Салалас құрмалас .Ыңғайлас салалас 8 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бекітемін:

Күні: 18.01.2016

Пәні: Қазақ тілі

Мұғалім: Аққалиева Г.Е.

Сынып: 8

Сабақ тақырыбы:

Салалас құрмалс .Ыңғайлас салалас

Жалпы мақсат:

Жаңа білімді түсінеді, топта жоба жасайды, қорғайды және бағалайды.

құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау


Сабақта қолданылатын материалдар:

Тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары, слайд, бейнебаян, фотосуреттер, жұлдызшалар, смайликтер

Оқыту әдістері:

Топпен жұмыс, «Ыстық орындық»,«Екі шын, бір жалған», «Домино», сергіту сәттері, «Топтастыру» стратегиясы

Блум таксономиясы, «Көркем ойлармен жұмыс», «Білім ағашы», «Желкенді қайық»

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

«Шаттық шеңбері»

Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

Бірлік барда, тірлік бар деген бабам,

Бірлікпен бірге соқсын жүрегіміз.

«Мен кіммін?» 2 шын, 1 жалған ақпарат

Мен Атырауда туғанмын.

Мен мұғаліммін.

Мен бастауыш сыныпқа сабақ беремін.

Топқа бөлу. (Жай сөйлем түрлері, құрмалас сөйлем, салалас құрмалас түрлері)

I. Білу

«Ыстық орындық» әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.

Оқушылардың үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыптардан ережелер сұрау.

II. Түсіну

«Домино» ойыны. Келтірілген мысалдарды ретімен орналастыру керек: келесі жол, алдыңғы жолмен байланысу керек. Осыдан келіп жаңа тақырыптың мазмұнына түсу.

Ендеше оқушылар бүгінгі жаңа тақырыптың атауы «Салалас құрмалас сөйлем. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.»Оқушылардың дәптерлеріне жаздырту.

Оқушыларға берілген нақыл сөйлемдерді ретімен орналастыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.


III. Қолдану

А) Қызығушылықты ояту. Жаңа сабақтың мақсаты айтылғаннан кейін 1-слайд

«Топтастыру» стратегиясы арқылы салалас құрмалас түріне түсіп, ыңғайлас салаласқа түсу, топтастырылады.

Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес,бағыттас,ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз.Мысалы:

Көмірден май да шығады,темір қорытатын кокс те шығады.

Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да,жалғаулық шылаусыз,іргелес тұрып байланыса береді.жалғаулық шылаулардың қатысу-қатыспауына қарап,ыңғайлас салаластарды жалғаулықсыз ыңғайлас салалас деп екіге бөлеміз.

Жалғаулықсыз ыңғайлас салаластағы кейбір жай сөйлемдер бір мезгілде қатар болған я болатын істерді білдіреді.Мұндайда олардың баяндауыштары көбінесе бір шақта тұрады.

Ол кісі ойға қарай шұбатылған жолмен төмен кетті,мен жарға асылған жолмен жоғары кеттім.жастардың қолы қырықтықта,аузы әнде.

Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, да/де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады.

Топ бойынша экраннан көрсетілген кластер құру арқылы тапсырмаларды орындайды, тапсырмалар қолданады.

Сергіту сәті

Логикалық сұрақтар. 3 топтағы жас ерекшеліктеріне қарай оқушыларға логикалық сұрақтар беріледі.

1) Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді. (атасы, баласы, немересі).

2) Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ 20 мин ұшады да, қайтарда 80 минут ұшады. Себебін түсіндір? (Екеуі бірдей 1 сағ 20 мин = 80 мин).

3) 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше? ( 12 минута, бәрін бірге саламыз).

4) Бір жанұядағы 5 ұлдың бір -бірден қарындасы бар. Жанұяда барлығы қанша бала бар? ( 6 бала ).

5) 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма? (бірдей).

6) Төрт пен бестің арасында арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір).

7) Үш пар ат 30 км-ге шапса, әр ат қанша км шапқан? (30).

8) Төрт қойдың неше аяғы бар? (16).

9) Үш майшам жанып тұрды, екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (екеуі, біреуі сөндірілмегесін жанып кетті).

10) Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4). 2-слайд

Интербелсеңді тақтадан нақыл сөздерін тексере отырып, топпен бірге айтылып орындалады. Ойлау, жан-жақтылығы, ерекшелігі анықталады.

IV. Талдау

«Көркем ойлармен жұмыс», топпен жұмыс жасау. Топқа түрлі тапсырмалар беру.

1-топ: 97-жаттығу. Тапсырма. Берілген құрмалас сөйлемдердің ыңғайлас салалас екенін дәлелдеңдер.

2-топ: 98-жаттығу. 1.Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар да, қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін анықтаңдар.

3-топ: 98-жаттығу. 2. Жалғаулықты шылаулардың қайсысы жай сөйлемдерді байланыстырып, қайсысы бірыңғай сөйлем мүшелерін байланыстырып тұрғанын ажыратыңдар. 3-слайд

Сыныптағы белсенді оқушы басқаларға бағыт беріп отырады. Топтық талқыға салады, ойланады. Өзгелерді тыңдай отырып , өз білімін толықтырады. Ізденеді. Орындайды.

Берілген тапсырмаларды орындап қағазға жазып, топ ішінен бір спиктер қорғайды.

V. Жинақтау

«Білім ағашы» 4-слайд

А) Сыныптасына қандай тілектер айтар едіңдер?

Б) Білім туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

[pic]

(Әр оқушы жапыраққа бүгінгі сабақтан алған білімдерінен өздеріне арнап, тілектер мен білім туралы мақал-мәтел айтып, терек бұтағына жазады)

VI. Бағалау

Постерлер астына смайлик жапсыру арқылы топтар ақылдасып, басқа топтарды бағалады.Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын бағалайды.Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.

Топ мүшелері өзін –өзі өлшемді бағалайды, топтық бағалау ұсынылады.

VII.Үйге тапсырма

110-бет, 100-жаттығу. Көп нүктенің орнына жай сөйлемдерді ойларынан қосып, берілген жай сөйлемдерді ыңғайлас салалас құрмаласқа айналдырыңдар.

Ережелер жаттау. 5-слайд

Оқушылар күнделіктер жазады.

Рефлексия

«Желкенді қайық» ұсынылады.

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Оқушы үні

6-слайд

Оқушыларға «Желкенді қайық» қағазын толтыру ұсынылады. [pic]























Топқа бөлу

Жай сөйлем түрлері

Жақты сөйлем

Жақсыз сөйлем

Жайылма, жалаң сөйлем

Толымды, толымсыз сөйлем

Атаулы сөйлем

Салалас құрмалас сөйлем

Ыңғайлас, себеп-салдар салалас

Қарсылықты салалас

Түсіндірмелі салалас

Талғаулы салалас

Кезектес салалас

Құрмалас сөйлем

екі немесе бірнеше  [link] .







Домино

1-топ: Үй ішінің қарбалас жүрісі саябырлады да барлық үлкен-кіші

қонақтардың айналасына жиылды.



2-топ: Алыс жол атты сынайды ауыр күн ерді сынайды.



3-топ: Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен екен.











1-топ: 97-жаттығу. Тапсырма. Берілген құрмалас сөйлемдердің

ыңғайлас салалас екенін дәлелдеңдер.



2-топ: 98-жаттығу. 1.Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар да,

қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін анықтаңдар.



3-топ: 98-жаттығу. 2. Жалғаулықты шылаулардың қайсысы жай сөйлемдерді байланыстырып, қайсысы бірыңғай сөйлем мүшелерін байланыстырып тұрғанын ажыратыңдар.