі нүкте мен цилиндр көлемі



Поршень төмен жылжыған кезде газдардың қысым пайдаланылмайтын болғандықтан қоспаның жануы тиімсіз, сондықтан поршеньді өзінің алғашқы (жоғарғы); орнына қайырып, жұмыс қоспасын қысу керек. Қысылған жұмыс коспасы ұшқынмен от алады да пайда болған газдардың қысымымен поршень қайтадан төменге ығысады.

Поршень цилиндрде қозғалған кезде өзінің қозғалыс бағыттарын өзгертетін ең шеткі қалпына келеді. Цилиндрдегі поршеньнің қалпын өлі нүктелер деп (5-сурет), ал поршеньнің осы өлі нүктелер аралығындағы жолы поршеньның жүрісі деп аталады. Поршеньнің бұл жүрісінде иінді білік 180 градуска бұрылады, яғни жарты айналым жол жүреді. Поршень өзінің бір жүрісінде цилиндр ішінде болатын процесті такты деп атайды.

Цилиндр ішіндегі поршень жоғарғы өлі нүктеге жеткенде оның үстіндегі кеңістікті жану камерасы деп атайды.

Поршень өзінің жоғарғы өлі нүктесінен (ж. ө. н.) төменгі өлі нүктеге (т. ө. н.) жылжудағы босаған орынды (көлемді) цилиндрдің жұмыс көлемі деп атайды.

Ц и л и н д р д і ң т о л ы қ к ө л е м і деп — жану камерасы мен цилиндрдің жұмыс көлемдерін қоса алғандағы көлемді атаймыз (5-сурет).

Көп цилиндрлі қозғалтқыштарда барлық цилиндрлердің жұмыс көлемдерінің литрмен алынған қосындылары двигательдің литражы деп аталады. Қозғалтқыштың литражы артқан сайын оның қуаты да артады. Жану қоспасы цилиндрге енгенде, оның толық көлемін толтырады. Сығу процесі аяқталған кезде қоспаның көлемі жану камерасының көлеміне дейін азаяды.

Цилиндрдің толық көлемінің жану камерасының көлеміне қатынасын- сығылу дәрежесі-деп атайды. Қарастырылып отырған бензинмен жұмыс істейтін қозғалтқыштардың сығылу дәрежесі 6,5—3,2 тең. Сығылу дәрежесі неғұрлым үлкен болса, жылу шығынының азаюынан және поршеньге келетін орташа қысымның артуынан двигательдің қуаты мен үнемділігі жоғары болады. Двигательде жылу шығынын кеміту үшін гаэбен жанасатын жану камерасының ішкі бетін азайту керек. Поршеньге келетін орташа қысым температура өскен сайын артып отырса, оның қатты сығылуынан жұмыс қоспасында жану жылдамдығы артады.

Сөйтіп, бір тактыны орындауда жұмыс қоспасының жануы мен газдардың ұлғаюы үшін үш түрлі дайындық тактылары: шығару, енгізу және сығу тактылары кажет (6-сурет).

Бірінші такт — е н г і з у — цилиндрді жанар қоспасымен толтыру үшін қажет. Поршень жоғарғы өлі нүктеден төменгі өлі нүктеге ауысады, енгізу клапанының тесігі ашылып, шығару клапаны жабылады. Пайда болған қысымның әсерінен поршень үстіндегі цилиндр қуысына жанар қоспасы толады.

Екінші такт — сығу — жұмыс қоспасын от алдыруға дайындау үшін қажет. Поршень төменгі өлі нүктеден жоғары өлі нүктеге ауысады, бұл кезде екі тесіктің клапаны жабық, жұмыс қоспасының көлемі 6,5—8,2 есе азайып, қоспаның сығылуынан цилиндрдегі қысым 10— 12 кгс/см2 жетеді. Бұл кезде жұмыс қоспасы 300—400° С температураға дейін кызады.

Үшінші такт — жұмыс жүрісі (жану және ұлғаю) сығылатын жанар майдың энергиясын пайдалы механикалық жұмысқа айналдыру үшін қажет. Сығылған жұмыс қоспасы электр ұшқыны мен от алғандағы бөлінетін жылу газдарды 2200—2500°С температураға шейін қыздырады. Цилиндрдегі ұлғайған газдар поршеньнің үстінде 35—45 кгс/см2 ге дейін қысым тудырады да соның әсерінен поршень жоғарғы өлі нүктеден төменгі өлі нүктеге жылжиды. Бұл уақытта екі тесік те клапанмен жабылады. Поршеньге әсерін тигізуші газдардың қысым күші шатун арқылы кривошипке беріліп, қозғалтқыштың иінді білігін айналдырушы момент туғызады.

Төртінші такт — шығару — цилиндрді пайдаланылған газдардан босату үшін керек. Поршень төменгі өлі нүктеден жоғарғы өлі нүктеге ауысады, шығару тесігі ашылып, енгізу тесігі жабылады.

Одан әрі қозғалтқыштың жұмыс тәртібі жоғарыда көрсетілген ретпен кайталана береді.

Сайып келгенде, жұмыс кезінде цилиндрлерде белгілі бір тәртіппен (енгізу, сығу, жұмыс жүрісі, шығару) жүріп отыратын процесті жұмыс циклі деп атайды.

Поршеньнің әрбір терт жүрісінен кейін, немесе иінді біліктің екі айналымынан кейін тактілері қайталанып отыратын қозғалтқыштарды төрт тактылы деп атайды.

Қозғалтқышты іске қосарда дайындық тактыларын иінді білікті қол тұтқасымен ие стартермен бұрап іске асырады. Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде бұл тактылар жұмыс тактысында жиналған маховиктің энергиясымен атқарылып отырады.

Төрт тактілі карбюраторлы двигательдің жұмыс циклі. Дизельді двигательден карбюраторлы двигательдің, басты айырмашылығы, онда ауа мен отын цилиндрге бір мезетте, карбюраторда әэірленген жанғыш қоспа түрінде келеді.

Төрт тактілі карбюраторлы двигательдің әрбір тактісі, дизельді двигатель секілді, клапандарының орналасуы және поршень қозғалысының бағыты бойынша сипатталады. Төрт тактілі карбюраторлы двигательдің жұмыс циклі былайша өтеді.

Е н гі зу — поршень төмен қарай ығысады. Енгізу клапаны ашылады. Цилиндрдегі ауаның сиреуі нәтижесінде оған енгізу каналы арқылы жанғыш қоспа келіп, ол қалдық газбен араласады да, соның нәтнжесінде жұмыстық қоспа пайда болады.

С ы ғ ы л у поршень жоғары қарай жылжиды. Енгізу және шығару клапандары жабылады. Поршень үстіндегі көлем кішірейіп, жұмыстық қоспа сығылады, соның нәтижесінде бензин буының булануы және ауамен араласуы жақсарады. Такт соңында қысым 1,0—1,2 МПа-ға, ал температура 350— 400°С дейін жетеді.

Жұмыстық жүріс — жану және ұлғаю. Екі клапан да жабық болады. Такт соңында сығылған жұмыстық қоспа ұшқын арқылы тұтанады. Ұлғайған газдың қысымы әсерінен поршень жоғарғы өлі нүктеден төменгі өлі нүктеге ығысады. Газ қысымы 2.5—4,0 МПа-ға, температура 2000°С-ка дейін жетеді.

Ш ы ғ а р у—поршень жоғары қарай жылжиды. Шығару клапаны ашық тұрады. Пайдаланылған газ шығару каналы арқылы сыртқа шығады.

Кесте 1

Негізгі мәліметтер

Қозғалтқыш

ЗИЛ-130

ЗМЗ-53

ГАЗ-24

Цилиндрлерінің орналасулары

Y тәріздес

Қатарлы

Цилиндрлерінің саны

8

8

4

Цилиндрлердің жұмыс істеу реті

1-5-4-2-6-3-7-8

1-5-4-2-6-3-7-8

1-2-4-3

Қозғалтқыштың қуаты,т.к

170

115

98

Толық қуатпен істегендеиінді біліктің айналу саны,айн/мин

3600

3200

4500

Литражы,л

6,000

4,250

2,445

Сығу дәрежесі

6,5

6,7

8,2



Карбюраторлы двигательге қарағанда дизельді двигатель едәуір үнемді. Сығылу дәрежесі өте жоғары болғандықтан ол отынды 25% кем жұмсайды (атқарылған жұмыс бірлігі бойынша).

Дизельді қозғалтқыш өрт шығару қаупі шамалы келетін ауыр отын сортымен жұмыс істейді. Алайда дизельді қозғалтқышдің өзіне тән кейбір кемшіліктері де бар;

олар тым үлкен, өйткені цилиндрдегі газ қысымы өте жоғары келетіндіктен детальдардың беріктігін арттыруға тура келеді;

карбюраторлы қозғалтқыштарға қарағанда оны жүргізу (әсіресе қыста) өте қиын.

[pic]



































6-сурет. Төрт тактылы қозғалтқыштың жұмыс циклі







Қозғалтқыштың негізгі көрсеткіштері



Қозғалтқыш жұмысын сипаттайтын негізгі көрсеткіштері — бұраушы моменті, қуаты, үнемділігі және пайдалы әсер коэффициенті.

Қозғалтқыш цилиндрлерінде отын жанған кезде бөлінетін жылу энергиясының бір бөлігі механнкалық энергияға айналады. Поршеньге әсер ететін газ қысымының күші шатун аркылы кривошипке беріледі де, двнгательдің иінді білігінде бұраушы момент туғызады.

Бұүраушы момент ~ бұл айналмалы кривошипті кривошип радиусына көбейтуші күш. Бұраушы момент ньютонметрмен (Нм) өрнектеледі. Белгілі бір бұүраушы моментті дамыта отырып двигатель жұмыс істейді. Белгілі бір уақыт бірлігінде атақарылған жұмысты қуаты деп атайды. Двигатель қуатын киловатпен (кВт) өлшейді. Двигательдің қуатын индикаторлық және тиімділік деп бөледі. Индикаторлық қуат деп жұмыс істеп тұрған двигатель цилиндрі ішіндегі газдың дамитын қуатын айтады. Тиімді немесе нақты қуат деп иінді білік алатын қуатты айтады. Тиімді қуат индикаторлық қуаттан 10-12% кем, олай болатын себебі қуаттың біразы двигатель механизмдеріндегі үйкеліс күшін жеңуге қосалқы құрылғыларды (насостар, желдеткіш, генератор т. б.) іске қосуға жұмсалады. Цилиндрдегі газ қысымы, иінді біліктің айналу жиілігі және цилиндрдің жұмыстық көлемі артқан сайын двигателдің қуаты арта түседі.

Қозғалтқыштың тактілігі дегеніміз — бұл иінді біліктің қанша айналымында жұмыс циклі жасалатындығын көрсететін сан. Егер литражды өзгертпей иінді біліктің айналу жиілігін арттырса, онда трактор энергиямен қанықтырылады. Мұндай трактордың барлық берілістегі жүру жылдамдығы — двигательдің иінді білігінің айналу жиілігі қанша есе артса, сонша есе көп болады. Литражды арттыру двигательдің көлемін ұлғайтады. Трактордың тарту класы жоғары болған сайын, онын двигателінің литражы көбейеді, демек, қуаты артады.

Қозғалтқыштың механикалық пайдалы әсер коэффицаенті деп тиімді қуаттың индикаторлық қуатқа қатынасын айтады. Ол негізінен алғанда детальдарды өңдеу сапасына, үйкелетін детальдардың майлануына және қозғалтқышты дұрыс кұрастыруға байланысты.

Тиімді пайдалы әсер коэффиииенті деп механикалык жұмысқа айналған отын мөлшерІнің сол отында болатын жылу мөлшеріне катынасын айтады, Тиімді пайдалы әсер коэффициенті 0,26—0,37 аралығында болады. Карбюраторлы қозғалтқышта ол төменгі, ал дизельді де жоғарғы шамаға жуықтау болады. Түзік қозғалтқышта 30%-ке жуық жылу тиімді қуат алуға жұмсалады. Қалған жылу энергиясы механикалық шығынға (=10%), салқындаған суды қыздыруға ( = 35%) және двигательге ( = 10%) жұмсалады, сондай-ақ пайдаланылған газбен шығарылады (15%).

Қозғалтқыштың үнемді жұмысы меншікті отын шығынымен сипатталады. Меншікті отын шығынын анықтау үшін сағаттық отын шығынын двигательдің тиімді қуатына бөледі. Дизельді қозғалтқышта меншікті отын шығыны 72 мкг/Дж . Егер двигательдегі үйкелетін детальдар тозған, дұрыс ретке келтірілмеген немесе майланбаған болса, онда куаты кеміп, үнемділігі төмендейді.

Қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету

Күнделікті техникалық қызмет көрсету (ЕО). Қозғалтқышты ластан тазартып, оның жалпы жағдайы тексеріледі. Қозғалтқыштың ласын қырғышпен тазартып, керосинге малынған щеткамен жуып, артынан құрғатып сүртеді. Қозғалтқышты бензинмен жууға болмайды, өйткені одан өрт шығып кетуі мүмкін. Қозғалтқыштың жалпы жағдайын жай көзбен байқап және әр түрлі режимдерде жұмыс істетіп тыңдап қарайды.

Бірінші техникалық қызмет көрсету (ТО-1). Қозғалтқыш тіректерінің бекітуін тексереді.

Цилиндрлердің қалпақшасының, картер табанаың, иінді білік сальнигінің жалғасқан жерлерінің жымдасуы тексеріледі. Қалпақшаларының тығыз жатпауы цилиндр блогы қабырғаларынан май ағатынын білдіреді. Картер табаны мен иінді білік сальнигінің тығыз жатпауын майдың ағатыны арқылы айырады.

Қозғалтқыштың тірегінің бекітілуін тексергенде гайкаларының шплинттерін босатып алып, мықтап тартқаннан кейін қайтадан шплинттейді.

Екінші техникалық қызмет көрсету (ТО-2).

1. Цилиндрлер қалпақшасының бекіту гайкаларын тартып бекітеді. Алюминий қорытпасынан жасалған цилиндрлер қалпақшасының болттарын қозғалтқыш салқын уақытта динамометр немесе шофер құралдарындағы қарапайым кілтпен қосымша сұғындырманы қолбанбай-ақ тартып бекітеді.

Бұрандалы қосылыстарды бір қалыпты, жұлқымай әрбір қозғалтқышқа лайықты тәртіппен бекітеді. Блоктың қалпақшасының гайкаларын ортадан бастап шетіне қарай белгіленген тәртіппен тартып бекітеді.

Ү тәрізді ЗИЛ-130 және ЗМЗ-53 қозғалтқыштарында цилиндр қалпақшасының гайкаларын бұрап бекітпес бұрын салқындатқыш жүйесінен суды төгіп, енгізу трубопроводының гайкаларын босатады.

Цилиндр қалпақшасының гайкаларын тартып бекіткеннен кейін енгізу трубопроводының гайкаларын қайтадан тартып, клапан мен күйенте арасындағы саңылау реттеледі.

Картер табанының бекітулерін қарайтын жырашық арқылы орныдайды. Ол үшін автомобильді қол тежеуішпен тежеп, төменгі берілісті қосып, от алдырғышты айырады, ал дөңгелек астына қалыптар қойылады.

2. Клапанның стержені мен күйентенің қысқа тұмсығының арасындағы саңылауды тексеріп, қажет болған реттеп түзейді.

Гайкаларды тарту үшін түзік құрал-саймандар пайдаланылады, кілтті гайканың мөлшеріне сай таңдап алу керек. Гайка кілтінің тістері бүтін, бір-біріне параллель болулары керек. Көлемі үлкен кілтпен гайканы босатуға және қатайтуға, олардың қырларының аралығына металл төсем салуға, кілттің тұтқасын екінші кілт немесе трубамен ұзартуға болмайды.

Маусымдық техникалық қызмет көрсету (СО) – қозғалтқыштың цилиндрлі-поршень тобының жағдайы жылына екі рет тексеріледі.

Қозғалтқыштың ақаулары

Кривошипті шатунды механизмнің ұзақ әрі қалыпты жұмыс істеуі ондағы детальдардың күйіне байланысты. Автомобильдерді пайдаланған кезде, олардың бірқалыпты жұмысы кейбір ақаулардың пайда болуы салдарынан бұзылуы мүмкін. Мұның ең бастылары- детальдардың үйкелетін беттерінің тозуы, цилиндрдегі компрессияның төмендеуі, май мен судың ағуы. Деталдардың тозуының сыртқы белгісіне жататындары – қозғалтқышта естілетін тарсыл, майдың тым көп жұмсалуы, пайдаланылған газдың түтінденіп шығуы, қозғалтқыш қуатының кемуі.

Қозғалтқыш жұмысын стетоскоппен тыңдауға да болады. Стетоскоп металл стерженьге жалғанған наушник. әр түрлі детальдардың өзіндік тарсыл үндестілігі болады. Мәселен, айқын естілетін, иінді біліктің айналу жиілігі артқан сайын күшейе түсетін металл тарсыл – поршень саусақтары немесе олардың втулкалары тозған жағдайда байқалады. Қатаң, айналу жиілігі күрт өзгергенде құбылып тұратын дыбыс блок картердің төменгі бөлігінде естіледі, бұл – шатунның немесе түпкі подшипниктердің тозғанын аңғартады.

Поршень сақиналарының тозу белгісі цилиндрдегі компрессияның төмендеуі және картер майының шамадан тыс көп жұмсалуы салдарынан қозғалтқыш қуатының кемуі, өйткені мұндай жағдайда компрессиялық сақинаның поршень астындағы қуысқа май айдайтын насостың әрекеті күшейеді.

Шығару түтігінен көгілдір түтін шығуы цилиндрлер гильзасының, поршеньдердің және олардың сақиналарының тозуы немесе поршень сақиналарының кокстенуі салдарынан жану камерасына майдың құйылғандығын аңғартады. Ақ түтіннің шығуы су тысынан цилиндрге су құйылғандығын көрсетеді. Цилиндрлерге судың ағуын тоқтату үшін цилиндрлер қалпақшасын бекітетін гайканы қатайтып бұрайды. Гайкаларды бұрап қатайту үшін динамометрлік кілтпен мынадай екі үш амалды қолданады. әуелі гайкалардың ортасынан бастап, сонан соң оң жағы мен сол жағын кезекпе кезек, ең соңында шеткі гайкаларды бұрайды.

Су немесе май аққан жағдайда барлық бекіткіш болттарды қатайтып бұрайды, ал егер бұдан көмек болмаса, онда бұзылған төсемдерді немесе нығыздағыштарды алмастырады. Қозғалтқыштың ішіне шаң тозаң кіруін болдырмас үшін, тозған детальдарды ауыстыруды шеберханада жүргізеді. Бөлшектер алдында шебер наладчик қозғалтқышты диагностикалық құрылғымен тексереді.

Бақылау сұрақтары:

1. Қозғалтқыш дегеніміз не,жұмысы?

2. Төрт тактілі карбюраторлы двигательдің жұмыс циклін атаңыз?

3. Қозғалтқыш механизмдері мен жүйелерін ата?

4. Қозғалтқыштың тактілігі дегеніміз не ?

5. Бірінші техникалық қызмет көрсетуде (ТО-1) не тексереді?

6. Екінші техникалық қызмет көрсетуде (ТО-2) не тексереді?

7. Индикаторлық қуат дегеніміз не?



2 Сабақ жоспары

Пән атауы: «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету»

Сабақтың тақырыбы: Автомобильдің беріліс қорабын жөндеу

Сабақтың мақсаты:

Білім беру: Оқушыларға автомобильдің беріліс қорабын бөлшектеу, жинау, реттеу әдістерін оқушыларға үйрету және теорияляық сабақтардан алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту.

Тәрбиелік: Сабақты тиімді ұйымдастыра отырып, оқушылардың мамандықка деген сүйіспеншілігін, қызығушылыгын тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларға автомобильдің беріліс қорабы туралы жалпы нұсқау беріп, техникалық білімін және іскерлігін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Практикалық.

Пәнаралық байланыс: Машина бөлшектері,Физика.

Сабақты материалдық техникалық жабдықтау: бөлшектеу, жинау жұмыстарына қажетті құрылғылар.

Көрнекіліктер: Слаид, нұсқау карталары, модельдер, макеттер, оқулықтар.

Сабақты өткізу әдіс: Түсіндіру және машықтану.

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі: (2 - 3 минут).

- Сәлемдесу.

- Оқушыларды түгелдеу.

- Оқушылардыћ сабаққа әзірлігін тексеру.

2. Үй тапсырмасы өткен тақырып бойынша сұрау жүргізу (5 - 7минут).

3. Кіріспе нусқау: (10- 15 минут).

  1. Беріліс қорабының қызметі

  2. Беріліс қорабының негізгі түрлері

  3. Беріліс қорабының құрылысы

  4. ГАЗ-53А автомобилінің беріліс қорабы

  5. Синхронизаторлар

  6. Берілістерді айырып-қосу механизмі

  7. Автоматтандырылған беріліс қорабының жұмыс принциптері

  8. Беріліс қорабының ақаулары

  9. Салқындату жүйесіне техникалық қызмет көрсету

Беріліс қорабының қызметі

Беріліс қорабы трактор не автомобиль қозғалысының бұраушы моментін, жылдамдығын және бағытын өзгертуге арналады. Оның көмегімен двигательді трансмиссиядан ұзақ мерзімге ажыратып тастауға болады. Автомобильдің беріліс қорабы жетекші доңғалақтарының тарту күшін, беріліс санын анықтауға, қозғалтқышты трансмиссиядан ұзақ уақытқа ажыратуға және жүру бағытын өзгертуге арналған.

Беріліс қорабының қызметі двигательдің иінді білігінің айналысын белгілі беріліс саны бар тісті шестернялар арқылы жүріс бөлігіне беруге негізделген. Бұл жағдайда жетектегі біліктің айналу жиілігі мен беретін бұраушы моменті өзгереді. Жетектегі біліктің айналу жиілігінің кемуіне сәйкес бұраушы моменті жетектегі біліктің айналу жиілігі жетекші біліктікінен қанша аз болса, сонша артып отырады.

Жетектегі шестерняның (тіс саны не диаметрі бойынша) жетекші шестернядан қанша есе үлкен екендігін немесе жетекші білікпен салыстырғанда жетектегі біліктің айналу жиілігінің қаншалықты өзгеретінін көрсететін санды беріліс саны деп атайды. Егер беріліске шестернялардың бірнеше жұбы қатысса, онда жалпы беріліс саны барлық шестернялардың беріліс санын өзара көбейту арқылы анықталады. Двигательдің иінді білігінің айналу жиілігі тұрақты болғанда, автомобильдің двигатель білігі мен жетекші доңғалақтың не жұлдызшаның арасындағы беріліс қатынасын өзгерту арқылы түрлі жылдамдыққа жетуге болады.

Автомобильдің атқаратын жұмыс түрі аз болғандықтан беріліс қорабының беріліс саны тракторға қарағанда аз болады.

Төменгі беріліс автомобильді орнынан қозғау, оның жүрісінің үдеуі және жолдың қиын учаскесінде жүру үшін қажет.

Жоғарғы беріліс тегіс жолда қозғалуға пайдаланылады. Автомобильдің маневр жасауға қажет артқы жүрісті берілісі болады.





Беріліс қорабының негізгі түрлері



Автомобильдің беріліс қорабы сатылы, сатысыз, механикалық, гидравликалық, электрлік, автоматтық және құрама болып бөлінеді. Сатылы механикалық беріліс қорабы алға жүру сатыларының санына байланысты төрт сатылы, бес сатылы және т.с.с. болып бөлінеді.

Беріліс саны көп болған сайын қозғалтқыш қуатын жақсы пайдаланады және жанармай үнемділігі жоғары болады. Бұл жағдайда беріліс қорабының конструкциясы күрделенеді және берілісті оптимальды таңдау қиынға соғады. Беріліс қорабы әдетте цилиндрлі тісті дөңгелектен және механизмдерден тұрады.

Берілісті ауыстыру іліністі ажыратып қосумен жүргізіледі, яғни берілісті ауыстыру күш ағынының үзілісімен болады. Ауыстыру уақыты әдетте бір екі секунд құрайды. Кейбір беріліс қорабында берілісті ауыстыру үшін фрикционды ілініс қолданады, олар күштік ағындарды үзбей ақ берілісті ауыстыруды қамтамасыз етеді. Бұл қосатын берілісте фрикционды қосу, сонымен бірге ажырататын берілісте фрикционын ажырату арқылы жүзеге асады. Фрикционды ауыстыруларды пайдалану трансмиссиядан іліністі алып тастауға мүмкіндік береді.

Берілісті ауыстыру уақытын қысқарту үшін синхронизатор қолданылады. Синхронизатор қосылатын бөлшектердің жылдамдығын теңестіреді.

Сатылы беріліс қорабының қорабының механизмдерінде қосымша қондырғылар қарастырылған: 1) фиксатор (ілгек) бұл өздігінен шығып немесе автомобильдің қозғалыс барысында қосылып қалуын болдырмайды; 2) артқа жүру берілісінің қосылуын қиындату қондырғысы – алға автомобиль жүріп бара жатқанда байқаусыз қосып алуды болдырмау; 3) бөгеуіш қондырғы (кілт) бір мезгілде екі берілістің қосылып кетуін болдырмау.

Планетарлы (кейбір тісті дөңгелектерінің осьтері қозғалыста болатын) механизм гидравликалық беріліс қорабында жиі қолданылады.

Планетарлы беріліс қорабының тісті дөңгелекті беріліс қорабына қарағанда артықшылығы - өлшемдері үлкен емес, массасы кіші, беріліс және беріліс саны үлкен. Кемшілігі планетарлы беріліс қорабының бағасы қымбат.

Көбіне жүк тартқыш автомобильдерде, қосымша беріліс қорабы (бөлгіш, демультипликатор) әдетте екі сатылынегізгі беріліс қорабына біріктіріліп, жалғанып қолданылады. Жоғары өтімді автомобильдерде тарату қорабына біріктірілген демультипликатор қолданылады.

Сатысыз беріліс қорабын қолдану кез келген беріліс санын алуға мүмкіндік береді. Сатысыз беріліс қорабы механикалық (екпіндік, фрикционды т.с.с.), гидравликалық (гидравликалық, гидрокөлемдік), электрлік және құрама болып бөлінеді. Автомобильдерде көп тарағаны құрама гидромеханикалық беріліс қорабы, ол гидродинамикалық сатысыз берілістен (гидротранфорқозғалтқыш) және оған жалғанған механикалық сатылы берілістен тұрады.

Беріліс қорабының құрылысы



Саты (беріліс) санының аз болуы автомобильдің беріліс қорабында қарапайым кинематикалық схеманы пайдалануға мүмкіндік береді.

Беріліс қорабының (1-сурет) негізі картер (10) мен қақпақтан (5) тұрады. Картер ішінде шарикті подшипнктерде үш білік; жетекші (1), жетектегі (8) және аралық (11) біліктер айналып тұрады. Жетекші білік жетекші шестерня (2) және тісті тәжбен (2)бірге жасалады. Біліктің алдыңғы шеті иінді біліктің қырнағының ұшындағы подшипникке, ал артқы жағы картердің алдыңғы кенересіндегі ұяшыққа тиянақталады.

Жетектегі білік шлицалы болып, алдыңғы шеті жетекші біліктің қырнағының ұшында орналасқан роликті подшипникке тіреледі. Ал, жетектегі біліктің келесі шеті корпустың артқы кенересіндегі подшипникке тиянақталады. Бірінші және екінші білік осьтері бір бірімен дәл келеді. Жетектегі білік шлицаларына жылжымалы шестерня кигізіледі.

Аралық білікке блок түрінде жасалып әрі оған қатаң бекітілген диаметрі әр түрлі шестернялар орнатылады. Аралық біліктің алдыңғы шестернясы (12) жетекші біліктің шестернясымен тұрақты іліністе болатындықтан, екеуі ұдайы бірге айналады. Артқы жүрістің қос тәжді блок түрінде жасалған шестернялары (9) корпус қабырғасындағы тесікке бекітілген осьпен айналады. Шестернялардың блок тесігіне қола втулка престелген.

Берілісті ауыстырып қосу механизмі корпус қақпағына орнатылады. Екінші біліктің бойымен сақиналы қырнағына еркін енетін аша арқылы жылжымалы шестернялар (6 7) қозғалады. Ашалар жылжымаға бекітіліп онымен қосу рычагының (4) төменгі шетімен қозғалады. Рычаг орта тұсынан беріліс қорабы корпусының қақпағындағы шарлы тірекке бекітіледі.

Бұл беріліс қорабының ілгері қозғайтын төрт, артқы жүрісінің бір берілісі болады. Бірінші және екінші беріліске шестернялар блогын () артқа не алға қозғалту арқылы, үшінші беріліске шестерняны () артқы жылжыту арқылы қосады. Шестерняны алға қозғалтқанда, оның алдыңғы ұшындағы ішкі тістері бірінші біліктің тісті тәжіне енеді де, бірінші және екінші білікті өзара байланыстырады. Бұл жағдайда (төртінші берілісте) екінші мен бірінші біліктердің айналу жиілігі бірдей (төтесінен) болады. Артқы жүріс шестернялары блогын (9) осьпен екінші және аралық біліктердің бірінші беріліс шестерняларымен ілініске дейін қозғалтқанда артқы жүріс қосылады. Ауыстырып қосу рычагын артқы жүріске сәйкес өзгерту үшін, артқы жүріс жылжымасының басына орналасқан сақтандырғыш серіппенің әсерін жеңуі керек. Серіппе автомобиль қозғалып келе жатқанда кездейсоқ артқы жүріске қосылып кетпеуі үшін қажет.

Жоғарғы берілістерге оңай әрі соққысыз қосу үшін қазіргі автомобильдердің беріліс қорабына инерциялық синхронизатор пайдаланылады. Ол берілісті шусыз қосады.

Синхронизаторлы беріліс қорабының басты ерекшелігі үшінші және төртінші берілісте шестернялардың ұдайы ілінісін пайдалануында. Беріліс қорабы шусыз жұмыс істеуі үшін ұдайы іліністегі шестернялар қиғаш тісті болып келеді. Мұндай қорапта үшінші берілістің жетектегі шестернясы (6) втулкамен жабдықталып, екінші біліктің тегіс мойнына еркін кигізеді.

Синхронизатор (сурет) күпшектен () ішкі жағында тісі бар муфтадан () және блоктауыш екі конус сақинадан () тұрады. Күпшектің ішкі жағы шлицалы, ал сырты тісті болады. Синхронизатор жағында () шестернялардың конустық шығыңқы жерлері мен тісті тәжі () болады. Беріліс қосылғанда муфта () аша арқылы жылжып, сухарик арқылы блоктауыш сақинаны () ілгері қозғайды. Блоктау сақинасының конустық беті шестерняның конустық шығыңқы жеріне тіреледі де, олардың арасындағы үйкеліс күшінің әсерінен, айналу жиілігі теңеседі. Одан ары жылжығанда муфтаның тістері шестерняның тісті тәжімен шусыз ілініседі.







[pic]





1-cурет. Автомобильдің беріліс қорабы:

1- бірінші (жетекші) білік, 2- бірінші білік шестернясы, 3- тісті тәж, 4- берілісті ауыстырып қосқыш рычаг, 5- қақпақ, 6- ІІІ және ІҮ беріліс шестернялары, 7- І және ІІ беріліс шестернялар блогы, 8- екінші (жетектегі) білік, 9- артқы жүріс шестернялары блогы, 10- картер, 11- аралық білік, 12- ұдайы ілініс шестернясы















ГАЗ-53А автомобилінің беріліс қорабы



ГАЗ-53А автомобилінің беріліс қорабы (2-сурет) алға қозғалу үшін төрт беріліс және шегіну үшін бір беріліс болады. Жетекші және аралық біліктердің шестернялары, сондай ақ аралық және жетектегі біліктердің екінші, үшінші берілістерінің шестернялары тұрақты іліністе болады. Берілістер бірінші берілістің шестернясын және синхронизаторды жылжыту арқылы, ал артқы жүріс бір осьтің бойында орналастырылған екі шестерня блогының көмегімен қосылады. Ауыстырып қосқыш механизмі жоғарғы қақпаққа орналастырылған.

Бірінші беріліс (3,а-сурет) жетектегі біліктің бірінші берілісінің шестернясын кейін шегіндіру арқылы қосылады, оның сыртқы тістері аралық біліктің бірінші берілісі шестернясымен тіркеседі.

Екінші беріліс (3,б-сурет) бірінші берілістің шестерняларын алға қарай жылжытып қою арқылы қосылады, осылай істегенде ішкі тістер екінші берілістің тұрақты ілінісіндегі шестерняларының бүйір тәжімен тіркеседі, соңғыны жетектегі білікке бекітеді.

Үшінші беріліс (3,в-сурет) синхронизатордың муфтасын кейін жылжыту арқылы қосылады. Муфтаның ішкі тістері үшінші берілістің тұрақты іліністегі шестернясының бүйір тәжімен тіркеседі, соңғыны жетектегі білікке бекітеді.

Төртінші беріліс (3,г-сурет) синхронизатордың муфтасын алға қарай қозғалту арқылы қосылады, муфтаның тістері жетекші білік пен жетектегі білікті тікелей қосып жетекші біліктің тәжімен ілінеседі. Аралық білік айналдыру моментін беруге қатыспайды.

Артқы жүріс (3,д-сурет) артқы жүріс шестернялары блогын осьтің бойымен аралық және жетектегі біліктердің бірінші берілісі шестерняларымен ілініскенге дейін қозғалту арқылы қосылады.







[pic]













































2-cурет. ГАЗ-53 автомобилінің беріліс қорабы











[pic]

















































3-сурет. Әртүрлі берілістердегі ГАЗ-53 автомобилінің беріліс қорабындағы шестерняны қосу

Синхронизаторлар

Берілістердің дыбыссыз қосылуына жету үшін ілінісетін шестернялардың шеңбер бойымен айналу жылдамдығын алдын ала теңестіру қажет болады. Бұл қызметті синхронизатор атқарады.

ГАЗ-24 «Волга» автомобилінің беріліс қорабының синхронизаторы (4-сурет) жетектегі біліктің шлиціне қойылған сыртында тістері бар күпшектен, ішкі жағында тістері бар муфтадан, ішкі жағы конус тәрізденіп жасалынған екі блоктаушы сақинадан, тісті сыртқы тәжіден және екі серіппемен муфтаға қысатын үш блоктаушы сухарьдан құралады. Жетектегі біліктің синхронизатор жағында тісті тәжі және конус тәрізді дөңесі болады. Берілісті айырып қосып отыратын аша муфтаның сақина тәрізді ойықтарына еніп тұрады. Берілісті қосқанда муфта қозғалады, ол сухарьлардың көмегімен өзінің алдындағы блоктаушы сақинаны қозғалтады.

Блоктаушы сақинаның конусы шестерняның немесе жетекші біліктің конус тәрізді дөңесіне тіреледі, олардың арасында пайда болатын үйкеліс күшіне байланысты бұлардың айналым жылдамдығы біркелкі етіледі. Муфтаны одан әрі қозғалтқанда тістер қосылатын шестерня тәжімен дыбыссыз ілініседі.

ГАЗ-53 автомобиліндегі синхронизатор конструкциясы жоғарыда қаралғандарға ұқсас келеді. ЗИЛ-130 автомобилінде инерциялық синхронизатор пайдаланылады. Екінші, үшінші және төртінші берілістер шестерняларында және жетекші білікте ішкі жағында тістері бар бүйір конусты дөңестер жасалынған.

ЗИЛ-130 автомобилінің беріліс қорабы ның синхронизаторы (сурет) жетектегі біліктің шлицтеріне отырғызылған екі тісті тәжісі бар муфтадан, конусты екі блоктаушы сақинаан, үш саусақтан және серіппелері мен шариктері бар үш бекіткіш саусақтан құралады. Муфтаның алты тесігі болады, бұл тесіктердің бүйір жағында конус ойықтар жасалынған. Тесіктің үшеуі арқылы блоктаушы сақиналарды қатты бекітетін саусақтар өтеді. Саусақтардың орта жерінде конус жырашықтары бар ойықтар жасалынған. Тесіктің қалған үшеуі арқылы ортаңғы жерінде конус жырашықтары бар және сол жырашықтар ішіне серіппелер мен екі шарик орнатылған бекіткіш саусақтар өтеді. Синхронизатордың муфтасы қозғалғанда блоктаушы сақиналар муфтамен бірге қозғалып, қосылатын шестерняның конус бетімен байланысқа келеді. Синхронизатор муфтасы мен қосылатын шестерняның айналым санында айырмашылық болатындығына байланысты блоктаушы сақина дискінің тесіктеріне синхронизатордың муфтасына саусақтарға қарағанда муфтаның конустық тесігіне тіреліп, оның муфтамен бірге бұдан былай жылжуына кедергі келтіреді. Шестерня мен блоктаушы сақинаның айналым жылдамдығы теңескенде саусақтар мен муфтаның тесіктерінің конустары муфтаның онан әрі қозғалуына кедергі жасамайды, сөйтіп беріліс дыбыссыз қосылады.

































[pic]





4-сурет. ГАЗ-24 «Волга» автомобилі беріліс қорабының синхронизаторы



Берілістерді айырып-қосу механизмі

Беріліс қорабында берілістерді қосу және айыру міндетін айырып-қосу механизмі атқарады. Бұған берілістерді айырып қосу рычагы, үш жылжыма, айырып-қосу ашасы, бекіткіштер, құлыптар және артқы жүрісті қосу сақтандырғышы жатады. (5-сурет)

Қақпақта орналасқан рычаг өзінің ұршық басымен қорап картері құймасының сфералық ойығына тіреледі және оны орнатқыш штифт ұстап тұрады. Рычагтың төменгі жағы ашаның жылжымаларға бекітілген өзгерткіш қалпақшасының ойықтарына кіріп тұрады. Аша шестернялардың немесе қосу муфтасының ойықтарына еніп тұрады. Қажетті берілісті қосу үшін рычаг тиісті қалыпқа қозғалтылып қойылуы керек. Рычагтың төменгі жағын ілгері-кейін қозғалту жылжыманың, ашаның, жылжымалы шестерняның немесе муфтаның жылжуына әкеліп соқтырады және берілістер қосылады.

Автомашина жүріп келе жатқанда берілістің өздігінен айырылып кетпеуіне бекіткіш жол бермейді. Бекіткіш шариктен және серіппеден тұрады, олар жылжымалардың қарсысында қақпаққа ойып жасалынған каналдарда орналасады (сурет). Жылжымалардың ойықтары болады, олар беріліс қосылғанда немесе бейтарап қалыпта бекіткіш шаригінің қарсысына орналасады. Серіппенің қысым жасауы мен бекіткіштің шаригі жылжыманың ойығына енеді, сөйтіп соңғыны орнатылған қалпында ұстайды. Жылжыманы қозғалту үшін бекіткіштің шаригін жылжыманың ойығынан бұдан кейін итеріп шығара алғандай күш керек болады.

Берілістерді айырып қосқан шақта рычагпен екі немесе бір жылжыма орнынан қозғалып кетсе, онда басқа жылжыма бейтарап қалыпқа келтірілмейді де бұл бір мезетте екі берілісті қосуға соқтырады. Бірақ бір білік бір мезетте екі жылдамдықпен шыр айналып тұра алмайтын болғандықтан бұл жағдайда шестернялардың тістері сынады немесе қорап түгелдей бүлінеді.

Екі берілістің қатарынан қосылуын болдырмау үшін құлып қолданылады. Құлып беріліс қорабының қақпағы ішіндегі горизонталь каналдарда жылжымалар аралығында орналасқан кіндік темірлерден немесе шариктерден құралады. Жылжымаларда оның бейтарап қалпына сәйкестендіріліп құлып орналасатын каналдарға тұспа тұс келетіндей етіліп бірден қуыс және үш жүрісті қорапта ортаңғы жылжыманың екі жағынан жасалады. Кіндік темірдің немесе екі шариктің диаметрінің ұзындығы екі жылжыма аралығының ұзындығына және жылжымадағы бір ойық ұзындығына тең болады.

Берілістерді қосқан кезде құлыптың кіндік темір өзімен жалғас орналасқан жылжыманың ойығына еніп, оны кідірткен жағдайда ғана жылжыма орнынан қозғалып сырғанай алатын болады.















[pic]































5-сурет.ЗИЛ-130 автомобилі беріліс қорабының айырып қосу механизмі

Жүріп келе жатқанда артқы жүрістің қосылып кетпеуі үшін жүк автомобильдерінің артқы жүріс сақтандырғышы қолданылады. (сурет). Ол серіппесі бар плунжерден тұрады, ол артқы жүріс берілісін қосатын ашаның айырғыш қалпақшасында орналасқан.

Артқы жүріс берілісін қосу үшін басқа берілістерге қарағанда күшті біршама көбірек жұмсау керек.

ГАЗ-24 «Волга» автомобилінің беріліс қорабында айырып қосу механизмі үстіңгі қақпаққа ұстатылған. Бекіткіштер шариктер мен серіппеден тұрады, ал құлып екі плунжер мен саусақтан жасалған. Сол жақтағы механизмнің айырып қосқышында артқы жүріс жарық қосқышы орнатылған.







Автоматтандырылған беріліс қорабының жұмыс принциптері

Үлкен қалаларда жеңіл автомобиль жүргізушісі әр жүз километр жол жүргенде 700 рет ілініс педалін басады және 600 рет берілісті ауыстырып қосады. Орта есеппен әр 30 секундта бір рет ауыстырады.

Жүргізушінің жұмысын жеңілдетуге гидротрансфорқозғалтқышы, планетарлы механизмі бар, басқару жүйесіне кіретін автоматтандырылған сатылы трансмиссия көмектеседі. Бүкіл әлемдегі осындай, автоматтандырылған қораптар миллиондаған машиналарда, автомобильдерде және тағы басқа транспорттарда қолданылады.

«Easytronic» деп аталатын беріліс қорабын, жылдамдықты ауыстырып қосқыш механизмді, «LUK» және «BOSCH» компаниялары GENERAL MOTORS-пен бірігіп жасаған. Ол гидромеханикалық трансмиссиямен және қолмен ауыстырып қосатын беріліс қорабының көптеген «оңды жақтарын» біріктірді.

Құрылғының негізі: бес сатылы механикалық қораптан, қосымша ауыстырып қосатын механизмнен, үш қадамды электрқозғалтқыштан тұрады. Үш қадамды электрқозғалтқыштың екеуі жылдамдықты ауыстырып қосуды қамтамасыз етеді, үшіншісі іліністі басқарады.

Жүргізуші қолдық немесе автоматтық жұмыс режимін таңдай алады. Іліністің педалін баспай ақ, қораптың рычагын алға артқа қозғау арқылы жоғары және төменгі беріліске өтуде қолдық режим пайдаланылады. Рычаг келесі беріліске қарай қозғалысын бастай берген кезде, сезгі бұл жайлы іліністі басқаратын жүйеге «хабарландырады». Ол автоматтық түрде табақтарды (дискі) ажыратады және келесі сатыға ауыстырып, қосудың жұлқусыз жайлы жатықтығын қамтамасыз етеді. Қозғалтқыш және сезгілердің жұмысын ЭББ көмпьютері басқарады, сонымен қоса өз әрекетін компьютер басқа автомобиль жүйелерімен салыстырады. Автоматтық режимде компьютер жылдамдықты қарапайым гидромеханикалық берілістегідей өзі ауыстырып қосады.

Мұндай автоматтандырудың тиімділігі, бір жағынан, автоматтық қораптың қолайлығы, ал екінші жағынан, жүргізушінің өзі қолданып жүрген қораптардағыдай автомобиль қозғалысын басқара алады. Дәстүрлі айналмалы беріліс қорабымен салыстырғанда, режимнің әрқайсысында ауыстырылып қосылу орта есеппен 300 миллисекунд уақыт ала отырып, тез әрі дәл жүзеге асады. Сонымен қоса ілініс табақшалары бір біріне керекті уақытта нақты минимал күшпен сығылады. Автоматтық беріліс қорабының артықшылығы, оның автомобильдің басқа жүйелерімен электронды қатынасынан толықтай көрінеді. Мысалы, жедел тежеуді қажет ететін жағдай болғанда АБС қосылады, ол сол сәтте іліністі ажыратады. Керісінше, жылдамдықты жай ауыстырып, қосатын кезде автоматтық беріліс қорабы қозғалтқышты басқаратын жүйеге бұйрық береді, ал оның айналу моментін сәл азайтады. Осыған байланысты жұлқу жойылады, ыңғайлылығы жоғарылайды және берілісті қосқандағы жайлылығы артады.

Тағы бір артықшылығы-автоматтық айналмалы беріліс қорабы жағдайды талдауға және қорытынды жасауға қабілеттілігінде. Сонымен жаңа қорап, тіркеме тіркегендегі немесе таулы жерде өрге қарай жүргенде автомобильге түсетін артық күшті реттейді. «Қыстық» режимді қосқанда, ол гидравликалық автоматтық айналмалы беріліс қорабы сияқты, орнынан, қозғалтқыштың оптимальды тарту күшін пайдаланатын режимінде қозғалуын қамтамасыз етеді.

Бірінші рет, автоматтандырылған қорапта, бірден аттап бірнеше жоғарғы немесе төменгі беріліске өту мүмкіндігі туады.

Автоматты беріліс қорабы гидравликалық беріліс қорабына қарағанда машнаға жеңіл, бірақ механикалық беріліс қорабынан бірнеше килограммға ауырырақ. Ол іліністің жетегінде бос жүрістің жоқтығынан байланысты қозғалыстың теңдігін арттырады. Easytronica-ның негізгіартықшылығы жанармайдың үнемді пайдалануында.

Беріліс қорабының ақаулары

Беріліс қорабында төмендегідей ақаулар болуы мүмкін: майдың ағуы, қызып кетуі, берілісті ауыстырып қосу қиындығы, өздігінен қосылуы және бір мезгілде екі берілістің қосылуы.

Майдың ағуын болт пен гайканы қаттырақ тарту арқылы тоқтатады. Қажет болғанда корпуспен қақпақша арасындағы аралық төсем ді алмастырады. Шестерня мен подшипник тозғанда беріліс қорабында тарсыл пайда болады. Беріліс дұрысқосылмаған жағдайда шестерня тістерінің ұштары бітеліп қалуы мүмкін. Тозған шестернялар мен подшипниктерді ауыстыру керек.

Май сұйық болса, деталь бетіне жұқпайтындықтан детальдардың жанасуы салдарынан ол қызып кетеді. Сондықтан маусымға байланысты қажетті тұтқырлығы бар май қолданылады.

Берілісті ауыстырып қосу қиындығы білік шлицалары мен шестерня тістерінің желінуінен және жаншылуы салдарынан болады. Бұл жағдайда білік шлицаларын түзетіп, желінген детальдарды алмастыру керек. Сонымен бірге беріліс қорабының блоктау құрылғысы реттелмесе де, шестерняларды ауыстырып қосу қиындайды.

Берілістің өздігінен ажырап кетуі шестерня тістерінің кедір бұдырлы желінуінен, толық ілініспеуінен және бекіткіш құрылғысының тозуынан болады. Ақауы бар детальдарды алмастырады.

Екі берілістің бірден қосылуы шариктердің не құлып стерженьдерінің тозуынан, сондай-ақ кулисаның сынуынан болады. Ақауы бар детальдарды айырбастайды.





Беріліс қорабы мен үлестіргіш қорабына техникалық қызмет көрсеткенде атқарылатын негізгі жұмыс түрлері



Күнделікті қызмет көрсету (ЕО). Машина жүріп келе жатқанда беріліс қорабының жұмысын байқау.

Бірінші техникалық қызмет көрсету (ТО-1).

  1. Беріліс қорабын байқаудан өткізу, қажеті болса, оның бөлшектерін тартып бекіту.

  2. Май деңгейін байқау, қажеті болса, майды үстеп құю.

  3. техникалық жағынан қамтығаннан кейін беріліс қоабының жұмысын байқау.

Екінші техникалық қызмет көрсету (ТО -2).

  1. Беріліс қорабының әрбір бөлшеін байқаудан өткізу.

  2. Беріліс қорабын байқаудан өткізу және қажеті болып жатса қорапты ілініс картеріне және картердің қақпағына қарай тартып бекіту.

  3. Жетектегі және аралық біліктер подшипниктерінің бекіткіштерін байқау және қажет болып жатса, оларды қатайтып бекіту.

  4. Беріліс қорабындағы майды ауыстыру немесе майды үстеп құю (майлау графигіне сәйкес).

Май ауыстыру, бөлшектерді және жалғаспаларды майлау қозғалтқыш жұмыс істемей тұрған кезде атқарылады. Егер машинаны жүргізуші немесе слесарь машинаның астында жұмыс істеп жатса, онда кабина ішінде (руль дөңгелегінде) «Қозғалтқышқа от алдыруға болмайды» деген ескертпе жазылып қойылуы тиіс. Ал автомобиль орнынан өздігінен қозғалып кетпестей етіліп тежеледі.

2. Агымдагы нусқау (25- 30 минут)

1.Оқушыларды аралау - технолгиялық операцяаларды орындауда оқушылардың қауіпісіз еңбек ету ережелерін қадағалау.

2. Оқушыларды аралау - технолгиялык операцяаларды, деңгейлік тапсырмаларды орындауын қадағалау.

3. Оқушыларды аралау - технолгиялық операцяаларды, деңгейлік тапсырмаларды меңгере алмай жатқандарға жекелей нұсқау беру.

Тапсырмалар:

1. Беріліс қорабын жинау.

2.Беріліс қорабының әрбір бөлшегін байқаудан өткізу.

3.Беріліс қорабын байқаудан өткізу және қажеті болып жатса қорапты ілініс картеріне және картердің қақпағына қарай тартып бекіту.

4.Жетектегі және аралық біліктер подшипниктерінің бекіткіштерін байқау және қажет болып жатса, оларды қатайтып бекіту.

5.Беріліс қорабындағы майды ауыстыру немесе майды үстеп құю



Қоытынды нұсқау (3- 5 минут)

Оқушылардың тапсырмаларды орындауына бйлансты бірлесе талдау жасау.

1. Оқушылардың жетістіктерін бағалау.

2. Сабақты қорытындылау.

3.Үй тапсырмасына байлансты оқушыларға нұсқау беру.

Үй тапсырмасы: Беріліс қорабының негізгі ақауларын анықтау.

Жұмыс орындарын және шеберхананы жинастыру (2- Зминут)