Мектеп № 20 лицей – мекткбі Күні: . № сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Елім деп соғар жүрегім...»
Құндылық: Қарым – қатынас жарастығы
Қасиеттер: Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерге махаббат.
Педагог: Баильдинова Д.С.
Сынып: 8 к
[link]
Тақырыпты ашу үшін АКТ арқылы бейнекөрініс көру.
2 минут
Шығармашылық бағыт.
Оқушылардың таңдаған геометриялық пішіндер арқылы екі топқа бөлінеді.
Интерактивті тақтаны қолдана отырып берілген тапсырманы орындайды. Тақтада берілген тамшыларды әр топ өздерінің жауаптарын қаламмен жазады.
Біздің дариямыз тамшыларға шашырап кетіпті.
1 – топ. Біз дариямызды құрау үшін мына тамшыларға өз елінің патриотты адамның қандай қасиеттері болу керек екенін жазу. Балалар тамшыларға жасаған игі істерін жазады.
2 – топ. Елдің гүлденуі үшін оқушылар қандай іс – әрекеттер жасау керек.
Тақтадағы ақ қағазға тамшыны кезекпен іледі.
-Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған тамшыларды қосқанда үлкен дарияға айналды. (Дарияны ілемін.) Яғни әр адам өз елінің патриотты болса, гүлденуіне үлесін қосса, біздің елімізде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.
Топпен өлең оқу.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Туған елім»
Үміт қып менен қарайсың,
Көңіліңе медеу санайсың.
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.
Қайтейін, елім, қимаймын,
Қия алмай жанды қинаймын.
Қимай қалсам, ішіңде
Тағы тыншып сыймаймын.
Алты қырдан ассам да,
Сөздеріңді сыйлаймын,
Тек қалауым сіздерден:
«Серіктікті» милаймын.
Сіздерге әкеп шашуға,
Ілім, білім жинаймын.
Келді хатың мен шаршап
Отырғанда дамығып,
Хабарыңа бек аңсап
Сүзіліп көңілім талығып.
Сөзіңнен көріп өзіңді,
Құшақтай алдым қамығып.
Өлең оқу.
Үй тапсырмасы.
Мәтінді оқу 85 – 86 бет. Сұрақтарға жауап беру.
Релаксация.
Оқушылардың сабақта берілген ақпаратты қаншалықты жақсы меңгергенін анықтау. «Баспалдақ жетістігі»
оқушыларға қиылған жұлдызшалар беріледі. Ал тақтада баспалдақ салынған әр оқушы тақырыпты қаншалықты жақсы түсінгені бойынша баспалдақтың қай сатында тұрғанын көрсетеді.
Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.
Жаңбыр тамшыларыныңм әуені ойнап тұрады.