«Қызықты қазақ тілі әлемі»
Жүргізуші: Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті,болмысы. Халықтың тарихта қалуы – тіліне, тілінің сақталуына байланысты. Халық үшін, тіл үшін болған күрестер – ата – баба мұраты, ол бүгінгі тарих беттерінде мәңгілік ұмытылмай сақталады. Бүгін біз Тәуелсіз Қазақстанның жігерлі жастары болсақ, ол – бабалар ерлігінің арқасында! Ендеше елімізді, тілімізді құрметтейік, достар! Бүгінгі сайыста сіздер тіл бағытындағы білімдеріңізді төмендегі тапсырмалармен
сабақтастыра пайымдайсыздар.
Жүргізуші:
Туған тіліде – сыры терең жаны бар.
Туған тілде – мың-мың ыстық қаным бар.
Туған тілде - әнім менен сәнім бар.
Туған тілде – жүрек үнім нанындар.- дегендей бүгінгі «Қызықты қазақ тілі әлемі»атты саяхат – сайыс сабағымызды бастайық. Бұл білім сайысына
Екі топ қатысады,
Бірінші топ :
Екінші топ :
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
І – жүргіуші.
Енді сайыс сабағымызда берілетін тапсырмалармен таныс болайық.
1. Таныстыру.
2. «Өлең сөздің патшасы» сайысы.
3. Полиглот сайысы.
4. «Дода» сайысы
5. «Көршісін тап» сайысы
6. «Білімді өрге жүзер» сайысы.
7. «Сұрақ қояр біз, жауап берер сіз» сайысы
8. «Хат қоржыны» сайысы
9. Капитандар сайысы.
10. Қол өнер сайысы.
Жүргізуші..
Ана тілім – ардақтым, қасиетім.
Ана тілім – құдірет бас иетін
Ана тілін сақтайық, ұмытпай біз.
Ата – баба аманат өсиетін.
1. Сәлем – сөздің анасы дегендей кезекті топтардың сәлемдесуі таныстыру кезегіне сөз береміз! (топ басшылары өздерін және тобын таныстырады).
1 – топ. « »
2 – топ. « »
Жүргізуші.
2. Тәңіріме бас иіп бағынамын,
Туған жерді аңсаймын сағынамын.
Туған жер деп соғады жүрегімде,
Басымды иіп өзіңе табынамын, - дей келе кезекті
2. «Өлең сөздің патшасы» атты
мәнерлеп оқу сайысына береміз.
(Әр топ сайыскеріне бір өлеңнен беріледі мәнерлеп оқуына байланысты ұпай қойылады.).
1-топ
Күш кеміді, айбынды ту құлады;
Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
2-Топ
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын;
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Жүргізуші. «Ана тілін білмеген – ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген – халқын сүйіп жарықпас» - дегендей ендігі сайысымызға көшелік
3. Полиглот сайысы. (әр топ мүшелері берілген тапсырма бойынша үш тілде аударма жасау керек).
1 – топ.
Аю, мама, солнце, дос, книга
2 – топ.
Заяц, әке, аспан, брат, бала
4. «Дода» сайысы.(кестеде көрсетілген тақырып бойынша әрбір сандарды таңдайды.Сол сандар бойынша сұрақтарға жауап береді.)
Қазақ тілі
10
30
20
40
Қазақ әдебиеті
10
30
20
40
Аралас
10
30
20
40
Қазақ тілі
10 – Қазақ тілінде неше септік бар? (7 септік)
20 – «Шаһар» сөзінің синонимі? (Хандық,
30 – Сан есім,зат есім сөздері біріккен қала атауы.(Екібастұз)
40 – Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? (Қанша? Неше?)
Қазақ әдебиеті
10 – Жүз жасаған ақын? (Жамбыл)
20 - Абайдың қанша қарасөзі бар? (45 қара сөз)
30 - сыйлық
40 – «Көксерек» әңгімесін кім жазған? (А.Байтұрсынов)
Аралас
10 - Ұлттық музыкалық аспаптардың түрі. (үрмелі, ұрмалы, шертпелі )
20 - Қолөнері кімнің кәсібі? (зергер)
30 – Ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкерлері? (Талғат Мусабаев, Тоқтар Әубакіров)
40 – Қазақтың батыры, әрі ақыны, күйші. (Махамбет Өтемісов)
Жүргізуші: : Сенің әрбір тынысыңмен кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем .
Ел бетіңе қалай түзу қараймын,
Ана тілім егер сені білмесем.
Ана тілім Дана тілім,бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
5. «Сұрақ қояр біз, жауап берер сіз» сайысы
1-топ
1. «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңы қашан қабылданды?
А) 1989 ж.
ә) 1997 ж.
б) 2000ж.
в) 1999ж.
2. ҚР Ата Заң қашан қабылданды?
А) 14 наурыз 2006ж.
ә) 16 желтоқсан 1986ж.
б) 1 желтоқсан 1991ж.
в) 30 тамыз 1995ж.
3. «Моя биография» дұрыс аудармасын көрсет
а) Сенің өмірбаяның
ә) Оның өмірбаяны
б) Менің өмірбаяным
в) Сіздің өмірбаяныңыз
4. ҚР бас қаласын көрсет.
А) Атырау
ә) Алматы
б) Астана
в) Шымкент
5. Дұрыс аудармасын көрсет. «Я работаю воспитателем»
А) Мен дүкенші болып істеймін.
ә) Мен суретші болып істеймін.
б) Мен тәрбиеші болып істеймін.
в) Мен сауыншы болып істеймін.
2-топ
1. Дұрыс құрастырылған сөйлемді тап:
а) Тұрамын қаласында Көкшетау мен.
ә) Қаласында Көкшетау мен тұрамын.
б) Көкшетау мен қаласында тұрамын.
В) Мен Көкшетау қаласында тұрамын.
2. Ретімен қойылған апта күндерін көрсет.
А) Сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі, сәрсенбі, дүйсенбі, бейсінбі.
ә) Дұйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсінбі, жұма, сенбі, жексенбі.
б)Жұма, дүйсенбі, бейсенбі, жексенбі, сәрсенбі, сенбі, сейсенбі.
в) Жексенбі, сейсенбі, бейсенбі, сәрсенбі, дүйсенбі, сенбі, жұма.
3 Балаба...ша сөзіндегі тиісті әріпті көрсет
а) Ғ
ә) К
б) Г
в) Қ
4. Дұрыс аудармасын көрсет: Мен балабақшада жұмыс істеймін.
А) Я работаю в школе.
ә) Я работаю в магазине.
Б) Я работаю на почте.
В) Я работаю в детском саду.
6. Қазақ халқының ұлттық тағамын көрсет.
А) борщ
ә) палау
б) бауырсақ
в) компот.
Жүргізуші. Әркімнің туған тілі – туған шеше
Оған бала міндетті сан мың есе, деген
Ана тілімізде оқып, білім алып, еліміздің ертеңін
Нұрландырайық!
Деген екен Сабит Мұқанов
Келесі сайысымыз
6. «Көршісін тап» сайысы. (әр топқа кезекпен – кезек мақал оқылады, сол мақалдың жалғасын табу керек).
1-топ
1. Өзге елде сұлтан болғанша,
(Өз еліңде ұлтан бол!)
2. Туған жерге ... (туыңды тік).
3. Ер – еліңде,..(гүл – жеріңде).
4. Әкесі бардың арысы бар, (Ағасы бардың жағасы бар,)
5. Ана сүті бой өсіреді, (Ана тілі ой өсіреді.)
6. Өз елім - ... (өлең төсегім).
7. Оқы да біл, (Ойна да күл.)
2-топ
8. Туған жердің ... (күні де ыстық), түні де ыстық.
9. Білгеннің бір тоғыз, (Білмегенің тоқсан тоғыз.)
10. Ақылды бала – арла бала, (ақылсыз бала – сорлы бала)
11. Ана – сүті бал, (бала – тілі бал)
12. Ел-елдің бәрі жақсы,... (өз елің бәрінен жақсы).
13. Жат елдің жақсысы болғанша, ... (өз еліңнің сақшысы бол).
14. Отанды сүю (отбасынан басталады)
Жүргізуші.
Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп.
Қазақ тілін,
Қазақ тілін сүйеміз деп келесі сайысымызға көшеміз.
1. «Білімді өрге жүзер» сайысы.(әр топ берілген тапсырмаларды орындайды).
Бірінші топ
1. Керекті әріптерді қойыңыздар.
Вставьте нужные буквы.
Көң...л-күй, ат...-ж..нің, мен...ң,
танысай...қ, ас б....лме, қона.... бөлме,
к....көніс, жем....стер, п...с....ру
2. Қазақ тіліне аударыңыз.
Переведите на казахский язык.
У меня есть семья.
Доброе утро.
Как здоровье?
Готовлю ужин.
3. Выберите правильный ответ.
10 жиырма 60 жүз
20 сексен 70 елу
30 он 80 алпыс
40 жетпіс 90 елу
50 тоқсан 100 қырық
Екінші топ
4. Дұрыс жалғауларды табыңыздар.
Найдите правильные окончания.
Алма - а) –лер ә) -лар б) – дар в) – дер
Алмұрт – а) – тер ә) – тар б) -дар в) – дер
Гүл - а) - лер ә) – лар б) – дер в) – дар
5. Дұрыс сөйлемді құрастырыңдар.
Правильно постройте предложения.
Наурыз тойымен, сізді, құттықтаймын, мен.
Тілейсіз, тілек, жақсы, сіз.
Қоямыз, дастарханға, наурыз көже, біз.
Күнді, өткізесіңдер, бұл, көнілді, сендер.
Әсем, құттықтайды, күнімен, Наурыз анасын.
6. Екінші бағаннан дұрыс аудармасын
табыңыздар. Из второго столбика найти
правильный перевод.
А) қызыл А) работа
Ә) денсаулық Ә)зеленый
Б) пәтер Б) декабрь
В) қыс В) квартира
Г) жасыл Г) голова
Д) желтоқсан Д) морковь
Ж) сары Ж) зима
З) бас З) красный
И) жұмыс И) здоровье
К) сәбіз К) желтый
Қ [pic] ара жәшікте не барын табу керек
Бірінші топ
Түсі қызыл, жасыл, сары болады.
Пішіні – домалақ.
Ағашта өседі. Дәмі тәтті.
Біз оны жейміз.
Екінші -топ
Біз дүкенге барамыз. Нан аламыз.
Сүт аламыз. Ет аламыз.
Бізге дүкенші бермейді. Бізде не жоқ?
Жүргізуші Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеу тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Ол үшін тіліміздің қадір қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек.
8. «Хат қоржыны» сайысы. (әр топбасшысы конверт ішінен қағазға аяқталмай жазылған хатты алып оқиды.Сол хатты аяқтауы тиіс).
1 – топ.
Қымбатты балабақша меңгерушісі! Мен балабақшаға келгелі...
2 – топ.
Құрметті Елбасы! Менің арманым болашақта ...
Жүргізуші
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін.
Қазақ осы - өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы қарасын ба , ақсынба.
Қоңырсынба жатырқауды білмейтін- деп тоғызыншы сайысқа өтелік
9. Капитандар сайысы. (Әр топтың капитандарына бірнеше сөз беріледі. Сол заттын атауын айтпай тобына жеткізу керек. Кім жауабын тапса ұпай сандары беріледі)
Домбыра, сәукеле, қара шаш, қасқыр, жылқы, көже, ана, ту, әнұран, компьютер
Жүргізуші: Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным,
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап кеткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
10. «Қол өнер» сайыстың шарты (әр топқа екі түрлі түсті қағаз бен желім беріледі. Осы сайыста олар осы екі түстен әдемі қазақ оюымен кілем жасауы керек)
Жүргізуші.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
Тілеймін, дәл осылай барлығыңның
Тек қана биіктерден көрінгенін, - деп бүгін ойын-сайысымызды аяқтаймыз.__