4 бөлім. Аңдар Мектеп: МОМ
Күні: 18.10.15
Мұғалімнің аты-жөні: Аженева Ж.М
СЫНЫП:
1 сынып
Қатысқандар:
15
Қатыспағандар:
-
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
Т5.1.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді
Т6.1.1 Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді Таныс сөздерді
буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.
О1.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді
О2.1.1 Мәтіннің мағынасын түсіну үшін солдан оңға, жоғарыдан төмен оқылатынын біледі
А1.1.1 Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді
А4.1.1 Анық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді
Ж1.1.1 Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер жазады.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады: Оқушылар мәтінді, жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді, түсінгенін қимыл арқылы білдіреді. Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды, мәтіннің мағынасын түсіну үшін солдан оңға жоғарыдан төмен оқылатынын біледі
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Оқушылар
түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді, таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді, білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер жазады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Анық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады: Аңның атын, сынын, қимылын көрсетеді, сөздердің мағынасын түсінеді,ауызша қолданады, аңдардың атауларын жазады.
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Аю,қасқыр,арыстан,қоян,түлкі,аңдар, жабайы, піл, керік.
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Аю қоңыр, қасқыр сұр, түлкі сары, қоян ақ, сұр, аю үлкен, қоян кішкене.
Талқылауға арналған сұрақтар: Мынау не? Аю қандай? Аю не?
Не себепті …. деп ойлайсыз?
ишара:
Қорбаңдау, бұлғаңдау, ырылдау.
Алдыңғы оқу:
Өзім туралы, дене мүшелері тақырыптарынан бет әлпетті қайталау
Жоспар:
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
(Сабаққа қолданған құралдар)
Басы 10 минут
Ширату жаттығулары тақырыпқа сай болу керек.
Жабайы аңдардың суретін тарату арқылы топқа бөледі.
Жайлы көңіл күй орнату: Шаттық шеңбері.
«Қазақстан барысы» мультфильмін көру арқылы тақырыпты анықтау.
Сабақтың мақсаты оқушылардың жас ерекшелігі мен деңгейіне сай беріледі.
Интерактивті тақтада аңдардың суреттері, атаулары жазылған, буынға бөлінген. Мұғалім оқиды, оқушылар сурет арқылы қайталайды,буынға бөледі,оқушылар қайталайды.(Жаңғырық ойыны)
Ортасы 20 минут
1.Мәтінмен жұмыс: АКТ арқылы оқушылар мәтінді зейін қойып тыңдайды. Бағалау: «Жарық жұлдыз» стр. 5
4
3
2
1
Критерий:А) Мәтінді түсінгенін ым ишара арқылы білдіреді; Ә)Аңдарды атайды, бір сөзбен сипаттай алады, буынға бөліп оқиды; Б)Жабайы аңдарды атайды,сөз тіркестері арқылы сипаттайды, буынға бөліп оқиды, көршісінің қатесін түзетеді.
Жабайы аңдар орманды, даланы мекендейді. Олар: аю, қасқыр, қоян, түлкі, арыстан, жолбарыс, піл, керік, кірпі, киік, тасбақа. [pic]
А) ЖЖ. Алдарында , берілген мәтіндерді жұп ішінде буынға бөліп оқиды. Бір бірінің қатесін түзетеді.
Ә) ТЖ. Топ ішінде жұптардың буынға бөліп оқуларын ретімен тыңдап, қатесін түзетеді.
2. Сергіту сәті. Аюлар
Б) ТҮК әдісі.Топ тақта алдында ым-ишара, қимыл арқылы берілген аңды көрсетеді. Басқа топ көрсетілген аңды табады.
[pic] [pic]
[pic] [pic]
[pic] [pic] [pic]
[pic] [pic] [pic]
В) Аудиовизуал арқылы аңдардың дыбыстарын тыңдайды, анықтайды. Суреттерін көрсетеді.Анықтайды,үш тілде айтады.Мысалы : волк-қасқыр-deer
Интерактивті тақтадан аңдардың дыбыстарын тыңдайды
Әрбір балада «Жарық жұлдыз» бағалау парағы бар. Олар өздерін әр тапсырманы орындаған сайын мұғалімнің басшылығымен қарындашпен нүкте қойып белгілейді.
Аңдардың суреті беріледі
АКТ
Суреттер
Соңы 10 минут
Критерий: А)Сұраққа жауап береді; Ә)Қарапайым сұрақ құрастырады; Б) Сұраққа өз бетімен пікірін қосып жауап береді.
1.Топ ішінде жұптар сұрақтар құрап, ол сұрақтарға жауап жазады. Топ ішінде талқылайды. Өте жақсы сұрақты, доп лақтыру арқылы бір топтан бір бала келесі топтан бір балаға сұрақ қояды. Олар сұраққа жауап береді де өз сұрақтарын қояды.
Мысал: Мынау не? Ол қандай? Ол қайда мекендейді?
Бағалау: «Бағдаршам» стр. Қызыл-жаман, сары-қалыпты, жасыл-жақсы.
Кері байланыс: Гүлдер мен жапырақтар
[pic]
арқылы.
Доп
Қосымша ақпарат
(Интернеттен алынған материалдардың мекен-жайлары)