[pic] Павлодар ауданы Заңғар жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
Сегизаева Толқын Жасұланқызы
Қысқа мерзімді ашық сабақ жоспары
Қазақ әдебиеті Сынып:
6
Сабақтың тақырыбы:
ХХ ғасыр әдебиеті. Дулат Исабеков «Ата үміті».
«Дермене»хикаятынан үзінді.
Зерттеу тақырыбым:
Оқушыларды топтық жұмыс арқылы мәдени сөйлеуін және зерттеушілік қабілетін арттыру.
Сабақтың мақсаты:
Шығармаларын талдау арқылы көтерген негізгі мәселе адал іс пен арам істі диалогқа түсу арқылы айқындау.
Күтілетін нәтижесі:
1.Ойталқы негізінде оқушылардың өзіндік көзқарастарын, ұстанымдарын дәлелдеу;
2.Кейіпкерлердің іс-әрекетін сараптау арқылы өмірмен сабақтастыру.
3. Оқушылардың білімге деген құштарлықтары артады, зерттеушілік әрекеттеріне ынталанады.
Әдіс-тәсілдер:
Дара жұмыс,топпен жұмыс,диалогқа түсу,Венн диаграммасын құру,интервью алу,пәнаралық байланыс.
Сабақ түрі:
Жаңа сабақ
Көрнекіліктер:
Интербелсенді тақта,А 3 қағазы,түрлі-түсті маркерлер,компьютер.
Сілтеме
1.Қазақстан жаңалықтарынан үзінді.
2.Интернеттен алынған Дулат Исабеков жайлы деректер.
Сабақ кезеңдері
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Уәж
1 минут
Ортаға шақыру.
Дөңгелек шеңберде тұрып бір-біріне тілек айту.
Жаңа тақырыпқа шығу
5 минут
Сөзжұмбақ арқылы тақырыпқа шығу
Интербелсенді тақтаға сөзжұмбақтың жауаптарын жазады.(АКТ)
Білу+
түсіну
10 минут
Дулат Исабеков жайлы бейнеролик көрсету.(АКТ)
Жеке,жұппен жұмысқа назар аудару.
Қосымша дереккөздері арқылы ізденіске түсу,оқулықпен жұмыс.(СТО)
Жеке жұмыс,жұппен жұмыс.(ОЖТжәнеЖ.Е)
Қолдану+
талдау
15 минут
1.Оқушының іс-әрекетіндегі сұрақтар арқылы талдауға шығу және кері байланыс жасату.
1.Дулат Исабековтың өмірбаянын,шығармаларын талдау.
2.Дулат Исабековты кластер жасап көрсету.
3.Шығарманың негізгі ойы неде талқылап,жазып көрсету. (СТО)
Эксперттер көмек көрсетеді,кеңес береді.(ТДО)
Сергіту сәті
2 минут
Ән тыңдау.
Интербелсенді тақтаға қарап қимылдарын келтіріп,билейді.
Синтездеу
10 минут
1.Дулат Исабеков жайлы білімдерімен ақпарат алмасу.
2. «Аялдама»
стратегиясын орындату
3. «Шындық-жалған» стратегиясы
1.Адал,арам сөздеріне постер жасау,оны қорғау. (СТО)
2.Бір-бірінен интервью алу.
(ОЖТ және ЖЕ)
қайсысы дұрыс қайсысы бұрыс
Бағалау
2 минут
Бағалау парақтарын тексеріп,оны толтыру жайында ұсыныс беру.(КБ)
Жұптық жұмысын бағалау.Бір топ екінші топты бағалау(ОҮБОБ)
Үйге тапсырма
1.Адал іс пен арам іс жайлы өткендерден интервью алып,
бейнетаспаға түсіру.
2.Дулат Исабеков жайлы ақпараттар жинау.
3. «Гаухартас» фильмін ғаламтордан тауып, көру
Берген сабағыма есеп:
Сабақта көздеген мақсатым: Шығармаларын талдау арқылы көтерген негізгі мәселелерді диалогқа түсу арқылы айқындау.
Міндеттері:
1.Шығармадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасап,олардың ішкі жан дүниесін ашу,жазушының көркем тіл шеберлігін анықтау.
2. Оқушыларды топтық жұмыс арқылы мәдени сөйлеуін және зерттеушілік қабілетін ашу.
Мен сабақ барысында 7 модульді толық ықпалдастырдым. Сабағымда оқушылар өз қызығушылықтарын білдіріп, ынта қойып кірісті. Сабағамды балаларды ортаға шақырып бір-біріне тілектер айту сәтінен бастадым. Бұл әрекет психологиялық ахуалды тудыруға ықпал етті. Тілек айту балаларға өте ұнады,бәрі бір-біріне мәре-сәре болып тілектер айтып жатты.Оларға бұл әдіс таныс болғасын ба ? нақты, анық тілектер айтылды. Мысалы : Зарина Құдайбердіге «Сен өте ақылдысың , жақсы оқисың ,әр кез белсенді болуға тырыс» - деді. Ал Жұлдыз Исламға «Сен маған ұнайсың , мен сенің әрқашан досың болуға дайынмын, көмек керек болса маған қысылмай айт» - деп мені таңқалдырды.Ислам болса ұялып, бұл сөзді неге айттың дегендей ,ұнатпағандай сың танытты.
[pic]
Орындарына жайғасқаннан кейін оқушыларды «Мозайка» әдісі бойынша топтарға бөлдім.Топқа бөлу соншалықты сәтті өткен жоқ.Өзіме неге? деген сұрақ қоюға тура келді.Болған кедергілер:
1.Оқушылар санының аздығы;
Айтқандай 4 оқушыдан екі-ақ топ шығады.Оқушылар дереу өз орындарына отыра қалды.Бірден білу кезеңін бастап Интербелсенді тақтадан сөзжұмбақты шешуді тапсырдым. Осы жерде балалар жинақталып, едәуір белсенділік танытып кезек-кезекпен тақтаға шығып жауаптарын жазып жатты.Бұл жердегі менің ұтымды жағым жана тақырыпқа сөзжұмбақ арқылы шығу болды. Тігінен тұрған жасырын сөзді тапқаннан кейін жаңа тақырыпқа шықтық.Оқу үлгерімі нашар,бақылаудағы Ислам сөзжұмбақты баяу,жеке компьютерде отырып шешті.Көп ойланса да ол жауабын таба білді.Көп уақытын жоғалтты.Бірақ мен оған қолдау көрсетіп,Ислам сен шеше аласың,сен білесің деп отырдым.Жасырын сөз Исабеков болатын.Дәл осы жерде ақпараттық комуникациялық техналогияны қолдану арқылы Дулат Исабеков жайлы бейнеролик көрсеттім.Бейне ролик арқылы сыни-тұрғыдан ойлауды үйрету. Сыни тұрғыдан ойлаудың дағдылары:
Бақылау
Талдау
Қорытынды
Интерпретация
Қосымша дереккөздері арқылы ізденіске түсірдім.Түсіну кезеңін бастадым.
(ғаламтордан өз беттерімен деректер тауып,оқу) Ізденгеннен кейін Дулат Исабековтың өмірбаянын, шығармаларын топ ішінде талдаттым. Келесі қадам оқулықпен жұмыс болды. Мәтінді тақырыпша бойынша топ ішіндегі оқушыларға бөліп ең алдымен дара ал кейін өздері оқыған тақырыпшаларды топтын ішінде бір-біріне түсініру еді.Бұл жерде ғаламтордан табылған деректер болды. Оқушылардың кейбіреулері жылдам ұғынып алып түсіндіріп жатса, кейбір оқушылар баяу түсіндіріп жатты.
Мазмұнды топпен талқылағаннан кейін,тақырыпты өздігінен қалай меңгергендігін және оқушылардың өзіне деген сенімсіздіктерін жою мақсатында 7 модуль ішіндегі сыни тұрғыдан үйретудің «Аялдама» яғни ақпарат алмасу стратегиясын қолдандым.Бұл әдісті қолданған себебім: оқушылар өз білгендерімен бір-бірімен ақпарат алмасу үшін. Бұл әдіс маған не берді? Бір-біріне құлақ салуды үйренді, басқаның пікірін тыңдай білуге, өз ойын дәлелдей білуге үйретті.Қолдану кезеңінде Дулат Исабековтың өмірбаянын,шығармаларының негізгі ойы неде талқылап, кластер жасап, көрсетті.Үлгерімі жақсы оқушы Құдайберді эксперт болып көмек көрсетіп,кеңес беріп отырды.Мысалы:кластер жасауда өз идеясын білдірді.Үлгерімі нашар оқушы Исламға қолдау көрсетті: «Сенің идеяң
жақсы,өз ойыңды мұғалімге қысылмай айтып берші» дегені маған өте ұнады.
Сергіту сәтінде оқушыларға интербелсенді тақтадан көре отырып,«Балапан» биін билеуді сұрадым.Олар өте қызығып, мәз-мейрам болып,көңіл-күйлері көтерілді, сабаққа деген ынталары артты.
Келесі синтездеу кезеңінде адал,арам сөздеріне постер жасаттым,оны топ бойынша қорғады.Қорғаған кезде оқушыларды қолпаштап, мадақтау арқылы белсенділігін арттырып және өз ойларын еркін айтуға жағдай туғыздым.
Келесі қадам өздеріне ізденуге берілді.
Бұл жерде оқытудың жаңа тәсілдері қарастырылды, диалог туғызу арқылы өздерінің тіл байлықтарын,зерттеушілік қабілеттерін арттыру үшін бір-бірінен интервью алу берілді.Талдау кезеңінде берілген уақыт ішінде олар бір-бірінен адалдық пен арамдық жайында интервью алды.Бұл кезде оқушылардың тілдерінің шорқақтықтары,өз ойларын дұрыс жеткізе алмағандары байқалды.Бірақ маған ең ұнағаны зеттеуге алған төменгі деңгейдегі оқушым Исламның алған интервьюі.Ол ешкім қоймаған сұрақты қойып,таңқалдырды.
Аягөзбен сұхбаттасқанда:
-Арамдық деген не?
-Арамдық ол біреудің ала жібін аттау, оңай жолмен келген қаражат,ұрлық-деді . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
- Сендердің үйлеріңде бір заттарың ұрланды ма?
-Жоқ
-Ал сенің жақындарыңда ше? деген сұхбат болды.
Жинақтау кезеңінде «Шындық-Жалған» стратегиясын қолданым.Бұл стратегия оқушылардың алған білімдерін жинақтап, есте сақтау қабілеттерін арттыру мақсатында берілді.
Келесі кезде « Инсерт » әдісін қолдандым.Бұл әдісті қолданған себебім оқушылардың нені түсінгендіктері жайлы ақпарат алу.
Бағалау кезеңінде бір топ екінші топты бағалау парағы арқылы бағалады.
Сабағымдағы кемшіліктерім:
Уақытты қадағалай алмауым.
Бағалауды дұрыс ұйымдастыра алмауым.
Келесі сабағымда бұл кемшіліктерді жібермеуге көп көңіл бөлемін. Ол үшін әр кезеңді мұқият қарастыруым керек.