Қазақ тілі пәнінен Мектепте тақырыбында жаңартылған бағдарлама бойынша

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақ жоспары 2-бөлім Менің мектебім 6-сабақ

Мектебі: №31 орта мектеп

Күні, айы

Мұғалімнің аты-жөні: Молдабаева Сымбат Канатовна

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылардың саны:______

Сабаққа қатыспаған оқушылардың саны:____

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1.1.1.1 Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)

1.1.3.1 Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру

1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданатын таныс сөздердің мағынасын түсіну

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Сен мектепте не істейсің? Деген сұрақты түсінеді, берілген үлгі бойынша жауап бере алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Сөйлесу барысында жіктік жалғауын дұрыс қолдана алады

Кейбір оқушылар:

Мектепте не істейтіні туралы ақпаратты өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады

Бағалау критерийі

  1. Берілген түстерді ажыратады

  2. Суретер бойынша көрсете алады

  3. Мектепке тән заттарды ажыратады

  4. Сөздердің мағынасын түсінеді.

  5. Күнделікті өмірде қолданады

Дескриптор

-суреттерді ажыратады

-берілген түстерді ажыратады

-сөздердің мағынасын түсінеді

-сөз тіркестерін құрап айта алады

Алдыңғы оқу

Өмірде қолданып жүрген сөздері арқы мысалдар келтіру, өздері білетінін айту

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Аудиодиск


Оқулық



А4 форматты ақ қағаздар

Қарындаштар

Карточкалар
















1 жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

(6-40минут)



*МК-Мұғалімнің көрсетуі

*Ұ- ұжымдық жұмыс

*Т-топтық жұмыс

*ОТ- оқушының тәжірбиесі

*Ө- өзіндік жұмыс

*Қ-қалыптастырушы бағалау

* Ж- жұптық жұмыс


1-тапсырма (МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырманы орындамас бұрын мұғалім оқушылардың назарын оқимын, жазамын,тыңдаймын,сөйлеймін сөздеріне аударады.Осы сөздерді хормен,топпен айтқызып жаттықтырады.Содан кейін тапсырмадағы сурет бойынша жұмыс бастайды.Оқушылар Сен мектепте не істейсің? сұрағымен және жауаптарымен танысады.

Диалоті тыңдайды,қайталайды.Сыныптағы оқушылар берілген үлгі бойынша сыныпта не істейтіндерін айтады.

(МК) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқимын

сөзінің қолданылу ерекшелігі назар аударады, сайыстыра отырып үлгілер бойынша есте сақтауға жағдай жасайды.Оқушылар «Мен бірінші сыныпта оқимын», «Мен мектепте кітап оқимын» деген сөйлемдерді қайталау арқылы есте сақтайды, бірінші сыныпта оқимын,кітап оқимын тіркестерін бірнеше рет қайталау арқылы жаттығады.

(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар суреттер бойынша жұмыс істейді.Оқушылар аудиодискіден бірінші сөйлемді тыңдайды, содан кейін сол сөйлемге сәйкес келетін суретті табады. Мысалы: мен мектепте кітап оқимын. Осылай 4-сөйлем бойынша жұмыс жүргізіледі.

(Ж) 3-тапсырманы орындаған кезде оқушылар сен мектепте не істейсің? сұрағына өз бетінше жауап беруге тырысады,сыныптастарының жауаптарын тыңдайды.

(Ж)4-тапсырмада оқушылар алдымен диалогті тыңдайды, содан соң жұппен жұмыс істейді. Бұл тапсырмада оқушылар алдыңғы сабақта өткен сұрақ үлгілерін еске түсіріп,жауап беруге жаттығады.Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады. Мысалы:

-Сен неше жастасың?

-Мен ... жастамын.

-Сен нешінші сыныпта оқисың?

-Мен ... сыныпта оқимын.

-Сен мектепте не істейсің?

-Мен мектепте ... .

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө).Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.



Сабақтың соңы

(41-45 минут)

(Қ)Сабақты қоыртындылау мақсатында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызған туралы ой – пікірлерін білдіре алады.



Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағанадағ сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сабақ барысында өзгерту енгіздіңіз бе?

Неге?


2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?


Қoрытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1.

2.