Пән: Өзін – өзі тану.
Күні. 23.01.2016
Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: Жалынды жастық шақ.
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттері: адамгершілік, пен ізгілік, жақсылыққа ұмтылу, сенім, мейірімділік.
Мақсаты: оқушыларға жастық шақтың адам өміріндегі шешуші кезең екендігін сезіндіру.Мақсаттарын дұрыс айқындауға ықпал ету.
Міндеттері:
--өздерінің табиғи икемділіктерін ескере отырып мамандық таңдауға бағыттау;
-өз жолын дұрыс таңдаған адамның болашағы жарқын, мақсаты айқын болатындығын ұғындыру;
-оқушыларды өз өміріне, ойы мен сөзіне, ісі мен әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы.
І. ұйымдастыру кезеңі:
«5-Т» ережесін інің сақталуын еске түсіру:
Талап, тәртіп, тыныштық, тазалық, татулық
Үй жұмысын тексеру
«Жастарға хат» әңгімені оқып, мазмұның айту.
Пікіралмасу:
-Мәтінде айтылған жастық кезеңнің міндеттері сіздің ұстанымызға сай келе ме?
-Күнделікте өмірде өзіңізге талап қоя білесіз бе? Ол не үшін қажет?
-Өзіңе сыни көзбен қарау дегенді қалай түсінесіз?
ІІ. Дәйексөз
«Жастық шағың –жарқын жаздың бейнесі, Құтты жаздың ала алсаң жоқ бермесі»
-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінеміз?
Дәйексөзді ұлдар, қыздар жеке- жеке хормен оқып, дәптерлеріне жазып алады.
ІІІ. Мұғалімнің сыйы:
«Тәкәпәршілік» аңыз әңгімені оқып, талдау.
-Әңгімеден не түсіндік?
-Қарт адам Франклинге қандай ақыл айтты?
-Сол ақылдан өзіне пайда алды ма?
ІV. Шығармашылық жұмыс
Жастық шақ туралы мақал- мәтелдер жазу.
-«Менің болашағым» атты шағын әңгіме жазу.
Сурет салу: «жарқын болашақ»
V Топпен ән айту.
«Асыл арман» хормен ән айту.
VІ Үйге тапсырма:
«Неге арналсаң, соны істе!» мәтінді оқып, мазмұның айту.
Жастық шақ туралы мақал- мәтелдер жазып келу.
VІІ. Соңғы тыныштық сәті:
Баяу әуен қойылады:
-Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
-