Исжанова Княз Мусулумовна
Алматы облысы Ұйғыр ауданы
«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі
мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
9-сынып
Мерзімі 11 ақпан 2015 жыл
Сабақтың тақырыбы:
Ата-анаң – алтын тұғырың
Мақсаты:
Ата-ана құндылығы туралы түсіндіру;
Ата-ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтау түсініктерін дамыту;
Ата-анаға мейір-махаббат сыйлау және қамқорлық көрсету дағдыларын қалыптастыру.
Сілтеме:
Өзін-өзі тану оқулығы, 85-94 бет
Күтілетін нәтиже:
Ата-ана құндылығы туралы түсінеді;
Ата-ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтау түсініктері дамиды;
Ата-анаға мейір-махаббат сыйлау және қамқорлық көрсету дағдылары қалыптаса бастайды.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Таныстырылым, үлестірме қағаздар, түрлі-түсті стикертер, флипчаттар
Оқыту әдістері:
Жаңа әдістер, диалог, түсіндіру әдісі, «Сәйкестендіру» стратегиясы, бағалау
Тапсырмалар:
Топтық талдау, болжау, салыстыру, зерттеу
Шаттық шеңбері «Аяқталмаған сөйлем» стратегиясы Мен қуаныштымын, себебі.....
Ата-ана баланы үнемі қолдап отырса.....
Мен үшін бақыт деген.....
Отбасының қорғаны .....
Ата-анаңыз сіздің қандай да бір іске өнеріңізді, қызығушылығыңызды байқаса ....
Ата-анаң сен еркелегенде ....
Ата-анаңызды ренжітіп алдыңыз ....
Отбасымда ең сыйлы ....
Отбасымда ең қымбатты ....
Отбасымда ең ақылды ......
Отбасымда ең сүйкімді ......
Отбасымда ең құрметті ......
Отбасымда ең құнды .....
Отбасымда ең бағалы ......
Отбасымда ең қажет .....
Оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, сабаққа дайындау
Ұйымдастыру кезеңі
Топтарға бөлу шеңбер бойынша тұрған оқушыларды «Мен», «Отбасымды», «Сүйемін» сөздері арқылы топтарға бөліп отырғызу
Жаңа сабаққа мақсат қою
Отбасының тірегі кім?
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Ойланайық, пікірлесейік
«Ата-анаңды қадірле» бейне роликті көру
«Ой қозғау» стратегиясы
Бейнеролик туралы не айтар едің?
Оқып үйренейік
Б.Соқпақбаев «Менің атым – Қожа». Топта жұппен, топпен жұмыс жүргізіледі. ДЖИГСО стратегиясы қолданылады.
Талдау
Қожа үшін отбасындағы әкенің орны
Қожа үшін отбасындағы ананың орны
Өзіміз үшін ата-ананың қолдауы дегенді қалай түсінесің
Бағалау
Әр топ басқа топтарға «Екі жұлдызша, бір тілек» стратегиясы арқылы баға береді.
Жаңа ақпарат
93-бет Оқулықтан оқып, түсіндіру
Дәйексөз
Әке – асқар тау,
Ана – ағып жатқан бұлақ,
Бала – жағадағы құрақ.
Дәйексөзді түсініп отырып, дәртерге көшіру.
Тыныштық сәті
Музыка аясында «Ата-анам – берік қорғаным» тақырыбында эссе жазу
Кері байланыс
Биопоэма
Жүректен жүрекке
«Ана туралы жыр» Ш.Қалдаяқов