7 санның құрамы.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: 7 санның құрамы.

Сабақтың мақсаты: 1.7 санының құрамы меңгерту, өрнек құру арқылы оның мәнін табуға, теңдік және теңсіздік таңбаларын дұрыс қоя білуге үйрету.

2.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін математикалық тілін дамыту, бағыт-бағдар бере отырып өздігінен жұмыс істеуге, топтық жұмысты шапшаңдықпен орындауға дағдыландыру.

3.Ептілікке, ынтымақшылдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топтық, жеке

Сабақтың көрнекілігі: сандар, сызба, жұмбақ, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.

Айтқан тілді аламыз,

Сабаққа зер саламыз.

Озат, алғыр баламыз,

Кілең бестік аламыз.

Математика сабағына қатысты құралдарымызды шығарып, оқушы ережесіне сай отырайықшы.


ІІ.Өткен сабақты бекіту «Жапырақтар сыры»

-Жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінің нешінші айы? Жапырақтардың түсі қандай болады?

-Мына себетке жапырақтарды жинап алайық.

-Жапырақтарды санайықшы (7)

-Жапырақтарда сұрақтар бар екен.

1.Сандар нешеге бөлінеді, қандай?

2.Кесінді дегеніміз не?

3.Сәуле дегеніміз не?

4.Қандай санмен таныстық, 7 саны қандай сан?

5. 7санына байланысты мақал-мәтел, ертегі, жеті қазынаны атау.

6. 7-ге дейін тура санау, кері санау.

7. 7 санынан кем сандарды ата.


ІІІ. «Сырлы сандықтар саны» Жаңа сабақты түсіндіру.

Әр топқа сандықшалар беріледі. Ішінде 7 түрлі заттар болады. Соларды екіге бөлу арқылы 7 санының құрамын шығарамыз.

1 сандықта 6+1

2 сандықта 3+4

3 сандықта 5+2

4 сандықта 0+7

Өрнектердің мәні 7-ге тең. Олай болса, бұл өрнектер 7 санының құрамы болады.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «7 санының құрамы»


І. «Білім сыры»

7 санының құрамына байланысты білімімізді толықтыра түсейік.

А) Әр топқа тапсырмалар беріледі.










І топ. Өрнектерді қоршап сызу.

ІІ топ.Теңдіктерді қоршап сызу.

ІІІ топ. Теңдікті қоршау.

І топ. 7-саны бар теңдікті қоршау.

Ә) «Сәйкестендіру» әдісі.

3+4 4 1+5 3

7-3 7 7-5 6

7-4 6 6-3 2

7-1 3 7-3 1

5+2 2 2-1 5

6-4 7 3+2 4

Б) Жұмбақ арқылы өрнек құрастыру

Табақта бес алма

Қолымда 2 алма

Қосқанда барлығы

Болады неше алма ( 5+2)


Шомылып жүр екеуі

Жағалауда бесеуі

Балалардың барлығын

Санап берші сен тауып (5+2)

Жеті асықтың үшеуін

Досың сұрап алады

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады (7-3)


Көлден ұшты 7 қаз

Қайтып қонды екі қаз

Қонбады оның нешеуі

Қане кім тез шешеді? (7-2)

Сергіту сәті

1,2,3-қарлығаш боп ұш

4,5,6-қарлығаш боп қалқы

7,8,9,10-қайта орныңа қон.


Жазу сыры: Математикалық диктант

А) 7-2= 5 (Жеті азайту екі мәнін табу)

3+4= 7 (үш қосу төрт мәнін табу)

6<7 (алты кем жетіден)

7>5 (жеті артық алтыдан)

Б) «Тиісті сандарды қой»

1+ = 4 3+ = 5 -1= 5

5- = 3 4- = 2 +5 =7

«Пішіндер сыры» Қорытындылау












Бағалау