Сабақ жоспары. Конспект по казахскому языку

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Уақыт өлшемдері. Сан есім



Сабақтың мақсаты:

Модуль бойынша өтілген лексикалық, грамматикалық тақырыптардың қалай меңгерілгенің тексеру, алған білімдерін қорытындылау.

Қазақ тілінде қатесіз оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту.

Оқушыларды тәртіптілікке, зейінділікке, нақтылыққа, уақытты үнемдей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

Амандасу

Түгендеу

Назарларын сабаққа аудару

Балалар қазір қай жыл мезгілі?

Көктем айлары қандай?

Көктемде ауа райы қандай болады?

Бүгін аптаның қай күні?

Үй тапсырмасын сұрау.

1 слайд

1 – топ.

Сенің күн тәртібін қандай?

2 – топ.

Күн тәртібі дегеніміз не? (тақта алдында кестені толтырады)

(екі топқа)Сан есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауа береді?

2 слайд

1 – топ.

Сан есімнің құрамдық түрлерін атау.

2 – топ.

Сан есімнің мағыналық түрлерін атау.

Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсатын, барысын айту.

Ал, балалар, күн тәртібі не екенін, сан есім дегеніміз не екенін есімізге түсірдік, енді ауқыт дегеніміз не, соны айтайықшы..

Ассоциация. 3 слайд

Уақыт деген сөзді естігенде сендердің ойларына не түседі?

(оқушылар сызбаны толтырады)

Бір ғасырда неше жыл бар?

Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Бір жылда неше ай бар?

Бір жыл мезгілінде неше ай бар?

Бір айда неше апта бар?

Бір аптада неше күн бар?

Бір күнде неше сағат бар?

Бір сағатта неше минут бар?

Бір минутта неше секунд бар?

Мәтінмен жұмыс. 4 слайд

Ал, уақыттың не екенін білдік, енді уақыт өлшемдері туралы мәтінді оқиық.(оқушылар кезекпен оқиды)

1 – топ.

Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, жинақтық сан есімдерге айналдырыңыз.

2 – топ.

Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, реттік сан есімдерге айналдырыңыз.

Келесі тапсырма. 5 слайд

1 – топ.

Семантикалық картаны толтыру. (орындарында)

2 – топ.

Сәйкестендіру. (тақтада)

Сағат тәулік

Қыс қаңтар

Жыл жаз

Ай қазан

Апта қаңтар

Кестемен жұмыс. 6 слайд

(кестені тақта алдында толтыру)

1 – топ.

Есептік, жинақтық, реттік.

2 – топ.

Дара, күрделі.

Мақал – мәтелдерді сан есімдермен толықтырып, құрамына, мағынасына қарай талдау. 7 слайд

1 – топ.

Жаңбыр бір жауса,

Терек екі жауады.

Алпыс күн тасыған су,

Алты күнде қайтар.

2 – топ

Жаздың бір күні,

Қыстың бір күніне татыр.

Елу жылда ел жаңа,

Жүз жылда ел жаңа.

Ал, балалар, біз уақыт өлшемдерін, сан есімдерді айтып жатырмыз. Ал, уақыт өлшемінің бірі – сағатты білеміз бе?

8 слайд. Сағат неше болды? Сұраққа жауап беру. (тақтада белгілі бір уақыт көрсетілген 5 сағат беріледі)

Қорытынды.

Балалар, сонымен уақыт дегеніміз не екен?

Уақытты үнемдеу үшін не керек екен?

Уақытты өлшеу үшін бізге не керек екен?

Сонда сан есім дегеніміз не екен?

Үйге тапсырма. 2 тапсырма 119 бет

Бағалау. Қай топта «5» деген баға көп болса, сол топ жеңімпаз болады.