Сабақ жоспар Себеп-салдар салалас (8 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ШҚО Тарбағатай ауданы

Құмкөл ауылы

Сасан би атындағы орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Ахметқалиева Самиға



Сыныбы:

Пәні: Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы: Себеп-салдар салалас.

Сабақ мақсаты: а) білімділік- Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру. Себеп-салдар салаластың жасалу жолдарын түсіндіру арқылы өзге салаластардан ажырата білуге үйрету;

Тәрбиелік: Отаншылдыққа,елін сүюге тәрбиелеу, тілін құрметтеуге қалыптастыру;

Дамытушылығы - Түрлі тапсырмаларды орындау негізінде оқушылық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылығын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтық

Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру

Қолданылған технология: АКТ

Пәнаралық байланыс: әдебиет,өмір,орыс тілі, ағылшын

Көрнекіліктері: Слайдтар (кестелер), таратпа материалдар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру Оқушыларды түгендеп, сабаққа назар аудару


ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

І. сұрақтар арқылы, ережелерді қайталап алу:

1. Қандай сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады?

2. Қандай сөйлем салалас құрмалас деп аталады?

3. Салаластың неше түрі бар?

4. Қандай сөйлем ыңғайлас салалас сөйлем деп аталады? Олар қалай жасалады?

ІІ. Осы құрмалас сөйлем туралы білімдерін қорытындылау үшін тест тапсырмасын беру;


ІІІ. Құрмалас сөйлемдер орыс тілінде де, ағылшын тілінде де қолданылады екен

1. Жақсыз сөйлем баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз

(Бірнеше оқушыдан сұрап, екі тілде тақтаға сөйлемдерін жаздыру)


ІІІ. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Себеп-салдар салалас

Сен нені білуің керек?

-Себеп-салдар салалас салаластың қандай түрі екендігін?

-Құрамындағы жай сөйлемдері қалай байланысады?

-Жалғаулықты салаластың жалғаулықтары қандай?

-Жазғанда, қандай тыныс белгілер қойылады?


1-кесте


Түрлері

Мысалдар

Жалғаулықтар



жалғаулықты

[pic] [pic] [pic]

Менің кім екенімді

Жұмабайға айтып берді

, сондықтан


ол менен кымсынбай сөйлейді

(С.Мұқанов)

Сондықтан, өйткені, сол себепті, себебі неге десеңіз


Жалғаулықсыз

[pic] [pic]

[pic]

Оларға рақмет айту керек



:


ұмытқанымызды еске салды (Ғ. Мүсірепов)




Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін салалас құрмаластың түрін себеп-салдар дейміз.

Бірінші құрмаласта алғашқы сөйлем соңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұрса, екінші құрмаласта соңғы сөйлем алдыңғы сөйлемнің себебін білдіріп тұр.

Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдер жалғаулықсыз іргелес тұрып та, жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Сондықтан екі түрі болады жалғаулықты, жалғаулықсыз

жалғаулықтар мыналар: сондықтан, өйткені,сол себепті,себебі, неге десеңіз

Себеп-салдар салаластағы жай сөйлемдердің орындарын ауыстырып айта беруге болады.

Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын тыныс белгілері арқылы айырамыз. Егер себеп мәндә сөйлем салдар мәндіден бұрын тұрса арасына үтір қойылады.

Керісінше, салдар мәнді сөйлем салдар мәндіден бұрын айтылса, арасына қос нүкте қойылады.

2-кесте

Орын тәртібі,тыныс белгілері



1. себеп мәнді, салдар мәнді

2.салдар мәнді, себеп мәнді



жалғаулықсыз

жалғаулықсыз


1.себеп мәнді,салдар мәнді

2.салдар мәнді, себеп мәнді



сондықтан, сол себепті

өйткені, себебі,неге десеңіз


Жалғаулықты себеп-салдар салаласта жай сөйлемнің қайсысы бұрын тұрғанын шылауларына қарай білеміз. Егер сондықтан, сол себепті деген жалғаулықтар тұрса, себеп мәнді жай сөйлем бұрын орналасып, салдар мәндісі соң орналасқан болады. Себебі, өйткені, неге десеңіз деген шылаулар тұрса, салдар мәнді жай сөйлемі орналасып, себеп мәндісі соң орналасқан болады.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту жұмыстары

1. Оқулықпен жұмыс

102-жаттығу. Көшіріп жазу, талдау жасау

1-топ-1-2 сөйлем

2-топ-3-4 сөйлем

3-топ-5-6 сөйлем

2. "Тез сөйлем құра!"


1-тапсырма:

1-топ:_________,себебі____________.

2-топ: :_________,өйткені____________.

3-топ: :_________,неге десеңіз____________.


2-тапсырма:

1-топ: Мұраттың балалық шағы елде болып жатқан үлкен өзгерістермен тұтас өтті, сондықтан____________________.


2-топ: Кемеңгер Көшбасшымызбен келешекке нық қадам келеміз, себебі____________________.


3-топ: Тәуелсіздіктің туы желбіреді, өйткені____________________.


3-тапсырма: Жай сөйлемдерден салалас құрмалас сөйлем құраңдар

"Білімді, еңбекқор,бастамашыл,белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Жастары білімді елдің ертеңі жарық"

Н.Ә.Назарбаев қазақстан халқына биылғы Жолдауы


Сонымен, себеп-салдар салаластың өзіне тән қандай белгілері болатынын білдік.


топтастыру арқылы білімдерін жинақтау;

[pic] [pic]

Себеп салдар салаластың

[pic] [pic] негізгі белгілері





Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, әдеби шығармалардан мысалдар теру

Бағалау.