Іс-шараның тақырыбы:«Өнерім саған, туған жер!»

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


9 сынып оқушыларына арналған іс-шара

Іс-шараның тақырыбыӨнерім саған, туған жер!» 

Мақсаты: Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру. Оқушыларды елді, Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу.
1 - жүргізуші: Армысыздар ағайын! Еліміздің  тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Өнерім саған, туған жер» атты салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер!

 2-жүргізуші: Осыдан 30 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. 
1 - жүргізуші: Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан жастарымыз, ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік! Осы желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, орынымыздан тұрып бір минут еске алайық! Отырыңыздар!

 1 оқушы: 

Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.

2-жүргізуші: Бүгінгі біздің мерекемізбен құттықтауға келген қонақ бар. Ол қазақ тілі мұғалімі Купчик Ольга Владимировна. Қошеметпен қарсы алыңыздар!

2 оқушы: 

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

1 - жүргізуші: Отаным, туған жерім, Атамекенім өнерімді саған арнаймын!»

«Я -казах» әнін біздің құрметті қазақ тілі мұғалімдері айтады.

2 - жүргізуші: Қазір біз қазақ хындығының құрылуы тарихына үнелемімз!

9 «А»

Қазақ хандығының  дербес ел байрағын көтергеніне биыл 550 жыл толып отыр. Қазақ хандығы ХV ғасырда өмірге келген, ал бүгінгі тәуелсіз Қазақстан - оның тарихи жалғасы. Қазақ хандығының негізін қалаушылары-Жәнібек хан мен Керей хан. Олар 1459 жылы Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Жетісудің батысына Шу мен Талас өзендерінің жазық даласына көшіп келді. Керей хан мен Жәнібек хан жаңа қазақ халқының дербес тәуелсіз мемлекетін құруы үшін қоныс аударған. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігіне айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Жаңа мемлекет Қазақ хандығы атана бастады. Сол жерде тұрған хылықты қазақ деп атанды.

16-17 ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, оның көлемі едәуір ұлғайды.

9 «Б»

17 ғасырда қазақ жеріне қарақалпақтар, қырғыздар, жоңғарлар шабуыл жасапты. Қазақ хандығының жағдайы нашарлады. Жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Талай-талай батырлар қан төгіп, кең-байтақ елімізді қорғап, бізге жерін қалдырды. Қабанбай, Бөгенбай, Нау-рызбай, Қарасай, Жәнібек, Райымбек, Исатай, Махамбет, Кенесары өз жерлерін ерлікпен қорғады, Отан үшін жандарын құрбандыққа шалды. Олардың батырлығын көптеген ақындар өз шығармаларында жырлайды.Мағжан Жұмабаев, Мыржақып Дұлатов, Жүсіпбек Аймауытов, Бейімбет Майлин, Ахмет Байтұрсынов тұлғаларымыздың қаламынан туған отаншыл өлеңдері өз халқын бостандыққа, еркіндікке шықырған. Қазақ халқы аштықтан да, Сталиндік құрбанынан да өтіп, аман-есен қалды.

9 «И»

«.. мың өліп, мың тірілген» Молдағалиев жырлағандай, қазақ халқы-қайсар халық, батыр халық. Оны тарихта болған оқиғалар дәлелдейді. 1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыдағы болған оқиға қазақтың ұлт тәуелсіздігі үшін ең соңғы күресі. Қаншама қазақтың жас қыз-ұлдары азаттық үшін құрбан болған.

Тарихта болған соғыстар ешқашан қайталанбасын!

Ұлттық достығымызды сақтайық!

1 - жүргізуші:

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма. 
Туған тілім шұбарланба, жарқыра! 
Тарихымызда дарындылар көбейсін!
Бас иемін ата-баба рухына.

Бұл әнді ата-бабаларымызға арнаймыз. Нургазин Мадияр мен Шелубаев Павел орындауында «Алға, Қазақстан!» Қошеметпен қарсы алыңыздар!

2 - жүргізуші:

Қазақстан тәуелсіздігі халқына оңай, жеңіл түрде келді деп айтуға болмайды. Ол– қазақтың ата-бабаларынан қалған жер, қазақ халқының тарихи ата-мекені. Талай-талай батырлар қанын төгіп, кең-байтақ елімізді қорғап, бізге жерін қалдырды.

Сіздердің назарыңызға Носенко Дарья «Қызыл ерлер»деген өлеңін оқып береді!»

1 - жүргізуші:

Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Ал біз - Отанымыздың болашағымыз! Біздің ең басты борышымыз -білім жолын таңдап, туған еліміздің тәуелсіздігін сақтап, ұлттық рухын қадірлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Тыныштық пен бейбітшілік үшін біз Отанымызға алғысымызды білдіреміз.

«Рахмет саған, Отаным» өлеңі Шаюк Антон оқып береді.

2-жүргізуші:   Теңіздей тербетіліп көл бетінде
                         Бишілер билеп кетті тербетіле
                         Аққудай қалықтаған теңіздегі
                         Бишілер өнерлерін көрсетуде

9 «А» сынып қыздары сіздерге «Қамажай» биін сыйлайды. Көшеметпен қарсы алыңыздар!

1 - жүргізуші: 

«Жер болса, ел болады, ел болса, ер болады» дегендей біздің атақты спортшыларымыз чемпион атағына жетіп, «Қазақстан» дүние жүзіне танытып келеді. Алдарыңызда 9 «Б» сынып оқушылары «Чемпиондар әнін» орындап береді.  Шапалақтап , қарсы алыңыздар!

2 - жүргізуші: «Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы «-Абай атамыз айтқандай, Бабина Милена «Қазағым , қам ойла» деген өлеңін оқып береді!»

1 - жүргізушіӘсем кештің ажары
                      Әсем бисіз кіре ме?
                      Әсем-сұлу бишілер
                      Мың бұралып билейді – деп «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар!
9 «Б»  сынып қыздарын сахнаға шақырамыз.

2- жүргізуші: 

«Туған жердей жер болмас ,

Туған елдей ел болмас» дегендей туған жеріңді қайда барсаң ешқашан ұмытпайсың.

Туған жерімізге келесі әнді арнаймыз.

«Туған жерім» 9 «А» сыныбының орындауында. Шапалақтап қарсы алыңыздар!

1 жүргізуші: Өнер сүйіп қауымға,
                        Таң қалдырар талантты
                        Өнерлі балаларымыз тағы бар!
                        «Қазақ» биін қабыл алыңыздар! 

9 «И» сыныптың қыздары билейді!
Шапалақтап қарсы алыңыздар!

1 жүргізуші: Туымыз желбіресін. Көк тудың желбірегені әнін 9 и сынып оқушылары орындайды.

2- жүргізуші Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей отырып , бүгінгі тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған ««Өнерім саған, туған жер» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Бірге жырлап орындалған ән бізге биік рух береді. Сондықтан қазір бәріміз тұрып « Жаса,Қазақстан» әнін орындайық!

Шашу , шашу шашайық!

Бақыт жолын ашайық!

Шашу, шашу шашылсын

Халқымыз бақытты болсын! Екі қыз отырған көрермендерге тәттілерді таратады.

1- жүргізуші: Қазақтың дәстүрі бойынша ақсақал- Махмет ағай бізге ақ батасын береді.
Қазақ елім! Тәуелсіздік құтты болсын, қымбатым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым!  Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,

Халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, ағайын.Әумин!

2 - жүргізуші:Ал құрметті қонақтар осындай әдемі батамен, әндерімізбен бүгінгі мерекемізді аяқтаймыз. Мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін! 

Келесі кездескенше, сау саламатта болыңыздар!