Алғашқы әскери дайындық пәнінің маңызы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...





Алғашқы әскери дайындық пәнінің маңызы


Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытудың негізгі міндеті: жастарға әскери патриоттық білім беру мен қатар оларды әсекр қатарына дайындаудағы алғашқы баспалдақ.

Пәнді оқу барысында мектеп оқушылары: Қазақстан Республикасы Қарулы Қүштері, олардың ерекшелігі, қарулы күштердің жарғылары, тактикалық дайындық,Әскери топографиялық және азаматтық қорғаныс,медитциналық білім негіздерімен танысады.

Бүгінгі таңда адамзат саласының қай қажеттілігін алсақ та,қаупсіздікті қамтамасыз ететін басты қару – білім. Сондықтан да бүгінгі мектеп – жаңа қоғам мектебі, бүгінгі үрпақ – бәсекеге қаблетті елдің ұрпағы болуы тиіс. Еліміз егемендік алғалы бері білім саласында бірнеше реформа жүргізіп, білім саласына түбегейлі өзгерістер енгізілетіндігі мәлім болып отыр. Ендеше дәл қазіргі таңда мектеп мұғалімі – еркін де белсенді, өз қызметінің нәтижелігін болжай отырып, тынымсыз еңбек пен төзімді,шығармашылық шабытты серік еткен жаңалыққа жаны қүмар жан болуы керек. Өйткені, тәуелсіз елдің болашағы жас ұрпақ қолында болса, сол жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында. Қарқынды да жылдам даму үстіндегі жаһандану дәурінде өмір сүріп отрған бүгінгі ұрпақты бәсекеге қаблетті, әлеуетті, білім мен ғылымның негізін жетік меңгерген әрі алған білім мен білігін қай жерде, қалай жұмсауды білетін, өз бетінше білім алуға бейім жеке тұлғаны тәрбиелеу басты міндеттің бірі.бұл тұрғыдан алғанда

Алғашқы Әскери Дайындық пәнін жан – жақты меңгерту мақсатында қазіргі педагогикалық технологиялард, сабаққа қойылатын талаптарды, оқушыларды жеке тұлға ретінде дамтуға арналған әдістемелерді меңгеруіміз қажет. Жас ұрпақты отаншылдық рухтағы адамгершілігі жоғары тағлымы биік азамат етіп тәрбиелеу үшін әр мұғалім жас ұрпаққа білім беру барысында Ж.Аймауытовтың «сабақ беру – үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген сөздерін есінде сақтап, шеберлік шыңына ұмтылса деп ойлаймын.

Оқушы бойына әскери патриоттық білімді қалыптастыруға қажетті білім білік дағдыларды меңгерудің тиімді тәсілдердің бірі ретінде бүгінгі күнде «Кембриж әдісі» деген атаумен білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан. Бұл әдістің негізгі мақсаты: әр оқушының тұлғалық қаблетін дамыту іскерлік дағдыларын қалыптастыру сын тұрғысынан ойлай алатын, дербес өзіне сенімді тұлғаны қалыптастыру болып табылады.