Сынып 7"А" Қазақ әдебиеті пәні
Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың жалпы мақсаты:
Оқыту нәтижесі:
Дереккөздер:
Түйінді идея:
Оқушылар үш топқа бөлінеді: "Мейірім", «Ізгілік» "Қайрат" Әр топқа бес сұрақтан қойылады.
Кейіпкер бейнесі
Кейіпкерге хат
С.Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аян бейнесі.
Шығарманың мазмұнын талдай отырып жазушының кейіпкер бейнесін ашудағы шеберлігін таныту.Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы шығармадағы қажетті үзінділерді таңдап ой түйінін қорытындылап шығаруға машықтандыру, кейіпкер бейнесін құрастыру арқылы оқушылардың қиялы мен көркем сөйлеу қабілеттерін арттыру.Кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, сезімді, төзімді, қайырымды болуға, бауырмалдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Шығарма мазмұны арқылы ата-ананы қадірлейтін, жетім көрсе жебеп жүретін, адал дос бола алатын ұлттық рухы жоғары азаматтарды тәрбиелеу.
Жетім көрсең жебей жүр
І топқа
1. Әңгімедегі кейіпкерлерді ата. (Аян, Есікбай, Бапай шал, Тұрған, Асылбек шал, әңгімеші бала)
2. Шығармада баяндалатын оқиға қай жылдары өткен? (1941-1945 жылдар)
3. Аян ертегісі қалай басталады? (Ертеде бір жетім бала болыпты)
4. Аян тайдырып алған тобығын кімге салғызды? (Асылбек шалға)
5. Аянды талай жерге дейін шығарып салған кім? (Есікбай)
ІІ топқа
1. Аян алғашқы сауатын кімнен ашты? (Иманжановтан)
2. Әжесі қайтқан соң Аян кімнің қолына көшті? (Әжесінің тумасы Бапай деген шалдың үйіне)
3. Аянның кешкі қорегі не еді? («Тісің бар ғой» деп бір уыс бидай төгеді)
4. Аян алғаш рет тобығын қалай тайдырды? (Өрістен бұзау айдап келе жатқанда үйретемін деп, өзінің қасқа бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кетті)
5. Ауыл қай жерде орналасқан? (Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың етегінде)
3-топқа
1.Атаман баланың есімі.
2.Аянның басына түскен қайғы-қасіреттер қандай оқиғаларда көрінеді?
3.Аянның Асылбек қартқа аяғын салдыруына не себеп болды?
4.Әңгіме неге “Жусан иісі” деп аталады?
5. Аянның Балалар үйіне кету себебін сен қалай түсінер едің?
3-топқа Аян бейнесін ашу.
Постермен жұмыс
төзімді
зеректілігі ақылды
Постерді қорғайды.
Видеофильм "Жусан иісі" көрсету.(сұрақтар қою)
Бейнебаяннан суреттер көрсетіледі де,Венн диаграммасы жасалады.
Венн диаграммасы
Сол кездегі жетім балалар 1.Жоқшылықтан
2 Соғыс салдарынан жетім қалды
Ортақ
Жетім
Жүректері сағынышқа, мұңға толы
Қазіргі кездегі жетім балалар
1 Тәрбиесіздіктен
2 Ата – анасының құқығынан айырылған балалар
3. Тастанды балалар
1-топ.Аянға хат
2-топ. Аянның ағасына хат.
3-топ. Әңгімеші балаға хат.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Әңгіме қалай аяқталады? (Аянның прототипі туралы айту)
Жазушы С.Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесінің негізгі түйіні- тағдыр талқысына түскен,жастайынан жетімдіктің зарын татқан жетім бала -Аян бейнесі.Аянның ақылдылығы мен намысшылыдығы, сүйкімділігі мен төзімділігі үлкен адамға тән мінез.Кішкентай Аянның бойындағы осындай мінез оның ерте есейгендігі мен ақылдылығының белгісі. Ер баланың мінез-құлқында қайраттылық, намысқойлық, төзімділік, қамқорлық ерекше көрінуі тиіс.Сонда ғана ол жақсы азамат болып қалыптасады.
VI.Үйге тапсырма беру. "Аянның болашағы" тақырыбында шығарма жазу.
Аянның прототипі-Науқан Керімов.Сайын Мұратбеков бұл шығармасының желісін өзінің балалық шағынан алған екен.Демек соғыстан кейінгі ауыл балаларының тағдыры.
Аян, яғни Науқан Керімов бүгінде Ескелді ауданының Ақын Сара ауылында тұрады.1937 жылы туған. Науқан аға балалық шағын,өткен өмірін былайша еске алады:
-Біз Сайынмен қатар өстік .Бірге ойнап, бірге жүрдік.Ол менен үш жыл бұрын мектепке бұрын барды. Жетімдіктің зардабынан мен кейінірек оқыдым.Колхоз бұрын «Біріншілік», кейіннен «Қызыл жұлдыз» деп аталды.Ауылда отыз шақты бала сиыр қораның төбесіндегі шөпке жиналып, әңгіме құрамыз.Ол кезде менің әке-шешем жоқ. Жастайымнан таудан отын таситындықтан аяққа шөңге кіріп, содан жүруім қиындай түскен еді.Аяқ ауырса да анда-санда шөптің төбесіне барамын.Қайдан шығатынын білмеймін, ептеп ертегі айтамын. Мен ғана емес, басқа балалар да айтады.Өзімізге сондай қызықты.Бала кезінен Сайын қайырымды еді. Кейін жоғары сыныптарға барғанда да менің жағдайымды біліп тұрды.
Менің анам Күмісай 1936 жылы қайтыс болып, әкем Керібек Қали 1941жылдың аяғында соғысқа кетті.Содан әкемнің туысы Шәріп мені қолына алған еді, ол да 1943 жылы колхоздың мал шаруашылығында жүріп қайтыс болды.1946 жылы асырап алған шешем Ибалы да көп ұзамай өмірден озды.Сонымен,1946жылы тұл жетім қалдым. Содан кейін Қалидың ағасы Қасқырбек деген кісінің әйелі Әсем Есімова асырап алды.Мен 9 жаста едім. Ол кісі колхоздың мал шаруашылығына кетті де, мен әркімнің қолында жүрдім .Соңында мені мектеп-интернатқа алып кетті.
Қапалдағы мектеп-интернатқа орналасқан Науқан Керімов кино актеріЕсболған Жайсаңбаевпен бірге оқыған.Бірақ, бір жылдан соң,мұғаліммен келісе алмай,колхоз жұмысына оралады.1958жылы сегіз айлық шопандар курсында оқып,1959-1962 жылдары әскер қатарында болады.1963-1995 жылға дейін мал шаруашылығы саласында ұзақ жыл еңбек етіп, зейнеткерлікке шығады. Үшінші дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері.
Зайыбы Атымтай Байтүгенова екеуі 1963ж шаңырақ көтеріп,11қыз,4 ұл тәрбиелеп өсірген. Кезінде ауыл балаларын ертегілерімен тамсандарған Аян бүгінде өз немерелеріне ертегі айтып, сүйікті ата атанып отыр..
[pic]