Бекітемін
Мектеп директоры Қ.Даумов
Пәні: Қазақ тілі Мұғалімі: Абуталиева Асем
Сынып 5 «А»
Күні 01.09.2016ж
Сабақтың тақырыбы
«Мен – елімнің патриотымын»
Сілтеме:
«Мәңгілік ел» патриоттық актісі. Қосымша деректер
Жалпы мақсаттар:
Мемлекеттілікті, халықтар бірлігін және барлық қазақстандықтарды «Мәңгілік ел» құндылықтары төңірегіне шоғырландыру одан әрі дамыту;
Қазақстанның Тәуелсіздіктің 25 жыл аралығында жеткен жетістіктері мен табыстарын көрсету;
Бірегейлік пен бірлікті нығайту;Елі үшін мақтаныш сезімін нығайту;
Оқыту нәтижесі:
«Мәңгілік ел» патриоттық актісімен танысады. Қазақстанның Тәуелсіздіктің 25 жыл аралығында жеткен жетістіктері мен табыстары жайлы мәлімет алады;
Бірегейлік пен бірлікті нығайтып,елі үшін мақтаныш сезімін нығайтуды үйренеді;
Тапсырмалар:
Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау
Жүргізетін жұмысым
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
2 минут
3 минут
15 минут
6 минут
4 минут
5 минут
5 минут
5 минут
Психологиялық дайындық
Жарқын болсын күніміз,
Жарқын шықсын үніміз.
Елін сүйіп ер жетер,
Біз болашақ гүліміз
«Танысайық» тренингі.
Алдымен мұғалім өзін таныстырады. Топтарға бөлу.Қызығушылықты ояту.
-Балалар, бүгін қандай күн, қандай мереке?
-Сіздер үшін бүгінгі мереке несімен ерекше?
Топ ережесімен таныстыру.
Білу. «Сұрақтар керуені»
Суреттер арқылы тақырыпты ашу. Оқушыларға сұрақтар қою.
-Қалай ойлайсыздар бізге білім алу не үшін керек?
-Отан деген не, кім қалай түсінеді?
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
-Қазақстан Республикасының президенті кім?
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Түсіну. Жетістіктер мен табыстарды атап өту
2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Бұл мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді.
Осы кезең ішінде не тындырдық? 25 жылда жеткен жетістіктеріміз қандай? Биыл осы сұрақтарға жауап беретін, өткен жылдарға қорытынды жасап, Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын еліміздің есепті жылы десек, қателеспейміз.
1991 жыл
1 желтоқсан. Тұңғыш рет жалпыхалықтық дауыс беру жолымен Қазақстан Президентін сайлау рәсімі өткізілді. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен (98,76%) жеңіске жетті.
1992 жыл
Тәуелсіздіктің алгашқы жылы Қазақстан үшін өзін әлемге таныту жылы болды. Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да ірі халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Көптеген ірі мемлекеттермен тікелей саяси-экономикалық қатынас орнай бастады.
1993 жыл
Қазақстанда қараша айында ұлттық валюта - теңге енгізілді.
1994 жыл
Президент Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік экспорт-импорт банкі» құрылды.
1995 жыл
Президент Жарлығымен Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Н.Назарбаев Қазақстан үшін тарихи маңызды оқиға деп атап өткен төл теңгемізді шығару фабрикасының ашылу рәсімі өтті.
1996 жыл
1996 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа, сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.
1996 жылы 30 қыркүйекте Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу (ЯСЖТ) шартына қосылды.
1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік монументі» ашылды.
1997 жыл
1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды.
1997 жыл -халықтық жалпы келісім мен саяси репрессия құрбандарына арналған жыл болып, «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.
1998 жыл
1998 ж. 1 маусымында - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері құрылды.
1998 жылы 10 маусымда тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып, астана күні тойланды.
1998 жыл - Ұлттық тарихы мен бірлігі жылы.
1999 жыл
1999 жыл - Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы жылы.
1999 жылдың 10 қаңтарында өткізілген мерзімінен бұрын болған президенттік сайлауға қатысқан дауыс берушілердің 79,78 %-ы Н.Ә.Назарбаевты қолдады.
1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.
2000 жыл
2000 жыл - «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.
Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.
2000 жылы 29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды.
2000 жылы 1 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот жүйесін күшейту жөнінінде» Президент Жарлығы қабылданды.
2000 жыл Елбасы Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.
2001 жыл
Елбасы Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай экономиканы өркендету, халықтың тұрмысын жақсарту тұрғысында барлық билік қүрылымдарына міндеттерін нақтылап берді. Сонымен қатар еліміздің 10 жылдық тәуелсіздік мерейтойына байланысты халықаралық дәрежеде іс-шаралар атқарылды.
2002 жыл
ҚР Президентінің Жарлығымен ағымдағы жыл Денсаулық жылы болып жарияланды.
2003 жыл
2003 жыл – мемлекеттік деңгейде қабылданган оралмандардың тарихи отанына оралуы бағдарламасының қабылдануымен маңызды.
2004 жыл
Қазақстан үшін ағымдағы жылды Қазақстандагы Ресей жылы деп жариялау Ресей Федерациясымен қарым-қатынастардың тереңдей түсуініц көрінісі ретінде қабылданды. Елбасының «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін!» Жолдауы Қазақстан Республикасының қарқынды даму жолын айқындады.
2005 жыл
2005 жыл сайлау жылы болды. Парламент Сенаты мен ел президенттігіне сайлаулар елдегі бірқатар билік күштері мүдделерінің тоғысуына алып келді. Елбасы Н.Назарбаев өзінің жаңа президенттік мерзімге ниеті барын растады.
2006 жыл
2006 жыл өткен Президент сайлауы нәтижесінде аптарлыцтап жогары пайыз дауыспен жеңіске жеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттікке қайта оралуымен басталды. Қазақстан Республикасының Әнұраны озгерді. Жаңа Әнұран авторларының бірі Н.Назарбаев болды. 2006 жылгы Жолдау Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясына арналды.
2007 жыл
Ел Президентінің шешімімен Қазақстанда ойын бизнесін ұйымдастыру жөніндегі қызметтерге шектеулер қойылып, қызмет ету аясы Заң жүзінде анықталды. Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары жөнінде Жолдау жариялады.
2008 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауы республиканың әлеуметтік даму бағыттарында бірқатар мақсаттарды айқындады.
2009 жыл
Әлемдік дағдарыс жағдайына қарамастан Қазақстан жан-жақты даму саясаты бойынша алға басты. Республикада ислам банкинг жүйесін енгізуге бағытталған заң жобалары қабылданып, тиімді қаржы құралдарын қолдануға шарттар жасалынды. Қазақстан екі онжылдық бойы халықаралық аренада сенімге тұрарлық мемлекет құрып келе жатқандығымен сипатталды.
2010 жыл
2010 жыл Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуімен басталды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан төрағалығының сенім, дәстүрлер, транспаренттік және төзімділік (4Т) қағидаттарына негізделетінімен ерекшеленетінін атап өтті.
2011 жыл
2011 жылдың басты оқиғасы – бұл әрине сәуір айының басында өткен кезектен тыс Президент сайлауы. Орталық сайлау комитетінің мәліметі бойынша, сайлаушылардың 99,5 % өз дауысын Нұрсұлтан Назарбаевқа берді.
Осы жылы еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толды
«Дін туралы» жаңа заң қабылданып, Қазақстан Республикасының Дін істері жөніндегі агенттік құрылды және оның басшысы болып Қайрат Лама Шариф тағайындалды.
2011 жылдың тағы бір ерекшелігі – осы жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Елбасы» атағы берілді.
2012 жыл
15 қаңтар күні өткен кезектен тыс Парламент сайлауы нәтижесінде еліміздің заң шығарушы органы көп партиялы атанды. Парламентке «Нұр Отан» партиясынан бөлек, «Ақ жол» мен «Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы» өтті.
Жылдың ең маңызды саяси оқиғасы – «Қазақстан 2050» стратегиясы. 14 желтоқсан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялады. Еліміздің межелі уақытқа қоятын мақсаты мен стратегиясы – әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену.
2013 жыл
«Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы бойынша барлық зейнетақы қорлары бірігіп, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» құрды.
2014 жыл
Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды.
2015 жыл
Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл
2016 жыл
2016 жылы Бөкей Ордасының құрылғанына 215 жыл толады.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығы.
1836-38 жылдары еліміздің батысында болған халық көтерілісінің қолбасшысы Исатай Тайманұлының 225 жылдығы өтетіні жоспарланған.
2016 жылы Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл толады.
Семей сынақ аймағының біржола жабылғанына 25 жыл толады.
2016 жылдың 16 желтоқсанында - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы.
2016 жылы Алаш көсемі, қоғам және мемлекет қайраткері, журналист, ғалым, халқымыздың ардақты ұлы Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді.
Рио-де-Жанейро қаласындағы ХХХІ жазғы олимпиада ойындарында Қазақстаннан әлемдік бәсекеге 26 спорт түрінен 104 спортшы қатысып, бақ сынады. Қазақстандықтар барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) алып, ел спорты тарихында күміс және жалпы жүлделер саны жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Олимпиада жеңімпаздарымен таныстыру.
Қолдану.
Топтастыру.
1 топ. Тәуелсіздік.
2 топ. Отан
3 топ. Патриот
Сергіту сәті.
Талдау.
Күн салынған беттерді әр топқа таратамын. Бүгінгі тақырыпқа байланысты сөздерді күнге сәуле етіп жазыңдар. Бүгінгі сабақтан түйгендерін, үйренгендерін жазып, талдау.
Жинақтау.
«Мен елімді көркейту үшін не істей аламын?» сұрағының төңірегінде «ойлан, жұптас, бөліс» стратегиясы арқылы жұптық әңгіме.
Бағалау.
Медаль Миссия
Мұғаліммен танысып, берілген суреттер бойынша топқа бөлінеді; топ ережесімен танысып,ұстануға сенім білдіреді.
[pic] [pic] [pic]
Суреттердің мағынасын ашып, берілген сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар берілген мәліметтерді тыңдап, керегін түртіп отырады. Қазақстанның жетістіктері мен табыстары жайлы түсінік алады.
Рио олимпиада жеңімпаздарымен танысады.
Топтастыру жұмысын жүргізеді.
Серік Адайдың «Тәуелсіздік »атты видиоролигін көреді.
Бүгінгі сабақтан не үйренгендерін, түйгендерін күн сәулесіне жазып, талдайды.
Жұптасып елін көркейту үшін не істей алатындығы жөнінде ой бөліседі.
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алды және қандай баға беретіндігі жөнінде кестені толтырады.
Кейінгі тапсырмалар
«Мен – елімнің патриотымын» эссе жазу.
Берілген тақырып бойынша эссе жазады.
Келісемін
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Қапарова
Нұржау жалпы орта мектебі
Алғашқы сабақ
«Мен - елімнің патриотымын»
5 сынып
Өткізген Абуталиева Асем Исатайқызы
2016 оқу жылы