Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров “Күйші”
Мақсаты: Ілияс Жансүгіровтың өнер тақырыбындағы қаламының шеберлігін таныту
Негізгі дерек көздер: Оқулық 9 сынып қазақ әдебиеті , интербелсенді тақта, суреттер, стикер, маркер, үлестірмелі парақшалар. Оқып-үйренудің нәтижесі : Ілияс Жансүгіровтың өнер тақырыбындағы қаламының шеберлігін таниды.
Кіріспе
Қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру.
Ұйымдастыру. Жыл мезгілдері арқылы топқа бөлінеді. Ақылды доп әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. 1. М. Жұмабаев кім, ол қандай ақын?
2. М. Жұмабаевтың өмірі мен балалық, жастық шағы.
3. Творчествосының басталуы.
4. Ақындық жолы.
5. Қоғамдық қызметі.
Шаттық шеңберіне тұрып, әр оқушы қасындағы досына жақсы тілек айтады.
Ақылды доп әдісі бойынша топтар үй тапсырмасына жауап береді.
Интербелсенді тақта, суреттер топтамасы.
Формативті бағалау
Таныстырылым
Мағынаны тану. Ілиястың»Күйші" поэмасының тақырыбы қазақтың асыл бір өнері- күй құдіретін танытуға арналған.Қорқыт бабамыздан мұра боп келе жатқан күй-халқымыздың рухани биік өнері.Қазақтың Молқы,Құрманғазы, Тәттімбет, Сүгір сияқтыаттары алты алашқа мәлім, он саусағынан өнері тамған күйшілері болған. Күйші" поэмасында Ілияс сондай бір күйшіні бар өнер тәңірісімен күй арқауына енгізген. «Күйші» поэмасы
1. Авторы – Ілияс Жансүгіров
2. Тақырыбы – Халқымыздың күй өнері жайлы, сол күйді орындаушы тарланбоз күйші жайлы сыр шертеді.
3. Жанр түрі – поэма
4. Негізгі идеясы – Әділетсіздікті, зорлықты тізе бүктіретін ұлы күш, бостандыққа, азаттыққа жеткізетін құдірет-өнер екенін түсіндіру.
Тақырыппен танысып, Мағынаны таниды.
Интербелсенді тақта, стикер.
Әр жауаптарын бір-бірін бағдаршам арқылы бағалату
Негізгі бөлім
Құрманғазының күйін тыңдап, күйден алған әсерлерін ортаға салып, ойларын бөлісу. (әр топқа ойға түркі сұрақтар беріледі.) 1-топ.Күйден алған әсерлерің қандай? Күй әуенінің түрлерін атаңдар? 2-топ. Күй құдіретін қалай түсінесіңдер? Күй туралы қандай аңыздарды білесіздер? 3-топ.Қазақ халқының қандай атақты күйшілері бар? Күйді қандай аспаптармен ойнайды? Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасату.
Сергіту сәті.
Топтағы әрбір оқушы өзіне берілген тапсырманы орындайды, түсінбегендерін топпен талқылайды. 1. Сюжеттің басталуы: Қарашаштың хан Кенеден күйшіні сұрап алуы
2. Сюжеттік байланыс: Күй құдіретінен өрбіген сезім
3. Шиеленісуі: Бозбалашылықтың соңы дауға ұласады 4. Шарықтау шегі: Сапақты жазаға тарту
5. Шешімі: Күйші сезімімен бірге күй әуенінің өзгеруі Қыз түйсігі.Дүниеге «Азат» күйінің келуі
Интербелсенді тақта, смайликтер, маркер, флипчарт, стикер.
Әр топ бірін-бірі критерилер арқылы бағалайды .
Қорытынды
Кері байланыс Бағалау Үйге тапсырма Поэмадан үзінді жаттау.
Жаңа сабақты қорытындылау үшін сұрақтарға жауап береді. Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.
Интербелсенді тақта
Өздерін өздері бағалау.