Кәусар бұлақ тұнығынан
Мектеп № 12 орта мектеп
Мерзімі:
Мұғалім Үсенбаева Қарлығаш Жолжігітқызы
Сынып: __ « »
Оқушылар саны:
Сабақтың тақырыбы: Кәусар бұлақ тұнығынан
Құндылық: Дұрыс іс-әрекет, қиянат жасамау
Қасиеттер: «мейірімділік», « жанашырлық» , «үнемшілдік», «қадірлей білу»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың санасына мейірімділік, қайрымдылық ұғымдарын қалыптастыру, дұрыс іс-әрекет жасауға тәрбиелеу Міндеттері:
Білімдік: Оқушыларға жаңа тақырыптың мазмұнын аша отырып, жаңа сөздерді меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын байыта отырып, білім, білік, дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды бірін бірі сыйлауға, құрметтеуге, әр бір затты қадірлеуге, бағалай білуге, қиянат жасамауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: тыныштық сәті, әңгімелесу, топпен жұмыс, бағалау.
Ресурстар(құралдар): интерактивті тақта, үнтаспа, бейнетаспа, нақыл сөздер, дәптер, слайд, калам, карточкалар, постер, желім, түрлі-түсті жапсырма қағаз.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
(амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, топқа бөлу)
Сабақ барысын талдау:
Тыныштық сәті - «Теңізге саяхат»
(Теңіз толқындарының , шағаланың дыбыстары үнтаспадан естіледі.)
- Оқушылар ыңғайланып отырып, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалып, денеңізді бос ұстаңыз. Өзіңізді Каспий теңізінің жағалауында тұрмын деп елестетіңіз және алысқа көз жіберіңіз. Қасымызда жанымызға жақын, өзіміз жақсы көретін адал, сенімді досыңыз бар. Екеуіңіз мәз мейрам, еш уайым –қайғысыз күліп - ойнап, теңіз жағалауында жүрсіз.
Теңіз толқындарының шуылдаған дыбысы, теңізді өз мекеніне айналдырған шағаланың дыбысы құлаққа жағымды естіледі. Теңіздің салқын желі бетіңізге еседі. Сіз досыңызбен бірге теңіздің әсемдігіне, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің ауасын жұтып тұрсыз.
Жаныңыздағы досыңызға ішкі сырларыңызды, көңіл - күйлеріңізді, жабырқаған сәттеріңізді айтып, сыр тарқатып отырсыздар. Ішіңіз бір жеңілдеп, жақсы сезімге бөлендіңіз. Жаныңызда сенімді, адал досыңыздың болғанына қатты қуаныштысыз .Сіз өзіңіздің сенімді досыңызға қарап, іштей өз алғысыңызды білдірдіңіз.
Ал енді, сіздің оралатын уақытыңыз болды. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!
Қандай сезімге бөлендіңіз? Не сезінгендеріңізді бөліссеңдер де болады.
Үй тапсырмасын тексеру
«Табиғатты қорғау - өзіңді қорғау» тақырыбында эссе жазу
Дәйексөз.
«Нан қасиетті дән»
Халық даналығынан
Әңгімелеу
Мұғалім нан туралы аңыз әңгімені айтып береді
Ой - қозғау:
а) Балалар біздің дастарханымызға нан қалай келеді?
ә)Нан, үш - ақ әріптен тұратын сөз адам баласы үшін ең қадірлі де, қасиетті ұғым, онда қандай мағына бар?
б) Ас атасы нан жайлы қандай тыйым сөздер білесіңдер?
Білімдерін ортаға салады
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Төмендегі мақал –мәтелдердің жоғалған бөлігін іздеп табайық!
Тапқан мақал-мәтелдерді дәптерлеріңізге көшіріп жазыңыздар
Топтық жұмыс
Топпен ән айту.
Жарылқасын Боранбайдың сөзіне жазылған Марат Илиясовтың «Қазақы дастарханым» әнін үнтаспага косылып орындайды.
Жағдаятты шешу
Видео ролик «Нанға деген құрметіміз қандай?» тақырыбында мектепте жүргізілген эксперимент.
а) Осындай жағдай сіздің басыңыздан өтті ме?
ә)Сіз не істер едіңіз?
Сабақты қорытындылау.
Оқушылар бүгінгі тақырыптан түйген жақсы қасиеттерді жазып тақтадағы күнді нұрымен толықтырады
Мұғалім атақты күрішші аталарың Ыбырай Жақаевтың нан жайлы ойымен қорытындылайды.
Үй тапсырмасы.
«Нан қасиетті дән» тақырыбында өлең шығару
Топтық бағалау.
Тыныштық сәті.
Көздеріңізді жұмыңыздар.Өзіңізге енді атып келе жатқан таңды елестетіңіз.Сіз тау жолымен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған бұлақ суы,құстардың сайраған дауысы,сіз жеңіл демаласыз,сіз күшке толысыз.Күн шуағы сіздің теріңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге сіңіріп, қуат беріп тұрғанын сезуге тырысыңыз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдар мен достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз,Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!!! Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңізді жүректеріңе сақтаңдар .