Тақырыбы:
Публицистикалық стильдің
қолданылу орны.
Пән: Қазақ тілі.
Сынып: 9-сынып.
Аптасына: 1сағат.
Барлығы: 34 сағат.
Мұғалім: Нургалиева Г.А.
Публицистикалық стильдің қолданылу орны.
Қазақ тілі 9-сынып.
Түсінік хат.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұрған ұлы мақсат- білімді де саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу-біздің қоғам алдындағы борышымыз. Ұрпақ зердесіне ұялар тіл орамдылығын арттырып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын байыту мақсатында 9-сынып оқулығындағы стильдер тарауын негізге ала отырып жасаған «Публицистикалық стильдің қолданылу орны» атты бағдарламамда оқушының тіл мәдениетіне, айтайын деген ойының логикалық жағынан дәлелді, бұқараға ықпал ету сипатының басым болуына көңіл бөлдім.
Бұл курс 34 сағатқа негізделген. Аптасына 1сағат.
Курстың мақсаты: сөзді қоғамдық пікір қалыптастырудың құралы ретінде жұмсап, көпшілікке арналған мерзімді басылымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында(газет, журнал, радио, теледидар) қандай тілдік қолданыстарды алуға болатыны туралы мағлұмат беру. Жазушы мен сөйлеушінің шеберлігі- сөздерді керекті жеріне орналастыра білу керек екенін шәкірт санасына жеткізу
Курстың міндеттері: оқушылардың шығармашылық дағдыларын, қабілеттерін қалыптастыру, жетілдіру.
Жазба баспаларына деген қызығушылығын дамыту.
Шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау.
Ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін(ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту.
Ой-қиялдарын жетілдіру.
Публицистикалық стильдің өмірмен байланысын ажырата білуге жетелеу.
Күтілетін нәтиже: көркемдеп сөйлеудің амал-тәсілдерін, сөз саптау ой өткірлігі мен сезім ширақтарына негізделетінін, сөйлеу білудің қалыптасқан жүйесін, орфографиялық және орфоэпиялық нормаға сай сөз қолданыстарын білуге тиіс.
Күнтізбелік жоспар.
Сабақтың тақырыбы. Сағат саны.
Сабақтың түрі.
Пәнаралық байланыс.
Өтетін
күні.
1
Сөз сапасы мен сөз дұрыстығы.
1
Сах-қ көрініс «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Этнография «ат тергеу»
2
Публицистикалық стильдің өмірмен байланысы.
1
Бейне көрініс
Технология, көркем әдебиет
3
Көркем шығарма тілі.
1
Сах-қ көрініс
Көркем әдебиет
4
Көркем шығарма жазатын адам қандай болу керек?
1
Пікірталас
Ғылыми әдебиет
5
Қысқа хабарлар,жаңалықтар қалай жазылады?
1
Мақала
Баспасөз
6
Мектеп өмірінен жаңалықтар,репортаж жазу.
1
Репортаж
Баспасөз
7
«Ауыл түні» тақырыб.ой қозғау.
1
Ойтолғау
Қазақ тілі
8
«Төрт ана» М.Шаханов(стильдік талдау жасау)
1
Талдау
Көркем әдебиет
9
Мақала және оның түрлері.
1
Аралас
Баспасөз
10
Мақала жазу- шеберлік.
1
Салыстыру
Баспасөз
11
Баспасөзге шолу. Мерзімді басылымдармен таныстыру.
1
Топтық жұмыс
Баспасөз
12
Естігенін, ойын, қиялын, арманын жазу.
1
Ізденіс
Көркем әдебиет
13
Өмірлік мәселелерді суреттеу. «Жолдасымның қылығы», «Адамдық».
1
Ізденіс
Этика
14
«Менің арманым»(эссе).
1
Шығарма-қ сабақ
Баспасөз «Айгөлек»
15
Этюд. Қалаған тақырыбына этюд жазу.
1
Ізденіс
Баспасөз «Айгөлек»
16
Үндеу, жарнама жазуға үйрету.
1
Топтық жұмыс
Баспасөз
17
Теледидар хабары туралы ой.
1
Пікірталас
Технология
18
Саяси хабар.Музыкалық хабар.
1
Шығармашы-қ
Теледидар
19
«Мен тәуелсіз елдің ұрпағы»
1
Шығарма
Әдебиет
20
Спорт хабары, оның жүргізілу тәсілі.
1
Ізденіс
Теледидар
21
22
Практика:әр түрлі теледидар хабарын жүргізу.
2
Ізденіс
Теледидар
23
Оқушылардың өлеңдері мен мақалаларын талдау.
1
Ізденіс
Әдебиет
24
Талдаудың екі жақты этикасы(автор ж/е тыңдаушы)
1
Дәріс
Әдебиет
25
Шығарманың тілі. Нақты мәтіндер.
1
Дәріс
26
«Маған ұнаған жазушы стилі»
1
Салыстыру
Көркем әдебиет
27
Очерк, оның ерекшеліктері.
1
Салыстыру
Көркем әдебиет
28
Фельетон. Сын-сықаққа ебі бар оқушылардың қаламын ұштау.
1
Салыстыру
Көркем әдебиет
29
Аударма жұмысы. Әр жанрдың аударылу ерекшеліктері.
1
Кіріктілген
Орыс әдебиеті
30
Поэзияның мәні, мазмұндылығы. Өлеңді қара сөзбен кестелей білу.
1
Кіріктілген
Орыс тілі, қазақ тілі, әдебиет
31
Ақындық тума талантқа қамқорлық.
1
Дәріс-сайыс
Әдебиет теориясы
32
Қ.Мырза-Әли- лирика шебері, балалар ақыны. Тақырып пен стиль жаңалығы.
1
Дәріс-сайыс
Әдебиет
33
«Мұқағали- қазақ поэзиясының Хантәңірі».
1
Сайыс
Әдебиет, өнер
34
Өмір және поэзия.
1
Шығармашы
лық кеш