«Балапан» II- кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Өткізілген күні:
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: «Тіл дамыту».
Тақырыбы: «Бізге көлік қалай және қандай көмек көрсетеді?»
Мақсаты
Білімділік: Балаларға көліктер туралы түсінік беру, олардың түрлерін ажыратуға үйрету; сурет бойынша әңгімелей білуге үйрету.
Дамытушылық: сөздік қорларын толықтыру, дауыс ырғағын дұрыс сақтап сөйлеулерін дамыту.
Тәрбиелілік: ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: көлік түрлері туралы әңгімелесу.
Әдіс тәсілдері: Көліктердің түрлерін ажырата білуге арналған тапсырманы түсіндіру, көліктердің пайдасы туралы мәлеметтерді көрсету,сұрақ-жауап.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Түрлі көліктермен мамандардың суреттері.
Сөздік жұмыс: жеңіл көлік, жүк таситын көлік, пойыз, автобус.
Билингвальды компонент: жеңіл көлік-легковый транспорт, жүк таситын көлік-грузовой транспорт, пойыз-поезд.
Іс- әрекет Кезендері
Тәрбиешінің іс- әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Білер қазақ баласы
Сәлем-сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдеседі, бір-біріне ыстық тілектерін айтады.
Ізденушілік ұйымдастыру-шылық
Балалардың назарына өлең жолдарын аударады.
Үлкенмін ғой, міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
М.Әлімбаев
-Мен не туралы өлең оқыдым?
-Балалар, айтындаршы, кімге қандай ойыншық ұнайды?
-Алмаз, сенде қандай ойыншық бар?
-Қандай көліктің түрлерін білесіңдер?
Көліктің түрлерін көрсетемін (3-4 түрін көрсету).
Алдымен жүк көлігін көрсетемін.
-Мына көлікті жүк көлігі дейді. Бұл көлікпен жүк тасиды.
-Ол не тасиды екен?
-Жүк көлігі гүрілдейді. «Гүр-гүр-гүр» деген дыбыс шығарады. Кәне, бәріміз қайталаймыз.
-Балалар, мынау қандай көлік? (автобус)
-Мына көлікті автобус көлігі дейді. Бұл көлікпен адамдарды тасиды.
-«В-в-в-в» деген дауысымыздың ырғағы орташа шығады. Қайталаймыз.
-Ал мынау қандай көлік? Бұл көлікті жеңіл көлік дейді.
-«Ыың-ың-ың» деген дауысымыздың ырғағы төмен шығады. Қайталаймыз.
-Ал мынау қандай көлік? Бұл –пойыз.
(пойыз көлігін сипаттау).
Сергіту сәті:
Бөп-бөп, пыш-пу...
Мен ең күшті
Менен күшті
Кім бар? Пыш-пу!
Теміржолшы
Абай болшы:
Жол ашып қой,
Жер қашық қой!
Бу-бу-бу!
Бө-ге-ме!
«Кімді, нені қай көлікке отырғызамыз?» дидактикалық ойыны. (сызық арқылы қосу).
-Машина.
-Машина , қуыршақ,пойыз,автобусұнайды.
-Жүк таситын, жеңіл көлік,пойыз,автобус, трамвай.
-Құм тасиды.
-Тас тасиды.
-Гүр-гүр-гүр.
-Автобус.
«в-в-в-в» деп қайиалайды.
-Жеңіл көлік.
«Ыың-ың-ың» деп қайталайды.
-Адамдар отырады.
Балалар қимылмен көрсетеді.
Тәрбиешінің көмегімен тапсырманы орындайды. Екінші бағандағы суреттерді көлік түрлерімен сызық арқылы қосу.
Рефлексивті-
Түзетушілік
-Балалар, біз бүгін не туралы әңгімелестік?
-Көліктердің қандай түрлері бар?
Сұрақ жауап арқылы балалардың оқу іс-әрекетін қорытындылайды.
Біз бүгін көлік туралы әңгімелестік.
Көліктердің көптеген түрі бар.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Көліктердің түрлерін ажырата білуге арналған тапсырманы біледі;
Қандай түсініктерді игереді: Көліктердің пайдасы туралы мәлеметтерді игереді;
Меңгерген іс-әрекет дағдылары мен іскерліктері: Сұраққа толық жауап бере білу іскерліктерін меңгереді.