Урок на тему Махмұт Қашқари 9 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қазақ әдебиеті

9 - сынып Күні: 2015 жылы 6- наурыз 2 - сағат

Сабақтың тақырыбы

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Кім жазықты» романы туралы

Сілтеме

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың жинақтары, оқулық, хрестоматия

Жалпы мақсаты

Оқушыларға Романның мазмұнын толық меңгеру барысында негізгі кейіпкерлердің іс - әрекеті арқылы мінез – құлқын ажыратып, әйелдер тағдырын тану; оқушыны өз бетінше роман туралы ой жинақтауда ізденіске дағдылау; оқушыны жаманнан жақсыны тани білуге үйретіп тәрбиелеу; әйел мен ер адамдар құқығы, әдет – ғұрыптағы қалыңмал, көп әйел алуды заң жүзінде тану.

Күтілетін нәтиже

Осы тақырып бойынша ескі қазақ өмірі туралы кең көлемде білім алады,адалдықты, тазалықты, шынайы махаббатты сезінеді

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Қараңғы адам мен оқыған адам арасындағы айырмашылық, оның адам өміріне әсері, өмірдегі әр адамның орны туралы

Тапсырмалар

Оқушының іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасы

3.Сот жүргізу

5.Жазаланушыны анықтау

6.Бағалау

7.Үйге тапсырма

1.Образдарға бөлу

2.Сұрақ-жауап

3.Соттағы жауаптар

4.Талдау жұмысы

5.Дарынды оқушымен жұмыс


Жұмыс түрлері

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс

Сабақ типі

Сабақ түрі

Сабақтың әдісі


Пәнаралық байланыс

Бекіту сабағы

Сот сабағы Сұрау, талдау, жазу, салыстыру


Орыс тілі,қазақ тілі, құқық,

Дереккөздер және жабдықтар

Интербелсенді тақта, оқулық, қосымша ақынның кітаптары, дәптер, флипчарт, тақта




Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары


І. Ұйымдастыру кезеңі

Жалпы топпен отырып үй тапсырмасын және өткен сабақты пысықтайды. Интербелсенді тақтада жазылған сұрақтарға жауап береді,ақынның өмір жолын қайталайды


. ІІ. Үй тапсырмасы

«Қамар сұлу» романы туралы қысқаша қайталау Дөңгеленіп сұрақтар қою арқылы

ІІІ. Сот жұмыс

Кіріспе сөз. Мұғалім сөзі.Біз «Кім жазықты?» романымен толық танысып,мазмұнын меңгердік.Кейіпкерлермен жақын танысып, олардың мінез – құлқын аша білдік. Романның негізгі тақырыбы – әйел теңсіздігі, өз заманының әлеуметтік мәселесі. Олай болса, осы роман бойынша сот сабағын бастаймыз.

Сот –

Халық кеңесшілер і-

Қорғаушы -

Айыптаушы –

Жазаланушы –

Әйелдері -


ІV.Миға шабуыл

Оқушылар өздеріне бөлінген образ бойынша тапсырмалар орындайды.


Мұғалім сөзі. Бүгінгі сабақта бірінші сөз кезегі айыптаушыға беріледі.

Айыптаушы: Романның мазмұны бойынша негізгі кейіпкер Әжібайдың іс – әрекеті әділетсіздік, жағымсыз іс деп танимын. Бұған романдағы дәйектерді айғақ ете аламын.
1.Әжібай жасынан бұзық жолмен өсті, ол тым еркелікті перде етіп ұстап, айтқанын орындата білді.
2.Қалаға оқуға барды, бірақ оқуы ұзаққа бармады, еркелік өтіп кетті.
3.Ол әйелдерін тастап, ел кезіп, кезбе атанды.
4.Байлықты арқа сүйеп, мағынасыз өмір сүрді.
5.Туған ата – анасына қарсы шығып, тіл тигізген, қол жұмсаған кездері болды.
6.Үй шаруашылығына қарамай, жұтқа ұрынды. Себебі, ол отбасының қамын ойламады.
7.Қала тұрғынына еліктеп, бой – басын жасанды түзеп, Аппақайды өзіне қаратпақшы болды. Аппақай мен фельдшер жігіттің арасына түсіп, шынайы махаббаттың жауына айналды.
8.Жұттан кейін ұры ұстап, ауылдың малын ұрлатты, істі болды.
9.Әжібай халқына пайдалы еңбек ету мақсатын білмеді. Керісінше, зорлық, үстемдік көрсетті.
Сонымен бірге, романда осы Әжібайды толықтыра түсетін кейіпкер – әкесі Тасболат. Тасболат кім?
1.Тасболат - ескі ауылдың байы. Ол байлығын жанынан үстем ұстайды.
2.Ел ішіне өзгеріс ене бастаған кезде ел билеу ісінен айырылып қалу кезеңін сезіп, дереу өз басының қамына кіріседі.
3.Әжібайды оқудан шығарып алады.
4.Ескі салт – дәстүрді берік ұстап, балаларына бесіктен бастап ауқатты, беделділермен құда түседі.
5.Әжібайды зорлықпен Жаңылға үйлендіреді.
6.Өз балаларына дұрыс тәрбие бере алмайды.

Мұғалім сөзі. – Балалар, хрестоматия оқулығынан Әжібайдың бейнесін
ақын тілімен суреттелуін тауып оқиық. ( 419б, 5 – шумақ . 420 б. 3 – шумақ).


Айыптаушы: Әжібай – Тасболаттың кенже баласы. Ол байлықтың арқасында бірнеше әйел алды. Әмеңгерлік салтымен, әке ұйғарымымен алған алғашқы әйелі – жеңгесі – Жаңыл, жасы 18 – де, ал Әжібай бұл кезде 13 – те еді.

Мұғалім сөзі: Ақын тілімен Жаңылдың бейнесі қалай берілген? ( 421б. 2 - шумақ).

Айыптаушы: Екінші әйелі – Жамила. Оның әкесі Жұмағұл мен Тасболат Меккеге қажылыққа барғанда, бесік бесік құда болып қойған. Жамила Әжібайдан алты жас үлкен. Яғни Жамиланы алғанда Әжібайдың жасы 14 –те еді.

Мұғалім сөзі: Ақын тілімен Жамиланың бейнесі қалай берілген? ( 420 б. 2 - шумақ).

Айыптаушы: Арада 3 - 4 жыл өтіп, Әжібай 18 – ге толады. Арақ пен темекіге бірдей үйір болады. Үйде сырдаң, түзде мырзаң күй кешеді. Қала қызы Аппақайға көзі түсіп, сөз салады. Қызды қарата алмай жүргенде, үйінің жағдайы нашарлайды. Әжібайдың онымен ісі болмайды. Әке мен бала арасында ұрыс болады. Елге мазақ болады. «Өз әйелдеріңді сүймесең, қалаған қызыңды айт, алып беремін, малым жетеді», - деп әкесі ұлына тағы екі әйел алып береді. Бірақ ел кезуін қоймайды. Үйіне келсе, төрт әйелі мен балалары шулап, мазасы кетеді. Отбасында береке болмайды. Мұның бәріне кім кінәлі? Әрине. Әжібай.
Мұғалім сөзі: Ақын тілімен отбасының береке кетуін тауып оқиық. ( 428 – 429 б).

Айыптаушы: Әжібай дәурен өмір сүрді, үй ісіне қарамады. Қыс қамын ойламады. Ұрлықпен байимын деп қылмысты болды. Бірақ Байболдың арқасында құтылып кетті. Ол «қызымды теңіне, ұлыма сүйгенін алып беремін» деген сөзінен тайды.Ұлдары мен қыздарына бай жерден құда болды, қалыңмал алды. Әжібай өз әкесінің алдына келтірген абыройсыздық пен қиянаттың бәрін өз ұлы Қабыштан көрді. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келер» дегеннің кебін киді. Мұндай әжібайшылдық ұрпақтан – ұрпаққа жалғасты.
Құрметті сот, сотқа қатысушылар! Мен, айыптаушы, Әжібай іс – әрекетін түгел баяндай отырып, бүкіл Тасболат ұрпағының бұзылуына, өмірге, болашаққа жеңіл көзбен қарауына, Әжібай әйелдерінің үйінен бақыт таба алмауына не басқа біреумен бақытты отбасын құра алмауына «кім жазықты?» деген сауалды қоя отырып, жігерсіз Әжібайды жазықты деп танимын, оны айыптаймын, тиісті жазасын алуы керек деп ойлаймын.
Құрметті сот, мен өз міндетімді атқардым.

Мұғалім сөзі: Бүгінгі жазаланушы Әжібай мен әйелдеріне сөз кезектерін берейік.

Жазаланушы: Айыптаушының сөздерін өтірікке шығара алмаймын. Бірақ менің жастығым мен жасықтығым осындай өмірге әкелді. Өз істерімді мойындаумен бірге, сол заманға қарғыс айтып, кейінгі келер ұрпағыма менің жолымды таңдамасын, болашаққа жаңа өмірге қол созсын, ескінің құрбаны болмасын деймін.Сот қандай шешім қабылдаса да , мен өз кінәмді көтеруге дайынмын.

Әйелдері: Әжібай маған әмеңгерлік салтымен қосылды. Ол мені ұнатқан емес, менің жасым да үлкен, сонымен менің салақтығым мен икемсіздігімді бетіме басумен болды.Мені жаны ашыған ене тәрбиесі аялауды білмеді. Мен өз басым Әжібайға қосылғаныма разы емеспін, тек ойлағаным өз төркінімнің беделі, абыройы. Қазақтың салтына қарғыс айтамын.
Жамила. «Бай байға құяды» деген сөз рас екен. Менің жастық дәуреніме балта шапқан бесік құда болып отыр, қалыңмал салты құрсын демекпін.
Зылиқа мен Ырысты. «Бай мен бай құда болса, араларында жорға жүрер» дегендей, біз де қалыңмал құрбаны болдық. Растаймыз.
Мұғалім. Сөз қорғаушыға беріледі.

Қорғаушы. Құрметті сот! С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романындағы Әжібайдың іс – әрекеттері бойынша айыптаушының сөзінен кінәлі деп айтқанын мен қорғаушы тарапынан қостамаймын. Оған мына дәлелдер негіз болады деп ойлаймын.

1-ден: айыптаушы Әжібайды ерке, бейпіл сөйлейді деп айыптады. Бұған
қарсымын. Және оқудан шығып кетті, құлқы жоқ деді, ал романда Әжібай ойы жүйрік, жасынан зерек деп суреттеледі. Бірнеше әйел алуы, сүймегеніне жастай үйленуі, ол – әкесінің Әжібайдың жеке басының құқығына қол сұғуы деп дәлелдеймін.

2 – ден: әйелдерін ұрып соғуы, баласына әкелік мейіріммен қарамауы, ол сол кездегі жастардың баласын ата – әже бауырына салуы десем, «әйелді бастан» деген қазақтың ата салты себепкер болып тұр деп дәлелдеймін.

3 – ден: шаруашылыққа қарамауы байлардың құл, күң ұстауы дер едім.

4 – ден: Әжібай өз басы әйел құмар емес, қай кезде де жастар үйлену мәселесін өз құқықтары бойынша шешу керек. Ол қазақтың салты бойынша әке – шешенің сөзін жерге тастамады, сондықтан үйленді. Бұл жерде де ол кінәлі емес.

5 – ден: Тасболат ұрпағының бұзылуына сол кездегі солар жасаған орта, дәуір, қоғам жазықты деп танимын. Қазақтың ескі салт – дәстүрі жазықты.
Құрметті сот! Қорғаушы тарапынан айтарым, осы айтылған ұсыныстарымды әділ қарауыңызды сұраймын.

Мұғалім сөзі. Соттың шешуі бойынша сөз халық кеңесшілеріне беріледі.
Халық кеңесшілері:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер,
Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер.
Басшысы жоқ, биі жоқ, елім қайтіп күн көрер, -
Асан қайғы айтқандай ол заманда басшысы да, биі де байлар жағында болды. Ал қазақ қыздары үшін қазылған ор - қалыңмал еді. Әжібай әйелдерінің өмірінің қорлықта өтуіне бас себепкер де қоғам, сол қоғамда тәрбиеленген Әжібай деп білемін. Әжібай айрандай ұйып тұрған ата – баба салтымызды бұза алмады. Оны бұзу жолы есіңе де келмеді. Себебі, халық әлі оянбаған, тек алдыңғылар соның ізімен жүрді. Сол себепті мен де Әжібай, Тасболат, Қабыш жазықты емес, қоғам жазықты, - деп білемін.
2 – халық кеңесшісі: - «Адам - құл өзін жеңіп ұстамаған» деген Сократ.Бұл істе Әжібай әйелдері де кінәлі. Олар өз бақыты үшін күресе алмады. Қалыңмалдың құрбаны болды. Олар отбасының тазалығы мен берекесін келістіре білсе, Әжібайды жылы қабақпен қарсы алса, Әжібай бұл жолға түспес еді. Жазушы романда үстем таптық кезеңдегі әйелдердің кемшілігін көрсете білген. Бұл істе әйелдері де жазықты, - деп ойлаймын.
Сергіту сәті
Соттың шешімі:
- Бүгін сотта «Кім жазықты?» романындағы негізгі кейіпкер Әжібайдың ісі қаралып отыр. Әрбір куәнің айтуымен, романның мазмұны бойынша Әжібай ісімен жете таныстық.
Сот өзінің мүшелерімен келісе отырып, мына шешімге келді.
Романдағы Тасболаттың ұрпақтары: Әжібай, Қабыш бұл істерге сол өз замандасымен салыстырғанда жазықты емес.
Енді,міне, заман өзгерді, ел жанарды, адам өзгерді. Біздің заманымызбен қарасақ та Әжібай жазықты емес. Оны тәрбиелейтін орта болмады. Сот Әжібай жазықты емес, - деп шешті.
Мұғалім. Оқушылар, сот сабағы аяқталды. Тұрыңыздар.Зал соттан босатылсын.
Сонымен, бүгінгі сабақ өз мақсатына жетті. Сабақты жинақтау барысында мына сұрақтарға жауап берсек
.

1.Романда қандай халық даналығынан қандай мақалдар кездесті?
2.Қандай кірме сөздерді кездестірдік?
3.Қандай әдет – ғұрыптар кездесті?
4.Жалқы есімдерді ата.
5.Әдебиет теориясының қай түрі бар?
6.Заманына қарай несі? Тоғайына қарай несі


VІ.Бағалау


VI.Сабақты қорытындылау. Оқушы және мұғалім

VІІ. Үйге тапсырма

Тәелсіздік пен тәуелділік эссе жазу





























Қызым, саған айтамын, сен өзің тыңда: 
1.Таңғы ұйқысын қимайтын жігітпен тұрмыс құрмағын!
 
Азандағы жалқаулық түс ауғанда шабыт әкелмес.
 
2. Қарынды жігітке назар аудармағын!
 
Өзін тежей алмаған адам, өзгеге қамқор бола алмас.
 
3. Ашуланғанда қолына не түссе соны лақтыратын адаммен бас қоспағын!
 
Бүгін ол зат лақтырса, ертең сені де лақтырады.
 
4.Ата-анасының бетінен алатын жігіттен аулақ жүргін!
 
Оларды аямаған адам сені тіпті де оңдырмас.
 
5.Жайбасар ынжықтан аулақ болғын!
 
Бүкіл тірлікті саған жүктеп, өзі бейғам отыра берер.
 
6.Құрбыларыңның көзінше зекитын жігітке жоламағын!
 
Түкке тұрмайтын сылтаумен сені тастап кете беруі мүмкін.
 
7.Әркімге жарамсақтанған жағымпаздардан іргені аулақ салғын!
 
Ондайлардың әр қатынасы үшін қорланып жүрерсің.
 
8.Саған үнемі өзі бірінші болып, хабарласпайтын адамға жоламағын!
 
Шынайы махаббат шақырусыз-ақ өзі келеді.
 
9.Көңілің барынша толмайтын адамға тұрмысқа шықпағын!
 
Кейде онсыз тұра алмаймын деген адамынан да ажырасатын кез өмірде бола береді.
 
10. Болып-толған адамға ешқашан сенбе!
 
Өмірінде қателеспеген, қиындық көрмеген жан бұл дүниенің қадірін біліп жарытпас.
 
Дегенмен, қызым! Жаны жайсаң, ниеті таза, ақ адал адамды танып, тапсаң - көңілін қалдырма, оны кеудеден итерме!