Сынып: 7 А, Б
Мерзімі: 08.09.2016 жылы
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ «Жайлаудағы жаз»
Сабақтың мақсаты: білімділік: Модуль бойынша өтілген лексикалық және грамматикалық тақырыптардың қаншалықты меңгерілгендіктерін анықтау, оқушылардың білімдерін тексеру. Дамытушылық: ойлау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын молайту. Тәрбиелік: қазақ тіліне деген құрмет сезімі және отансүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақтың кезеңдері: І. Ұйымдастыру. Оқушылардың көңіл- күйлерін көтеру және ынтымақтастық қарым –қатынас орнату. 3 мин.
Сергіту сәті. «Жеміс салаты»
Жазда не піседі? алмалар, жүзімдер, шиелер, «ассорти» - оқушылар орын ауыстырады.
Сабақтың мақсатын айту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Нәтиже сабақтың кезеңдері: І. Тест тапсырмаларын жазбаша орындау. 8 мин.( жеке жұмыс)
1. Жаз деген не? А. қыстың жалғасы В. күздің басы
С. Көктемнің жалғасы Д. қыстың ортасы
2. Жазғы демалысты қайда өткіземіз? А. мектепте В. сыныпта
С. атам мен әжемде Д. партада
3. Сын есімді сөз тіркесін көрсет. А. таза су В. екі кітап
С. оқушы отыр Д. жайлауға барамыз
4. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Біз жазда саяхатқа ....
А. түсеміз В. көреміз
С. шомыламыз Д. шығамыз
5. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңдар. Біз жазда өзенде .....
А. түсеміз В. көреміз
С. шомыламыз Д. шығамыз
6. Қай шақта түрғанын анықтаңыз? Мен мектепке бара жатырмын.
А. Жедел өткен шақ В. Ауыспалы осы шақ
С. Нақ осы шақ Д. Болжалды келер шақ
7. Жаз мезгіліне қатысы жоқ сөзді табыңдар. А. жайлау В. гүл
С. боран Д. ыстық
8. Жедел өткен шақ етістігінің жұрнағын көрсет. А. -ма, -ме, -па, -пе В. -хана
С. -ды, -ді, -ты, -ті Д. -а, -е, -й
9. Мақсатты келер шақ етістігінің жұрнағын көрсет. А. –ар, -ер, -р В. –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек
С. –а, -е, -й Д. – ды, -ді,-ты, -ті
10. Жазда болатын табиғат өзгерістерін табыңдар.
А. қар жауып, боран болады В. қар еріп, күн жылиды
С. жапырақтар сарғайып, күн суиды Д. айнала гүлдеп, күн ысиды
Тест жұмысын жұптық бағалау.(2 мин)
Бағалау критетийлері: 0- 2 балл–«2», 3-5 балл- «3», 6-8 балл- «4», 9-10 балл- «5»
Тест жауаптары:
ІV. Бақылау сұрақтарына жауап беру. 1. Жыл мезгілдері. Диалогпен сөйлесу. 5 мин. ( мұғалім- оқушы)
- Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?
- Саған қандай мезгіл ұнайды?
- Бұл мезгілде қандай айлар бар?
- Жыл мезгілін сипаттап бер.
- Бұл мезгіл саған неге ұнайды? (Мұғалім бағалауы)
Бағалау. Стикерлер жапсыру.(2мин)
V. Сабақты қорыту. Венн диаграммасы «Жаз», «Қыс» салыстыру(2 мин)
Бағалау. Бағалау парақтары арқылы топ басшылары бағалайды(2 мин)
VI. Рефлексия. «Бағдаршам» (1 мин) VII. Үйге тапсырма: Перфокарталарды жазбашатолтыру, етістіктің шақтарын жасалу жолдарын жаттау.