Методика Казак тiлi сабагында денгейлеп окыту эдicтемесiн колдану жолдары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...





Қазақ тілі сабағында деңгейліп оқыту әдістемесін қолдану жолдары

Қазақ тілін оқытып, үйрету-көптеген ізденістерді,жаңа технологияны керек етеді. Қазақ тілі пәнін оқытуда ең басты мәселе- сабақта әр оқушыға қолайлы жағдай жасау, оқу барысын жүйелі түрде жүргізу. Соңғы кезде деңгейлік тапсрымалар арқылы әр оқушының қабілеттілік деңгейін анықтап, топтық әдіспен жұмыс істеймін. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсрымалар арқылы іске асады. Деңгейлік тапсырымалар оқушының шығармашылық қабілетін дамытып, іздендіруге жетелейді, пәнге деген қызығушылығыг арттырады.[1]

Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынасын, ақыл-ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліме қарай қойылады.

Бұл әдістің негізгі ұстанымы-қарапайымнан күрделіге жетіп,игерту. Деңгейлік тапсырмаларды-белгілі бір тақырыпты біткен кезде немесе бақылау жұмысын жүргізгенде және қайталау өткізгенде пайдалану өте ұтымды.Бұл әдістің тағы бір ұтымды жағы-оқушы өзінің нені білмейтінін анық аңғарып, келесіде өзі ізденіп оқып келеді.[2]

Деңгейлік тапсырмаларды карточка ретінде, тест түрінде сабақта және үйге беруге болады. Сабақта оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу қажет.Мұғалім білімі нашарларға көмек беріп,қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы қазақ тілін оқуға деген қызығушылығын, белсендігін арттырады.

Қабілеттік деңгейі бойынша оқушыларға үш топ ұсынылады:

1топ-орташа деңгей-бұларға тақырып бойынша жеңіл тапсырмалар беріледі.

2топ-мүмкіндік деңгей-стандарт талабы бойынша,жалпы жоспар бойынша тапсрымалар орындайды.

3топ-шығармашылық топ-күрделенген шығармашылық,шеберлік қабілетін қолдануы қажет.

Мысалы,фонетиканы өткен кезде келесі тапсырмаларды оқушыларға ұсынуға болады.

  1. «Үстел» сөзін фонетикалық талдау (5сынып)

Бірінші саты:1 топ-неше дыбыстан құрылған.

2 топ-неше дауысты,неше дауыссыз дыбыстар бар.

3 топ-дыбыстық талдау жасау

Екінші саты: 1 топ-неше дауысты,неше дауыссыз дыбыс

2 топ-дыбыстық талдау жасау

3 топ-үлгі бойынша сөз құрастыру

Мысалы:ү[ү]-жіңішке дауысты дыбыс. С[с]-қатаң дауыссыз дыбыс; Т[т]-қатаң дауыссыз дыбыс; Е[е]-жіңішке дауысты дыбыс; Л[л]-үнді дауыссыз дыбыс

Үшінші саты: 1 топ-дыбыстық талдау

2 топ-үлгі бойынша өз сөзін құрастыру

3 топ-сөзді тап []-жуан дауысты дыбыс

[]-ұяң дауыссыз дыбыс

[]-жуан дауысты дыбыс

[]-қатаң лауыссыз дыбыс (ағащ)

  1. Артық сөзді тап,түсінік бер.

1 топ-әке,сән,өзен,қол(қол-жуан сөз)

2 топ-кітап,мұғалім,сағат,қазір (сағат-жуан сөз)

3 топ-бүгін,саябақ,саяжай,қоян(бүгін-жіңішке сөз)

  1. Буын түрлерін анықты

1 топ-берілген сөзде неше буын бар: Көше

2 топ-буын түрлерін анықта:Көше

3 топ-үлгі бойынша сөз құрастыр:Кесе

  1. Көп нүктенің орнына дұрыс дыбыс(әріп) жаз

1топ-д...птер, ...демі, с...н, п...н;

2топ-к...т...п, с...р...т, ...йн..., ...к...;

3топ-...әи..., ...а..., ...а...а...,е...і...;

  1. Сөз құрамын бекіткен кезде келесә тапсырмалар ұсынуға болады.

  1. 1 топ-түбір сөз жаз

2 топ-көптік жалғауын қос

3 топ-схема бойынша сөз құрастыр түбір+жалғау

  1. Схема бойынша сөз құрастыр: Би,ән,балық

1 топ-түбір+жалғау

2 топ-түбір+жұрнақ+жалғау

3 топ-түбір+жұрнақ+жалғау+жалғау

  1. 1 топ-септіктерді ата

2 топ-сұрақтары қандай

3 топ-жалғауларын жаз

  1. Септік жалғауларын тауып,түрлерін ажырат. Әлия кеше Асқармен Өлкетану мұражайына барды.

1 топ- Әлия

2 топ- Асқармен

3 топ- Мұражайына

Қорыта айтқанда,деңгейлеп оқыту әдістемесін қазақ тілі сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

  1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;

  2. Тіл байлықтары, сауаттылқтары артады;

  3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;

  4. Шығармашылық белсенділігін арттырып,ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді

  5. Өз бетімен білім алатын,ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.