« » 201 ж.
Пән аты: Өзін – өзі тану
Сынып: 2
Тақырып: "Кешірімді бала - кішіпейіл бала"
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: кішіпейілділік, тәрбиелілік, адамгершілік.
Сабақтың мақсаты: «Кешірім» ұжымының «дұрыс әрекет» құндылығы ретінде мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
кішіпейілділікке, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту;
кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту;
кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелеу.
Ресурстар: оқулық, дәптер,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Тыныштық сәті.Нұрға бөлену.
Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақ барысын талдау
Дәйексөз.
Кешірім – ізгіліктің белгісі.
(халық даналығы)
Оқушылар бірнеше рет қайталап, дәйексөзбен танысады.
Мағынасын қалай түсінеміз?
Ізгілікке қандай қасиеттер тән?
Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Әңгімелеу (мұғалім сыйы) (9 мин) Кешірім
Р.Әбілқадырова
Тұрсын мектептен көңілсіз қайтты. Үн-түнсіз отырып, тамағын ішті. Бір кезде:
Апа, әлгі біздің кешені сыпыратын атай ауруханаға түсіп қалыпты, - деді.
Ә, бұл бейнет дегенің де тілсіз жау екен ғой. Құрал-жабдықтарын қоятын сарайының төбесін жөндеймін деп жүріп, мертігіпті, байғүс. Апа, ұрыспайсыз ба? - деді Тұрсын қипақтап.
Не үшін? Екілік алғаннан саумысың?
Жоқ екілік емес. Одан да жаман...
Жұлқысып келіп отыр екенсің ғой. Жетпегені сол еді! Бәсе, желкеңді сипалай бергеніңнен бір нәрсені ішім сезген.
Жағдай сұрағышын. Қақ-соқпен жұмысы жоқ деп жүрген бала сен болсаң, көгертеді екенсің. Дәл казір бар және жалғыз емес, қасыңда болған нөкерлеріңді де ертіп ал. Сендердің кешірім сұрағандарыңнан сауығып кете қоймас. Сөйтсе де жан жарасына себі тиер.
Апасы жұмысына кетті. Тұрсын аула сыпыратын картқа барды.
- Бір қателік кеткен шығар. Ештеңе етпес, бәрінен де қателіктеріңді түсіне білгендерің жақсы. «Көл бақасыз болмас, адам қатесіз болмас» деген, - деді қарт.
- Балалар өз кателіктерін қалай түсінді?
- Атай қаңдай жақсы қасиет танытты?
- Өздерің атайдың орнында болсаңдар не істер едіңдер? Мәтіндегі ойдың шешуін төмендегі ойын-жаттығу арқылы да ұйымдастыруға болады.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Оқушыларды кешірімді, кішіпейіл болуға дағдыландыру мақсатында ойын ұйымдастыруға болады.
Оқушылар парта қатарларына қарай 2 топқа бөлінеді. 1-топ -«Кешірім - сыпайылық белгісі» тақырыбында (үлкендер мен балалар рөлінде) әдептілікті, кішіпейілділікті, 2-топ - «Кешірім — татулық негізі» (достар немесе сыныптастар рөлінде) тақырыбында достықты сахналастырып көрсетеді.
Топпен ән айту. (3 мин)
«Бақытты балдырған» әні.
Сөзі: Е.Өтетілеуов
Әні: И.Нүсіпбаев
Үй тапсырмасы
Оқулықтың 40- бетіндегі М.Мақатаевтың «Көшеде» өлеңін оқып келу. «Досым көп болсын десең» тақырыбында өз ойларыңды жазыңдар.
Сабақ соңындағы тыныштық сәті
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»