Сөз таптарын қайталау
Зат есім
Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: кім? адам, сынып жетекші. Не? балық, дәптер.
Зат есім септеледі, жіктеледі, тәуелденеді, көптеледі.
Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді.
Зат есім жанды, жансыз; деректі, дерексіз; негізгі және туынды болады.
1 - тапсырма. Берілген мәтіннен жалқы зат есімдер мен жалпы зат есімдерді екі бағанаға бөліп жазыңдар.
Менің досым
Менің досымның аты – Самат. Ол Жамбыл қаласында туған. Самат өте адал, іскер, ақылды, нағыз жолдас.Ол достарына көмектеседі. Біз бірге шаңғы тебеміз, кітап оқимыз, бірге демаламыз. Осы демалыста біз театрға барамыз,
« Еңлік – Кебек» спектаклін тамашалаймыз.
Менің досым Сейфуллин даңғылында тұрады.
2 - тапсырма. Берілген зат есімдерге морфологиялық талдау жасаңдар.
Досымның, достарына, Самат, кітап, демалыста, шаңғы.
3 - тапсырма. Берілген зат есімдерді аударып, жаңа сөз жасаңдар.
Үлгі : город – қала – қалалық
Земля, Родина, мир, ученик, преподаватель, специалист, наследие, книга, тіл.
Етістік
Етістік заттың қимылын, іс-әрекетің , күй-жайын білдіретін сөз табы.
Етістік Не істеді? Не қылды? Қайтті? немесе Не істеп? Қайтіп? Не істесе? т.б. тұлғалардағы деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы:
Көп ойласаң, дана боласың, көп ойнасаң бала боласың ( мақал ).
Етістік құрамына қарай негіэгі түбір етістік және туынды түбір етістік болып бөлінеді. Сөздің негізгі түбірі етістік болса, ол негізгі етістік деп аталады.
Мысалы: кел, бар, ал; келген, барған, алған.
Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған етістіктер туынды етістіктер деп аталады. Мысалы: ойна, шегеле, көгерген, басқар.
1– тапсырма. Сөйлемдердегі етістіктерді анықтаңдар.
Ауа райы
Бүгін ауа райы жаман емес. Аспан ашық. Далада қатты жел жоқ. Оңтүстіктен самал жел соғып тұр. Қар еріді. Табиғат тамаша. Көк шөп көп шықты. Ауа таза. Күн ұзарып, түн қысқарды. Құстар жылы жақтан ұшып келе жатыр. Ертең де күн жылы болады.
2– тапсырма. Берілген етістіктерден өткен шақ түрлерін жасаңдар.
Сана, оқы, апар, жең, тазала, айт, жүр, отыр, тер.
3– тапсырма. Берілген етістіктерден сөйлем құраңдар.
Көрді, оқыды, ал, кел.
4– тапсырма. Берілген сөйлемдерден есімдікті тауып қазақшаға аударыңдар.
Я люблю свою Родину. 2.Весной природа просыпается.
3.Вчера мы сходили в театр. 4. Вечерами бабушка нам читала книги.