Сабақтың тақырыбы: Адам және отбасы
Мақсаты: «отбасы жарастығы», «отбасы бақыты», «отбасы қуанышы» ұғымдары туралы түсінік беру;
Міндеттері:
Отбасын қадірлей білу,адам өмірінде отбасының алатын орны туралы мағлұмат беру;
Оқушыларды өз отбасын қадірлей, құрметтей білуге шақыру;
Өз отбасына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру;
Көрнекілігі: маркер, отбасы суреттері, слайд, АКТ, А-3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен амаандасу, сыныпты түгендеу, сабақ құралдарын тексеру, сабаққа көңіл аударту
ә) тыныштық сәті
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстел үстіне қоюымызға болады. Көздеріңізді жұмуыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты, және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек қана жақсы сөз бен жақсы әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жеттікөзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздердің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі, сәулелі ой ғана келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, ұстаздарыңызға, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын...»
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жайлап көзіңізді ашуларыңа болады. Рахмет б)үй тапсырмасын сұрау
«Өзімізді ата-әжелеріміз туралы» шағын әңгіме жазып келу
Қызығушылықты ояту сатысы:
Сабағымызды бастамас бұрын топ басшылары келіп мына суреттердің бірін таңдайық.
/ «әке», «ана», «бала» суреттерін ұсынамын/
-Олай болса таңдап алған суреттерге байланысты топтарға бөлінейік. Әр топқа тапсырма таңдаған суреттерге байланысты бір шумақ өлең айту / тобымен
Мағынаны тану сатысы:
Қалай ойлайсыздар не себепті біз «әке», «ана», «бала» болып үш топқа бөліндік?
Бұл үш сөз арқылы отбасы, жанұя деген ұғымдарды қарастыруға болады. Отбасы, жанұя сөздерін естігенде қандай ай пайда болады?
Әрине бүгінгі сабағымыз ыстық ұямыз отбасымыз жайлы яғни тақырыбымыз: «Адам және отбасы» деп аталады.
Сабағымызды елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. » деген сөздерімен бастағалы отырмын.
Жаңа сабақ
/Оқушылардың жаңа сабақ туралы ойларын дамыту мақсатында , интерактивті тақтаның көмегіне сүйене отырып: «Ата-анаға қамқорлық» туралы бейне жазбаны көрсету./
Оқушылар өз ата-анасына қалай қамқорлық жасйтыны, ата-ананың өмірдегі рөлі туралы з ойларымен бөліседі. Өз ойларын бейнежазбадағы жауаппен салыстыру.
Мәтінмен жұмыс
«Туған күн» мәтіні берілген, топтар бөлініп талқылайық. Әр топқа тапсырма: мәтін бойынша пікірлерді жинақтап, өз пікірлерін ортаға салу.
[pic] -тобы Әлібектің туған күн туралы ішкі ойы
[pic] -тобы Әлібектің жертөледе бейтаныс баламен танысуы
[pic] -тобы Әлібектің өзін ең бірінші рет бақытты сезінудегі көңіл-күйі
«отбасы жарастығы »неге байланысты деп ойлайсыздар?
Оқушылардың ойларын салыстыру мақсатында «Туған күнің құтты болсын құлыным» бейнежазбасын назарларына ұсынамын.
Мұғалім сөзі:
Өмірде адам үшін ең қымбаты ол-отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болған жағдайда ғана бірлік болады. Бірін-бірі аялап, кешіре, түсіне білген жағдайда ғана отбасы берік болады.
Дәйексөз
Отбасының өнегесі- Отан өнегесі
/ Б. Момышұлы/
Оқушылар дәйексөздің мағынасын ашып , өз ойларын ортаға салады.
Шығармашылық жұмыс /топтық жұмыс/
Суреттер сөйлейді
[pic]
[pic]
[pic]
/Осы отбасына байланысты суреттерді топ басшылары келіп бірін таңдайды және тобымен бірге таңдалған суреттерге байланысты шығарма немесе бір шумақ өлең шығару тапсырылады/
Топ мүшелері бірін-бірі мадақтайды.
Сабақты қорытындылау:
[pic] -тобы: Әкенің отбасындағы алатын орны
[pic] -тобы: Ананың отбасындағы алатын орны
[pic] -тобы: Баланың отбасындағы алатын орны
Сабақты қорытындылай келе оқушыларға «Өмір мектебі» бейнежазбасын ұсыну
Рефлексия
/Стикер қағаздарға ата-анамызға, отбасымызға шынайы тілегімізді жазып мына киіз үйге жапсыру/
[pic]
Үйге тапсырма: «Менің отбасым» тақырыбында эссе жазу
Соңғы тыныштық сәті: Бүгін сабақта үйренген құндылықтар мен қасиеттерді есімізге түсірейік. «Нұрлы күн аясында бақытқа бөленген мен отбасының бақыты кешірімділік, татулық, бірлік, мейірімділік, қайырымдылықты үйрендім. Менің бойымда қамқорлық жасау, мейірімге бөлену қасиеттері қалыптасты.Осы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық». Енді жайлап көздеріңді ашуға болады. Бүгінгі сабағымыздан алған ізгі қасиеттерімізбен құндылықтарымызды жүрек түкпіріне сақтайық.