Қылмыс пен жаза (9 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: Тақырыбы: Қылмыс пен жаза Мақсаты: Оқушыларға қылмыс жайлы түсіндіру. Жаман әдетке жоламауға, мектеп тәртібін дұрыс орындауға тәрбиелеу. Барысы: Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Адамды қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда...


Тақырыбы: Қылмыс пен жаза

Мақсаты: Оқушыларға  қылмыс  жайлы  түсіндіру. Жаман  әдетке  жоламауға,  мектеп  тәртібін  дұрыс  орындауға  тәрбиелеу.

Барысы:

Мұғалім: Армысыздар  құрметті  ұстаздар, оқушылар!

Адамды  қылмыс жасағаны үшін жазаға  тартқаннан  гөрі оның  алдын  алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу  жұмысының нәтижелі  болуы  алғаш  жасалған  теріс  қадамның дер кезінде 

анықталуынан  ғана  емес,сонымен  бірге  кәмелетке толмағандардың  жеке тұлғалық  ерекшеліктерін ескеру ге  де  байланысты. Мектеп  жасындағы  балалардың құқықтық санысының төмендігі олардың  қылмысты  көп  жасауынан,  заң талаптарына өз талаптарын  қарсы  қоюына әкеліп  соғады. Сондықтан  оқушылар қылмысының  алдын  алып,  құқықтық  тәрбие  беру  бүгінгі  күннің  өзекті  мәселесі.  Құқықтық тәрбие кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз  етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Осы мақсатта оқушылар арасында өткізілгелі отырған «Қылмыс пен жаза» атты дөңгелек үстелімізге қош келдіңіздер.


                                               Дөңгелек үстел 4 бөлімнен тұрады:


  1. Мен заңды қаншалықты білемін.(яғни сіздерге бірнеше жағдайлар оқылады. Мұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер де, себебін айтасыздар, егер қылмыс емес деп тапсаңыздар сол қолды көтересіздер себебін тағы айтасыздар.

  2. Ешқандай заңы жоқ арал.(бұл сіздердің алдарыңызға плакат беріледі соған өз ойларыңызды сурет арқылы бейнелеп түсіндіріп бересіздер.) постер әдісі деп аталады

  3. Қызыл, сары ,көк ауыл атты тренинг

  4. Қылмыскер бала қайдан шығады деп аталады.(Ой қозғау)

Бүгінгі дөңгелек үстелімізге келген қонақтарымызбен таныс болыңыздар.

  1. Мектеп инспекторы С.Махмутов

  2. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Мақсымбай

  3. Мектебіміздің педагог- психологі А.Сырлыбаева


Мұғалім: 1 – бөлім. «Мен заңды қаншалықты жақсы білемін?» деп аталады. Қазір мен бірнеше жағдайларды оқимын. Бұның ішінен оқылған жағдайды қылмыс деп тапсаңыздар оң қолды көтересіздер, себебін түсіндіресіздер, егер қылмыс емес деп тапсаңыздар сол  қолдарыңызды көтересіздер, себебіне  әр жағдайға жеке тоқталып , түсініктеме бересіздер.

  1. Дүкенде спирттік ішімдікпен бірге  есірткі  де  сатылады.

  2. Түнгі көшеде жастар  айқайлап  өлең  айтып  келе  жатыр.

  3. Сатушы сатып алушыға  байқамай  артық ақша  беріп  жіберді, ал  сатып алушы  өзіне  тиесілі  ақшадан  артық  екенін біле  тұра  қайтіп  бермеді.

4.Бір  оқушы  сыныптасына: «ертең   20 теңге  әкеліп  бересің, әкелмесең басқаша сөйлесеміз» деп күш  көрсетті.

  1. Химиялық завод өзінің  зиянды  өнімін  өзенге тастады, сол өңірдің ауасы  бұзылды.

  2. Жоғарғы сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларының бір – бірінің заттарын ұрлауы

 7.Сыныптағы  бір  бала  екінші  баланың  сумкасын  сызып  тастады.

  1. Мектепте ұялы телефонды үнемі пайдалануы.

(Оқушылар  түсініктеме  берген  соң  заң  қызметкері  заңға  сүйене  отырып, өз  ойын  айтады).


Мұғалім: Келесі  бөліміміз  «Заңсыз  арал»  деп  аталады. (бұл сіздердің   алдарыңызға плакат беріледі соған өз ойларыңызды сурет арқылы бейнелеп түсіндіріп бересіздер.

Біз  ешқандай  заңы  жоқ  аралда  өмір  сүрсек, не  болар  еді? (Оқушылар  пікірі  тыңдалады).

  Заңсыз  елде  әркім  өз  білгенін  істейді, тәртіп  сақталмайды. Сондықтан  адамдар  қалыпты  жағдайда  өмір  сүре  алмайды, ал тәртіп  пен заң  біздің  қалыпты  тіршілігіміз  үшін  қажет. «Тәртіпсіз  ел  болмайды,тәртіпке  бас  иген  құл  болмайды»  деген  Б.Момышұлының  сөзін  естен  шығармайық.

Мұғалім: Енді келесі бөлімді тренингке берсек.

     Баяғы өткен заманда Арал деген шахарда адамдар тату тәтті  өмір сүріпті. Адамдар бір – бірімен дос, бауыр, бір –бірінен еш нәрсе аямапты. Бір күні  аспаннан әр түрлі  ленталар түсіпті де адамдар үлгергенінше бірі көгін, бірі қызылын, бірі сарысын таласып алыпты. Күндердің күнінде қатты жел, боран соғып қызыл лента алғандар қызыл, көк лента алғандар көк болып шанхай, жаңа ауыл, автобаз деген ауыл – ауылға бөлініпті. Әр ауыл бөлек – бөлек қорған тұрғызыпты. Сөйтіп адамдар бір  – бірімен достықты ұмытып, бір – бірімен араласпай араларында алауыздық туындайды. Шанхай ауылында су бар азық жоқ, Жаңауылда азық бар су жоқ, Автобазда  азық та, су да бар от жоқ . Енді қалай өмір сүруге болады, не істейсіздер?  Бұл әңгіменің астарында бір жұмбақ жатыр, сол жұмбақты кім шешеді?

      Адамдар ауыл – ауыл , көше – көше болып бөлінгендіктен сол бөліну кезінде құқықтары бұзылады, бір – бірінің заттарын ұрлап осы жоқшылықтың кесірінен қылмыс туындайды.(құқық қызметкері сөйлейді)

Мұғалім: Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған жағдайлардың бірі ол – мектеп жасындағы балалардың қылмыс жасауы. Құқық бұзушылық істейтін жұмыстың жоқтығынан, Абай атамыз айтқандай «көйлегі көктік, тамағы тоқтық аздырар адам баласын» дегендей қазір сіздердің алдарыңызға екі сурет көрсетіледі. Біріншісі тіп – тік әдемі салынған үйдің суреті. Екіншісі – фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті. Бұл тек үйдің суреті ғана емес, бүгінгі күн тәртібіндегі жасөпірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы  бала тәрбиесі туралы не айтуға болады? Оқушылар өз ойларын айтады.

Бұдан  соң  заң  қызметкерлері  сөйлейді.

Мұғалім: Ж.Аймауытов: «Тәрбиеге  әсер  ететін  нәрсе  өскен  орта, ата ананың  тәрбиесі. Соңғысы  күшті  болмаса, бара-бара адамды  замандас, жолдастың азғырып, адам  неше  түрі  жаман  мінезді  жұқтыратыны  белгілі»,-деген. Сол  сияқты  балаңыздың  қылмыс  жолына  түспеуіне  бірден-бір жауапты  ата-ана , сынып жетекшісі екенін атап айтты.

Бүгінгі дөңгелек  үстелімізді  бала  тәрбиесінде  басты  рөлді  ата-ана мектепте сынып жетекшісі атқаратындығын, сондақтан олар әр уақытта пән мұғалімдерімен, ата-ана мектеп ұстаздармен байланыс жасап  және достарының  кім екенін  біліп  отыру керек екендігін айтытты.