«Бекітемін»
Мектеп директоры: Ш.Байменов
Сыныбы: 6
Дос болып, бірігуден асқан бақыт жоқ! Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым-қатынасын нығайту.
Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.
Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін нығайту.
Күтілетін нәтиже
Оқушылардың дос, достық туралы сезімдері оянып, достық қарым-қатынасы нығайды.
Оқушылар адалдық, шыншылдық туралы мәлімет алды. Өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйренді.
Оқушыларда адамгершілік бір-біріне деген достық сезімдері нығайды.
Кіріктірілген модульдер
СТО,АКТ, Оқытуды басқару және көсбасшылық, Жас ерекшелігіне байланысты оқыту, Оқумен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері.
Қолданатын әдіс-тәсілдер
Топтық жұмыс, жұптық жұмыс.Аяқталмаған сөйлемдер , Синквейн әдісі, Рольге ену әдісі, тренинг.
Сабақтың барысы
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ресурстар
1-кезең
Ұйымдастыру
1 мин
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Бейбітшілік ұранымыз,
Достық, бірлік жыр-әніміз
Таңғажайып Ұлы Отанда
Тату-тәтті тұрамыз біз.
Оқушылар барлығы интерактивтік тақтадан хормен оқиды.
Интерактивті тақта
2-кезең
Білу
5 мин
Саламатсыздар ма? Құрметті қонақтар және оқушылар! Ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
-Балалар бүгін күн қандай керемет! Бізді бір отбасы деп атауға болады ғой. Ендеше мен сендерді қуанышты шеңбер құруға шақырамын. Достығымызды білдіріп үлкен шеңбер құрайық.
Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырамын.
Балалар, сіздер дос болу деген не екенін білесіздер ме? Дос болу деген қандай болады екен? Біз бір-бірімізге дос болсақ, қандай мейірімді сөздермен айтар едік .Жаттығу жұмысы. «Мен саған мына гүлді сыйлаймын ,себебі сен өте қайырымдысың..» ....Мына жасырылып тұрған түрлі түсті суреттерді таңдаңыздар,сол бойынша топқа бөлінеді. Достыққа байланысты эмблемалар. ( суреттер –көгершін , татулық,шаңырақ )
Топқа бөлінеді.
Психологиялық ахуал туғызу мақсатында оқушыларды шеңбер бойынша тұрғызып бір –бірлеріне жылы -лебіз білдіру. «Мен саған мына ойыншықты сыйлаймын ,себебі сен өте қайырымдысың..» ..
Оқушылар таңдаған суреттеріне байланысты топқа бөлінді.
Достыққа байланысты эмблемалар. (суреттер: көгершін , татулық,шаңырақ )
Топқа бөлінді.
Гүл
Түрлі түсті суреттер, эмблемалар
Постер қорғау
Түсіну
15 мин
Таңдаған эмблемаларына байланысты топ атын, ережесін түсіндіру, постер қорғау.
Топ ережесін және атын постер арқылы қорғайды .
Постер,маркер
Қолдану
5 мин
Қошқар мен теке бейнетаспасын көру.Осы мультфильмнен не байқадыңдар? Не туралы ?
Бейнежазба көру және не туралы екендігін және жеке көзқарастарын түсіндіру.
Бейнежазба
Тапсырма
5 мин
«Қар үйіндісі ойыны» Оқушыларды шеңбер етіп тұрғызып, мақал –мәтелдің жалғасын табу.
Мақал –мәтел жалғастыру бір –біріне қар үйіндісі арқылы мақалдың жалғасын табу беріледі.
Таратпа қағаздар
Болжау әдісі
Айналмалы бекет арқылы жалғастыру
5 мин
Дос туралы әңгімелерді болжап аяқтау.
Топтарға. Бір құмырсқа өз илеуінен бөлініп, ара қоңызбен дос болыпты. Жем іздей шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алыпты. Жалғыз өзі ары бері әуреленіп, қозғалта алмапты. Енді көмек сұрау үшін достарын іздейді. Гүл жинап жүрген араға жолығып: Досым маған көмектесіп жібер деп өтініпті. Көрмей тұрсың ба, менде жұмыс істеп жатырмын ғой, депті ара. Енді ара қоңыздан көмек сұрапты.
Сен үшін өз еңбегімді еш қыла алмаймын! – деп кете барады қоңыз. Екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің ұялас достарымен ұшырасыпты. Олар мұның түрін көріп: Не істеп жүрсің? Депті.
Құмырсқа өз басынан кешкенін айтады. Достары көмектеседі де, дәнді бірігіп көтеріп алып кетеді. Құмырсқа қайта үйіріне қосылады. «Жан достың қадірі ескі достай бола алмас», деген сөз содан қалған екен.
Айналмалы бекет арқылы жалғастыру
Болжау әдісін пайдаланып мәтін бойынша жалғастыру. Әр топ өз түсінігі бойынша мәтінді аяқтайды.
Таратпа қағаздар
Мінездеме беру
тренинг
3 мин
«Мінездеме беру»-тренинг берген мінездемелерін бес саусақ әдісімен жазуды ұсынамын.
Бес саусақ берілген соған өз достарының есімін жазып , әр саусаққа мінездеме береді.
Түрлі-түсті бесбармақты қағаздар, желім
Рөлге ену әдісі
2 мин
Рольге ену. 1.Мақтаншақ дос. 2.Қатігез дос .3.Мейірімді дос
Әр топ жасырылған қағаздағы тақырып бойынша рөлге ену . Қалғандары қандай сөз жасырылғанын табады.
Парақ қағаз стикер
Синквейн әдісі.
2 мин
1.Достық 2.Бірлік 3.Ынтымақ топ аттарына байланысты Синквейн әдісін қолданып (5 жолды өлең) жазуды ұсынамын.
1. негізгі ұғым -1 зат есім
2. негізгі ұғымның мағынасын ашатын 2 сын есім
3. негізгі ұғымды сипаттайтын 3 етістік
4. негізгі ұғым туралы 4 сөзден тұратын сөйлем
5. негізгі ұғымның синонимы
Бес жолды өлең әдісі .Әр топқа «Достық ,Бірлік, Ынтымақ» сөзі берілген соған байланысты құрастыру.
Таратпа қағаздар
Раунд әдісі
«Достық» туралы 32 сөзден тұратын мәтін құрастыру керек. Құрған мәтінді «16,8,4» қысқартып соңында қалған 2 сөзді оқу керек.
Раунд әдісі арқылы «Достық» туралы мәтін құрастыру.
Таратпа қағаздар
Қорытындылау
Жақсы қатысқан оқушыларды кәмпитпен марапаттау.
Рефлексия
«Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»
Достар қашанда бір - біріне жақсы тілек білдіріп, жылы сөздерін арнайды. Біз де достарымызбен бірге қуанып тек жақсылық тілек тілейік.
М. Мақатаевтың «Досым, саған сенемін!» атты өлеңімен аяқтаймын.
Өздеріңізге қандай жақсы ниет білдірсеңіздер,стикерге жазып жабыстыруды ұсынамын.
Әр оқушы өзіне не тілесе, соны жазып, жабыстырады.
Кері байланыс парағы, стикер