12 жылдық мектеп және қазақ тілі мұғалімі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«12 жылдық білім беру және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»

Набиева С. Ш.

17 ЖОББ мектебінің

жоғары санатты қазақ тілі

мен әдебиеті пәні мұғалімі

Эпиграфы:

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”
В.А.Сухомлинский


Н.Ә. Назарбаевтың «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген  елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және дамыту,  оларды реформалау ісін барынша  қарқынды жолға қоюымыз керек» деп, біздің білім беру мазмұнын жаңартудағы басты бағытымызды айқындап берді.

Еліміздің білім беру жүйесіндегі реформа баланың әрқайсысының жеке тұлға  ретінде қалыптасуында маңызды мәселелерді шешудің түрлі жолдарын қарастыруды көздейді. Өйткені әр жас өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ететін қоғамдағы негізгі сала, ол — білім беру жүйесі. Ғылыми-технология өркендеп, барынша қанат жайған қазіргі таңдағы білім беру саясатындағы басым бағыт – 12 жылдық білім жүйесіне көшу болып табылады. Білім берудің аталмыш үлгісі әлем елдерінің 80%-ында қолданылуда. Тәуелсіз Қазақстан Республикасында да жас ұрпақты әлемдік озық технологияны меңгертуге мүмкіндік беретін 12 жылдық білім беру жүйесіне көшірудің өзіндік ерекшелігі жан-жақты талданып, тәжірибе жүзінде іске асырылу үстінде.

Сондықтан 12 жылдық білім беруге көшу — білім жүйесін реформалауды, шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен» «білім әркімге  өмір бойы» үлгісіне сапалы түрде көшуді және әлемдік білім кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.

12 жылдық мектептің басты ерекшелігі қандай?

12 жылдық мектептегі оқыту үрдісін тұлғалық бағдарлы мазмұнда жүргізудің мұғалімдер үшін мынадай ерекшеліктері бар: - білім беру үрдісі ізгіліктік және демократиялық заңдылықтарға негізделеді; - барлық деңгейдегі педагогикалық әрекеттер оқушылардың шаршатуын болдырмауды көздейді; - педагогикалық қызметтің тиімділігі қажетті құрал-жабдықтарды жаңартудан емес, субъектаралық қатынастардың жаңаша ұйымдастырылуына көрінеді; - білім берудің тұлғалық бағдарлы мазмұны оқыту үрдісіндегі тұлғалардың – оқушы, мұғалім, тәрбиеші, ата-ана - өзіндік дамуын қамтамасыз ететін жаңа әдістемелер арқылы жүзеге асырылады;

- мұғалім өз әрекетінде қандай өзгерістердің қажет екенін сезіне алады, өз қызметінің бүгінгі күн талабы, қоғам, ата-ана, оқушы сұранысына сәйкестігін біледі;

- тұлғалық бағдарлы білім беру бағытында жаңалықтар ендіруге амұмтылу, авторлық, адаптивтік бағдарламалар құру, тәжірибеде бар жаңалықты өз тұрғысынан өзгерте алу. Осыған орай, қазіргі кезде еліміздің білім беру жүйесінің мазмұнын жаңартып, жаңа заманға лайықтап құру мақсатында дүниежүзілік стандартқа сай келетін қазақстандық білім жүйесін қалыптастыру: заңнамаларға, білім тұжырымдамасына, бағдарламаларға өзгерістер енгізілуде. Соның бірі – қоғамның өркендеп-дамуына сай әлемдік білім кеңестігіне жол ашатын 12 жылдық білім жүйесіне көшу болып табылады.

12 жылдық білім берудің негізгі мақсаты—еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі жаңа форматты мұғалімді жалпы кәсіби дайындау моделі- қоғамның әлеуметтік тапсырысын, мұғалімдерді даярлаудағы мемлекеттік стандарттың талаптарын, мұғалім дайындау мақсаттарын, кәсіби іс-әрекеттерді меңгеру деңгейлерін қамтиды. 12 жылдық білім жүйесіне көшу әлемдік білім кеңестігіне еркін кіруді мақсат еткен қазіргі заман талабынан туындаған мәселе. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты- бәсекеге қабілетті маман дайындау.

1. Жаңа форматты мұғалімін модельдеу оның проблемасын және мұғалімдердің оқу үрдісіндегі іс- әрекеттің мазмұны мен құрылымын талдау;

2. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктің жоспарын жобалау;

3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктің жүйесін құрастыру;

4. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жүйесін талдау;

5. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жүйесін дамыту;

12 жылдық оқуға көшуде Қазақстан мектептері

- әлемдік деңгейге көтерілуіне жағдай жасайды;

-кәсіптік білім беру;

-жеке тұлғаны дамытуға ықпал жасайды;

12 жылдық оқытудың басты мақсаты- баланы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру ғана емес, өз қабілеттерінің даму мүмкіндігіне жол аша отырып, қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін өзі дамытуға, білімді шығармашыл тұлға қалыптастыру. Ал білім беру жүйесіндегі басты тұлға – мұғалім. Жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін бала жанының бағбаны-мұғалімдер қандай болуы керек?

- Мұғалім-ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығын сүйетін,өз ойын шәкірттеріне анық, дәл түсіндіре білуі керек.

- Мұғалім-ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, төзімді, кешірімді, байсалды болуы тиіс.

- Мұғалім-өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Оқушыларын жақсы көріп, олармен әдепті қарым-қатынаста болғаны жөн.

- Мұғалім-үнемі өз бетімен білімін, дайындығын жетілдіруі қажет.

- Мұғалім-теорияны практикамен байланыстырып, озық іс-тәжірибелерді әрдайым күнделікті сабағында пайдаланып, жетілдіріп отыруы қажет.

Осы талаптарды әрбір мұғалім үнемі ұстанып отырса, мұғалімнің көңіл-күйі әрдайым жоғары болады да, сабағының сапасы артып, еңбегі әрдайым жана түседі.

Педагог оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емес, балаға серік, дос,сырлас, кеңесші қызметін де атқарады. Нәтижесінде  жеке тұлғаның өзіндік пікірі, қоршаған ортасына  құрметпен қарау көзқарасы қалыптасып, таным қабілеті ашылады.

Әдістемелік жұмыс- бұл мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру бойынша атқаратын жүйелі жұмыс. Ол талдау, бағалау дағдысын қалыптастыруға, педагогикалық қызметті жобалауға бейімдеп, мұғалімдерді ізденіске жетелейді. Әдістемелік жұмыстың мақсаты- педагогтардың шеберлігін жетілдіріп шыңдау, оқушылармен жан- жақты жұмыс жүргізу.

12 жылдық мектептің әдістемелік бірлестік қызметінің мақсат, міндеттері;

- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің шығармашылық тобын құру;

- Жаңа және педагогикалық технологиялар жұмысына мұғалімдерді оқыту,

- Желіде кәсіби жұмыс істеуге мұғалімдерді дайындау;

-Педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру;

- Қазақ тілі мен әдебиетінің білім сапасын арттыру;

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік бірлестік қызметінің негізгі принциптері: жұмылғыштық, ғылымилық, жеделдік, сабақтастық, үздіксіздік, жүйелілік, икемділік.


12 жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзіреттілік талабында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі нені білуі қажет?

- Психологияны, педагогиканы, тәрбиелеу теориясын, педагогикалық технологияларды, құқықтық нормаларды білуге міндетті;

- мемлекеттік стандартты сараптап, өз іс-әрекетіне сәйкес қолдана білу;

- өз жұмысында басқару функциясын орындай білу (сыныпты, оқу үрдісін басқару т.б.);

- педагогикалық технологияларды сабақ үрдісінде қолдана білу;

- мемлекеттік тілді және шетел тілін кәсіби деңгейіне сәйкес қажетті қолдана білу;

- кәсіби мониторингтің нәтижелерін қолдану;

12 жылдық білім беру жүйесіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні қандай ұстаз?

- Зерттеуші, кеңесші, ұйымдастырушы, ізденуші, рухани дамыған, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, үйлестіруші, шығармашыл тұлға.

- Өзі оқытатын пәнді терең меңгерген;

- оқушымен тез тіл табысатын;

- Қазақ ұлтының құндылықтарын сіңіре алушылық қабілеті бар;

- Өздігінен білім алуға ынталы, оқушы құзыреттілігін қалыптастыра алатын;

- Оқу үрдісін басқару, тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары;

- Зияткерлік мәдениетін, әлемдік білім берудің даму тенденцияларын бағдарлай алатын;

- Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

- озық технологияларды меңгерген құзыретті тұлға;

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдер жұмысының негізгі формалары.

1. Тәжірибелік жұмыс және ғылыми зерттеулер:

2. Әдістемелік құжаттаманы өңдеу:

3. Мұғалімдер біліктілігін арттыру:

4. Жаңартпашылық педагогикалық тәжірибені қорыту және тарату.

Жаңа форматты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қызметіне оқыту мен тәрбиенің дидактикалық, педагогикалық- психологиялық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған оқытудың жаңа технологияларын қолдану төмендегідей қажеттіліктерге алып келеді:
- әдістемелік бірлестіктің жұмыс жоспарын жобалау,
- оқу жоспарының мазмұнын және құрылымын талдау;
- мазмұнды жобалау;
-оқыту формаларын, әдістерін, құралдарын жобалау;
-оқу үрдісін ұйымдастыру талаптарын тұжырымдау;
- оқушы талаптары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, пәнді оқыту логикасын жасау;
-оқу процесінде оқушылардың алға жылжу динамикасын анықтаудың жаңа түрін, тәсілдерін қолдану;
-ақпараттарды жинақтау мен талдаудың тәжірибелік дағдыларын ұйымдастыру;

Шығармашылық жолы – ол үміттер мен күдіктер, жеңілістер мен жеңістер жолы. Осы жолдан өзіне сабақ ала алу, жетер биігін белгілей білу, өзінің жетістіктері мен кемшін тұстарын талдай алу – мұғалімнің шығармашылығын дамытудағы стратегиялық бағыттары болып табылады.

Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп- жаңа қоғам мектебі, яғни болашақ мектебі. Халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына педогогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Болашақ мектеп- бұл көңілге тек қуаныш сыйлайтын, бар мүмкіндік жасалған, жаңашыл мектеп, шығармашыл ұстаз, үнемі ізденісте болатын мұғалім.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Н.Назарбаев «Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан» (Қазақстан халқына Жолдауы, 2007 жыл 28-ақпан)

2. Қазақстан Республикасының Білім беру стандарты

3. «Білім туралы» Заң 41-бап

4. 12 жылдық білім №1, 2, 5, 2012 25-48 бет

5. 12 жылдық білім №2, 3 2013 26-29 бет

6. 12 жылдық білім №1, 3, 6 2014 25-28 бет