Сыныбы: 6
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:
Болымды, болымсыз етістіктер
Жалпы мақсат:
1.Танымдық: оқушыларға қимыл, іс - әрекеттің болу - болу мүмкіндігіне қарай етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуін, жасалуын өз бетінше тұжырым жасау арқылы меңгерту, оларды салыстыра оқытып, мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу
2.Эмоциялық: Бір-бірінің пікірін тыңдау, құрметтеу негізінде психологиялық жағымды орта қалыптастыру;
3.Әлеуметтік: Әрекеттестік жағдаятта болуларына, қолдау көрсету, тыйым сөздер арқылы адамдық қасиетті бойына сіңіре отырып, жақсы іс істеуге тәрбиелеу. Байланыстыра сөйлеуге, халық даналығының мәнін ұғынуға тәрбиелеу.
Сілтеме:
МАН. Оқулық. қазақ тілі
Күтілетін нәтижесі:
Білу: қазақ шешендік өнерінің ІІ кезеңі және сол кезеңді қамтитын Асан қайғы, Жиренше шешендер туралы біледі. Оқушылардың тіл байлығы дамиды, ойлау белсенділігі артады, ізденіс қабілеті кеңиді.
Түсіну: шешендік тауып айтылған тапқыр сөз, ақылға қозғау салып ой түсіретін даналық сөз екенін түсінеді;
Қолдану: сабақта алған білімдерін өмірмен байланыстыра алады. (Басым көпшілігі)
Талдау: Асан қайғы, Жиренше шешен, Едіге данышпан-шешендер айтқан шешендік толғаулар мен шешендік арнау сөздердің мағынасын түсініп, пікір айта алады. (кейбіреулері)
Жинақтау: Өмірмен ғана емес тарихпен де байланыстыра алады. (кейбіреулері)
Бағалау: Шешендердің тауып айтқан тапқыр сөздерінің адам, қоғам өміріндегі маңызын салмақтай алады. (кейбіреулері)
Түйінді идеялар:
Адамзаттың ең абзал қасиеттерінің бірі - сөз, сөйлей білу, сондықтан сөз өнерін меңгеру, қазақ тарихында өзіндік орны бар билерімізді қастерлей білу, асыл сөздерін бойға сіңіре жүріп терең де мағыналы сөйлей білуге үйрену.
Сабақта қолданылатын материалдар:
маркерлер, ақ қағаздар, оқулық.
Оқыту әдістері:
Сұрақ қою, ой шақыру стратегиялары.
Жеке, жұртық, топтық жұмыс
Дерек көздері:
Қазақ тілі. Бектұров.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс - әрекеті
Уақыты
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Ресурстар
3 минут
Оқушылардың сабаққа дайындықтарын бағдарлау (сыныпты түгелдеу, көңіл күйлерін білу).
Топқа бөлу. Қағаз қиындыларын ұсыну. («Негізгі түбір үстеулер», «Туынды түбір үстеулер», «Күрделі етістіктер» деп буынға бөлу арқылы )
Оқушылар сабаққа керекті құралдарын (дәптерлерін, қаламсаптарын т.б.) дайындайды.
Негізі, туынды, күрделі етістіктерге мысалдар келтіріліп, қима қағаздар жасалған. Балалар сол арқылы топқа бөлінеді.
Дәптер, қалам, маркер
5 минут
Үй тапсырмасын сұрау.
Сабақ барысында оқушыларға сабақ кезеңдеріндегі тапсырмалар арқылы топтар бір-бірін бағалайтынын ескертіп критериалды бағалау парағын ұсыну.
Дара және күрделі етістіктер
174-жаттығу.
Оқушылар үй тапсырмасына берілген жаттығуды оқиды.
Мәтіндегі дара және күрделі етістіктерді табады.
Дәптер, қалам
Қызығушылықты ояту кезеңі
2 минут
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау үшін «Ой қозғау» әдісі арқылы презентацияда көрсетілген суреттермен жұмыс жасау
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа сабақты өздері танып-білу қозғалып тұрған үшін суреттермен жұмыс жасайды. Оған –па, -пе, -ба, -бе, -ма, -ме деген жұрнақтар жалғау керек.
Балалар ойнады - ойнама
Садақ атты - атпа
Кітап оқыды – оқыма
Құс ұшты - ұшпа
Презентация
Мағынаны тану кезеңі
5 минут
Болымды, болымсыз етістіктерді кітаптан өздері оқып алуға уақыт беріледі. Уақыт аяқталғанда шағын жоба қорғайды.
1. Постер қорғау
І топ
Болымды етістіктер
ІІ топ
Болымсыз етістіктер, жасалу жолы
ІІІ топ
Болымсыз етістіктермен омонимдес зат есімдер
2. Кім көп біледі?
Балалар қазақтың тыйым сөздерін еске алады. Тыйым сөздердің жасалу жолын ескереді.
3. Оқулықпен жұмыс
176-жаттығу.
4. Сатылай кешенді талдау.
І топ
Бір етістікке сөз құрамына лексика-грамматикалық талдау
ІІ топ
Бір етістікке сатылы кешенді математикалық тәсілмен дыбыстық талдау
ІІІ топ
Бір сөзге фонологиялық талдау
5. Сергіту сәті
6. Жұптық жұмыс
Алма 1) зат есім, жеміс, түсі қызыл, көк, сары болып келеді
2) ?
Сүзбе 1) ?
2) болымсыз етістік, түбірі – сүз, -бе – болымсыз етістік; бір нәрсені түрту, қарау мағынасында
Түйме 1) зат есім, киімнің ашық жерін жауып тұратын нәрсе
2) ?
Көрме 1) ?
2) Болымсыз етістік, түбірі – көр, қарау деген мағынаны білдіреді.
Етістіктер Дара
Күрделі
Болымды
Болымсыз
Жек көреді.
Бояма
Сындырмас
Жеткізер
Етістіктер Дара
Күрделі
Болымды
Болымсыз
Білмейді
Сұра
Жарасады
Оқып отыр
Етістіктер Дара
Күрделі
Болымды
Болымсыз
Шаттан
Аяқтанады
Жазып жатыр
Жұмсама
Етістіктер Дара
Күрделі
Болымды
Болымсыз
Сыйынады
Жасырынбас
Жек көреді
Көрінеді екен
7. Шығармашылық жұмыс
(жеке жұмыс).
І, ІІ топ
“Ақылды оқушы” мәтін құрау
ІІІ топ
“Әдептілік бастауы – тыйым сөздер” тақырыбында эссе жазу
8. Қорытынды.
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол!
Өзіңе-өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол!
Оқушылар оқулықтан оқығандарын ортағаға салып, бір –бірінен мәлімет жинап, постерге түсіреді, ортада қорғайды.
Топта бірге жұмыс жасайды, идеялар алмасады.
Мұғаліммен бірлесе отырып, ойларын ортаға салады, қазақтың тыйым сөздерін еске түсіріп, олардың жасалу жолдарына мән береді
Оқулықпен жұмыс жасайды. Жаттығуда берілген тапсырмаларды орындайды.
Балалар бірлесіп сатылай кешенді талдау жасайды.
«Ойна да, күл» атты әнге балалар билейді.
Омонимді ажырат
Семантикалық карта
Оқушылар жұптасып орындайды. Омонимдерді ажыратып, етістіктерді жіктейді
Шығармашылық жұмыстарын топ алдында оқиды. Болымды, болымсыз етістіктерді пайдаланып, мағынасын ашады.
Сыныпта сабаққа қатысып отырған жасы үлкен кісі балаларға бата оқиды. Балалар айтылған батаны қабыл алады.
Тақта
Оқулық, ақ қағаз, маркер
Дәптер, қалам, кітап
«Сатылы кешенді талдау» сызбасы
Интер. тақта
Дәптер, қалам
Дәптер, қалам
Интер. тақта
Үйге тапсырма
2 минут
180 - жаттығу
Күнделікке жазып алады
Күнделік, қалам
Бағалау
4 минут
Критериалды бағалау
Тапсырмалар бойынша топты бағалап отырады
Рефлексия
3 минут
[pic]