Өзін-өзі тану пәнінен 8сыныптың сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бекітемін: Ө. Дүйсәлі

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

1 мектеп-гимназия

Күні: 11.10.2016жыл

Сабақ: № 6

Тақырып: «Мақсат жетістік желкені»

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер : нақтылық, құштарлық, сенімділік,

Мұғалiм:Матжанова Айнур Жолаевна

Сынып: 8 "а"

Оқушылар саны: 12


Мақсаты: Оқушыларға әр адамның алға қойған мақсаты болатындығы жайында түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу

Міндеті:

  • - оқушыларға өмірлік мақсаттарын нақты белгілей білуге  және өз мұратына жету жолдары туралы түсінік беру;

  • - рухани адамгершілік құндылықтарды  басшылыққа ала отырып , өзін – өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын арттыру;

  • - оқушыларды өз болашағына деген жауапкершілікке, сенімділікке тәрбиелеу:


Ресурстар (құралдар, мәлiметтер) интерактивті тақта, слайд, плакат, маркер, түрлі-түсті бояу, музыка

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. (1 минут)

Оқушыларды түгендеу, кітап, дәптер, қалам, күнделіктерін тексеру.

«5-Т» ережесін еске түсіру

Тыныштық сәті. Жағымды жағдай туғызу. (5 минут)

«Теңіз түбіне саяхат»

Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ой бөлісу: Тыныштық сәтінде қандай сезімде болдыңыздар?

Үй тапсырмасын тексеру (4 минут)

«Қос өнерпаз» ел аузынан алынған мәтінді оқып келу

1. Халық өнерлі адамдарға деген құрметін қалай білдіреді?
2. Қос өнерпаз бірін - бірі қалай түсінді?
3. Өнерлі адам не себепті елге сыйлы болады ?

Омыртқа жотамызды тік ұстап, еркін отырамыз.

Қолдарын алдарына қойып, орындыққа арқаларын тақап,

көздерін жұмып отыру сұралады.

Дәйексөз (3 минут)

«Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық – шын мәнінде қымбат табыс.

М. Әуезов

Тартыс дегенімізді қалай түсінесіңдер?

Бейнет дегенімізді қалай түсінесіңдер?

Автор осы ойымен келісесіңдер ме??

Түйін: Балалар яғни, мақсатқа жету жолында дұрыс әрекет ете білсек, біздің ойлаған арманымыз орындалатынына еш күмән жоқ..


Мұғалім сыйы (12 минут)

Өмір сүрудің ең жақсы жолы

Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған мақсатын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкен ашып тастайды.

Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:

-Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттағы дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бірнәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.

-Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына қайта келген кезде, үлкен баласы:

-Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Екінші баласы:

-Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнді бөлмеге шаша бастады. Бірақ жүнде көп үзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Үшінші ұлы:

-Долларды ұсақтап 20 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорына бердім, 20 центінде садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центіне екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.

Әке баласына риза болып:

-Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсысы айналаңа жарық тарату! - деген екен.


  1. 1. Осы аңыздағы әкенің әрекетін қалай атауға болады?

  2. 2. Әке үлкен ұлы мен кіші ұлын неліктен таңдамады? 3. Қай баланың әрекетін дұрыс деп есептейсің?

  3. 4. Кіші баланың бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады?

  4. 5. Өз өмірлеріңде мұндай жағдай бола қалса, сен қалай жасаған болар едің?

  5. 6. Кіші ұлдың алдына қойған мақсаты қандай болды?


Шығармашылық жұмыс (15 минут)

I – топ 10 бет ақ қағаздан «Мұнара» тұрғызады (қағазды бүктемейді, қайшымен қимайды тек желім ғана пайдаланады)

II – топ «Айналма» жаттығуын жасайды(орындалу шартын түсіндіріп кетемін)

IIIтоп «Данышпан ата мен бала» қысқаша қойылым дайындайды


Топпен ән айту (3 минут)

Армансыз күнім болмайды

Әні мен сөзі: Жазира Байырбекованікі

Бақытты жанмын сонда да бірақ,
Көңілім кейде толмайды.
Алаңсыз күліп жүрген кезде де,
Армансыз күнім болмайды.

Аспанда күнде айналар түнге,
Арманым өлсе сол қайғы.
Бақытқа сенемін,
Армандай беремін.
Армансыз күнім болмайды, Армандап ғұмыр кешемін күнде.
Бір үміт қалсын ішімде,
Арманмен бірге өсемін менде.
Адам болып қалу үшін де, Аспанда күнде айналар түнге.
Арманым өлсе сол қайғы,
Бақытқа сенемін.
Армандай беремін,
Армансыз күнім болмайды.
 



Үй тапсырмасы (1 минут)

«Мақсат жетістік желкені» тақырыбында эссе жазып келу


Соңғы тыныштық сәтi. (1 минут)

Баяу музыка қосылады

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді, барлық ізгілікті қасиеттер мен іс - әрекеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)




Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Матжанова Айнур Жолаевна