Ж.Баласағұн. «Құтты білік» дастаны

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бекітемін:

Мерзімі:


Сыныбы:

8 «»

Пәні: Қазақ әдебиеті

Пән мұғалімі:

Тақырыбы:

Ж.Баласағұн. «Құтты білік» дастаны

Мақсаты:

Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру

Міндеттері:

а) Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіре отырып,логикалық ойын дамыту, оқу материалына сын көзімен қарап,жолдастық көмекке қашанда әзір болу қасиетіне үйрету;

ә) сымбатты ,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:

ұжымдық, топтық оқыту

Қолданылатын

әдіс – тәсілдер:

сұрақ-жауап, ой қозғау, жарыссөз, топпен жұмыс

Көрнекілігі және құрал жабдығы:

шешен, билер портреті, нақыл сөздер, «Шешендік» бәйтерегі.

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

уақыты


Ұйымдастыру

2 минут

Оқушылармен амандасу,түгендеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру

10 минут

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға өткен сабақты қалай меңгергенін байқау үшін бірнеше сұрақтар қоямын

Қызығушылығын ояту

2 минут

Жүсіп Баласағұни – Талас-Шу бойындағы Баласағұн қаласында туып-өскен ақын, ойшыл. Ол 85 тараудан тұратын «Құтты білік» атты кітап жазған. Кітапты шығыс патшалары көшіртіп алып оқитын болған. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің «Шаһнамасымен» қатар қойып, «Түркі шаһнамасы» деген атақ берген.

Жаңа сабақты түсіндіру

20 минут

«Құтты білікте» кемел мемлекеттің сипаты баяндалады. Кемел мемлекетте өмір сүретін адам да кемелдену жолын іздеуі керек. Адам баласының қадір қасиеті білім мен ақылда болатынын айтып, дүниеқоңыздықтан, жамандықтан аулақ болуға шақырады. Қоғамдағы әір түрлі топтардың, әр қандай кәсіп иелерінің, ел бегі, уәзір, көпес, ақын, тағы басқалардың қандай болу керектігін көрсетеді.

Ізгілікті елдің бегі мен уәзірі халықпен, айналасындағы қызметкерлермен қандай қарым-қатынас орнатады? Ғалым, диқан, сатушы, малшыларды қалай ұстау керек деген сұрақтарға жауап бере отырып, әізгілікті үлгі етеді.

«Бақыт қасиетті адамға ғана қонады», - дейді.

Кітапта төрт кейіпкер бар: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат. Күнтуды бек - әділет бейнесі; Айтолды уәзір – бақыт бейнесі; Одғұрмыш – уәзірдің бауыры, қанағат бейнесінде, Өгдүлміш – уәзірдің баласы, ақыл-сана бейнесінде алынған, әңгіме осы төрт кейіпкердің сұрақ-жауаптары арқылы дамиды.

Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білігінде» қамтылған мәселелер туындыгердің (автор) аса білімді адам екенін аңғартады. Ол-ойшыл ғалым, білімпаз, ақын. Кітапты ақыл-өсиет, өнеге – уағыз түрінде жазған. Бала тәрбиесіне де көңіл бөлген. Баласағұни осы кітабы арқылы Хас Хажып (сарай министрі) атағын алған.

Жүсіп Баласағұнның өмірі жайында мәлімет аз. Ол 1017 жылы Қыз-Орду атымен белгілі Баласағүн қәласында дүниеге келген. Бұл қаланың орналасқан жері жөнінде түрлі пікір бар. Біріншісі Жетісуда, Шу жағалауында, Тоқмақ қаласынан алыс емес жерде десе, екіншісі Жамбыл облысының аумағында, Ақтөбенің жоғарғы жағы дейді. Кейбір деректерде Баласағұн қаласы Қарахан мемлекетінің қолөнер сауда орталығы болғанын айтады. Қағанаттың әлеуметтік-экономикалық өмірін отырықшы да көшпенді аралас шаруашылық құрады. Жүсіп Отырар, Шаш (Ташкент), Тараз, Шу жазығы, Ыстықкөл, Ферғана, Қашғар шаһарларында өркен жайған мәдени ортадан шыққан еді.

Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасы - ең алғаш, ең көне, түркі тілінде жазылған шығарма. «Құтты білік» түркі тектес халықтарға ортақ өлеңмен жазылған трактат. Әдебиеттің ең асыл мұраларының бірі. Онда жалпы адамзат баласын ғасырлар бойы толғандырып келген ізгі мұраттар, оқу, білім, тіл өнері, ел басқару, тұрмыстық мәселелер қамтылған. Бұл шығармадан ақынның аса білімді екенін аңғаруға болады. Кітап ақыл-өсиет, өнеге-уағыз түрінде жазған. Баласағұни осы кітабы арқылы Хас Хәжып (сарай министрі) атағын алған екен.

Кітаппен жұмыс: Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасын мәнерлеп оқиды

Венн диаграммасы: Жүсіп Баласағұнидің өлеңін Абай өлеңдерімен салыстырады.



Жүсіп Баласағұнидің өлеңі Абай өлеңі










Бекіту

5 минут

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» кітабы не туралы?

  2. кітаптың кейіпкерлері кімдер?

  3. баласағұнидың ойынша шын дос кім?

  4. Тілдің пайдасы мен зияны туралы не айтылған?

Бағалау

4 минут

Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма

2 минут

Жүсіп Баласағұнидің шығармаларын оқып келу.