О дыбысы және әріп

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Сауат ашу және жазу

О о дыбысы және әрпі

Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Балаларды О дыбысы мен әрпімен таныстыру,оның сөз ішіндегі ерекшеліктерін меңгерту.

О дыбысына сөздер, сөйлемдер ойлату.Ойлау қабілеттерін,байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын дамыту.Ұқыптылыққа, таза жазуға үйрету.

Көрнекілігі: әріптер,буындар,жазба, баспа түрі,текшелер, суреттер.

Әдісі: түсіндіру,оқу,жазу,ойын,сұрақ жауап.

Пәнаралық байланыс: қоршаған орта.

Ұйымдастырылған оқу қызметің барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан әр күнге.

Өткен оқу қызметін қайталау.

Ой қозғау

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбысты естиміз, айтамыз

-Әріп дегеніміз не?

-Әріпті көреміз, жазамыз.

Өткен дыбыстарды қайталап айту.

А,П.Т.Н,Ғ,Р,Л,У,Ш,Й.

-Буындарды оқимыз.

Та,Па,На,Ға,Ра,Ла,Уа,Ша,Ай.

Сөздерді оқимыз.

-ата,апа,аға,ана,ара,ала,ака,аша,ай,айна,науа.

«Тез тап,тез жаз» суреттер бойынша сөздер жазу.Алманың ,ағаштың,тарақтың суреттері арқылы бас әріптерінен а-та сөзін жазу.т.б

Текшелермен сөз жазу және дыбыстық талдау жасау, тақтаға сызбамен көрсету.

Сергіту сәті. «Ойыншықтар» әнімен сергіту жасау.

Жаңа оқу қызметі.

Жұмбақтар.

1.«Оюда бармын»,

«Допта» бармын.

«Түнде» жоқпын,

Мен сонда қандай дыбыспын?

-О дыбысы.

2.Көлеңкесінен қорқып безектейді

Ал оның баласын «көжек»дейді (қоян)

3.Оспанда өлең жаттады,

Олжаста өлең жаттады.

Қай әріптен басталад

Екеуінің аттары.

-О дыбысынан басталады.

4.Балалармен достасып,

Жазда бақты қорғайды.

Күзде кетер қоштасып,

Кім біледі (торғайды).

Міне, біз бүгін О дыбысы мен әрпімен танысамыз.

О- О- О дыбысты хормен айтқызу.

О дыбысы дауысты дыбыс қызыл текшемен белгіленеді.

О әрпін тақтаға, ауаға жазып көрсету.

О дыбысы бар буындармен таныстыру.

Ой,Ор,Ол.

Буындардан сөз құрау.

Ой- на, Ой -ла, Ор- ал, Ор- ақ, Ол- ар, Ол- жа.

Т-ой, т- ор, т- ол.

Суреттер бойынша қол шапалақтау арқылы буынға бөлу.

Қо -ян,тор ғай,о- жау,қон -жық,дом –бы- ра, мон- шақ, қой,қо зы.

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Әліппе- дәптермен жұмыс.

1-тапсырма. Буындарды сөздерді оқу.

2-тапсырма.О әрпінің үзік сызықпен берілген таңбасын бастырып О әрпін ретімен жазып шығу.

3-тапсырма. Берілген торкөздің ішіндегі жоқ әріпті жазып сөз құрау.

Ой, той, ойла.

Қорытындылау: Сонымен, балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде қандай дыбыспен таныстық?

-О дыбысымен.

-Дауысты ма, дауыссыз ба?

- Дауысты.

Оқу қызметіне белсене қатысқан балаларды мадақтау.





















Көптілеуова Майра













Сауат ашу және жазу

(ашық сабақ)

Оо дыбысы және әрпі

























С.Жаңғабылов атындағы орта мектеп

2016-2017 оқу жылы