Ж. Жабаев. Патша әмірі тарылды. Ленинградтық өренім. 9-сынып.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Патша әмірі тарылды», « Ленинградтық өренім» (9 сынып. Қазақ әдебиеті )

Сабақтың мақсаты: Білімділік : Оқушыларға жыршы, ақын Ж. Жабаевтың өміріне шолу, ақындық мұрасымен таныстыру, ақын туралы білімдерін толықтыруға ықпал ету. Дамытушылық: Оқушының ой- өрісін, әңгімелесу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыны ақын мұрасын қадірлеуге, Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың типі: Бастапқы жаңа білімді оқып үйрену және есте сақтау іс әрекетінің тәсілі.

Сабақтың ұйымдастыру түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Ж.Жабаевтың суреті. С.Аронұлының суреті. Ақын туралы ұлы тұлғалардың сөздері жазылған плакат. Қима қағаздар. Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы : І.Ұйымдастыру кезеңі а) Сәлемдесу. ә) Психологиялық жаттығу. б) Топқа бөлу. І топ «Зерттеушілер», ІІ топ « Ақындар»

ІІ. Үй тапсырмасы ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Кластер құру.

І топ. ХХ ғасыр басындағы оқу- ағарту, баспасөз. ІІ топ. Әебиеттегі халық болашағын жақсартуды іздестіру бағыттары.

ІІІ . Жаңа сабақ 1. Топтастыру әдісі. .Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы. Ж.Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу. Серіту сәті. « Сағат тілімен достар»

2. Оқулықпен жұмыс. І топ. «Патша әмірі тарылды» өлеңін оқып, идеясын ашу. Өлеңді тіліне, құрылысына талдау. ІІ топ. « Ленинградтық өренім» өлеңін оқып, идеясын ашу. Өлеңді тіліне, құрылысына талдау.

Фиш технологиясы. Проблема. Себебі. Салдары. Қорытынды.

І топ. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. ІІ топ. Ұлы Отан соғысы.

.Дәптермен жұмыс. Ақынның заманымның өрнегі деген өлең жолдарындағы

«өрнек» дегені « Отанның үлгілі етіп өсірген ұл- қыздары » деген мағына береді.

Қорытынды: бес сөйлемнен тұратын эссе жазу.

«Галереяны шарлау» әдісі бойынша эсселерді оқып,стикерге пікір жазып ілу. Бағалау. Топ басшылары бағалау парағына бағалайды.

Рефлекция. « Ойлаудың алты қалпағы"

Ақ қалпақ- сабақта не ұнады.

Қара қалпақ- сабақта не ұнамады.

Сары қалпақ- сабақ не туралы болды.

Жасыл қалпақ - тақырыпқа сәйкес мақал- мәтел, ән орындау.

Күлгін қалпақ - оқушыларға жеке жеке баға беру.

Қызыл қалпақ- сабаққа баға беру.

Үйге тапсмырма: «Болашаққа тапсырма» конверті

  1. «Жамбыл- Отаншыл ақын» деген тұжырымды дәлелдеңдер. «Патша әмірі тарылды» өлеңін жаттау.

  2. Жамбылдың «Менің пірім- Сүйінбай» деуінің мәні қандай? «Ленинградтық өренім» өлеңін жаттау.