Поурочный план по экономики жұмыссыздық.инфляция (8 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Қаржы сауаттылығы және экономика негіздері

Сынып: 8А

Сабақ: 5

Күні: 6.10

Тақырыбы: Жұмыссыздық. Инфляция. Іскерлік белсенділік кездері

Сабақтың мақсаты: Экономиканың басты міселелері болып табылатын жұмыссыздық, инфляцияның шешу жолдары туралы ақпарат беру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Жұмыссыздық, инфляция ұғымдарына түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша тұжырым жасай алу, іскерлік белсенділіктерін дағдыландыру.

Тәрбиелік: Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа, танымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: іскерлік ойын

Сабақты ұйымдастыру әдісі: топтық

Көрнекілігі: тірек сызбалар, карточкалар, слайдтар


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Еңбек ресурсы ұғымы

  2. Жұмысшы күші

  3. Жұмыскерлерді жіктеу

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Жұмыссыздық ұғымы

  2. Жұмыссыздық түрлері

  3. Инфляция дегеніміз не?

  4. Инфляция түрлері

1) Жұмыссыздық - еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте күрделі құбылыс және қоғам даму барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі болған. Осы көзқарастарға қысқаша тоқталып назар аударайық.

Филлипс қисық сызығы

Инфляция деңгейі %

4


3

2





1 2 3

Жұмыссыздық деңгейі %


Мұның мағынасы: Жоғары жұмыссыздық жағдайында инфляция төмен болатынын білдіреді және керісінше, жұмыссыздықтың азаюы жиынтық сұранысты арттырады, бағаның өсуіне итермелейді. Басқаша айтқанда, төмен жалақы жағдайында жұмыссыздық өсуі, керісінше жалақы өскен сайын жұмыссыздық азаяды.


Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздардан) құралады. Жұмыссыздықтың деңгейі жұмыссыздар санының қоғамдағы барлық жұмыс күшіне қатынасымен анықталады. (% пен есептеледі)

2) Жұмыссыздықтың негізгі түрлері:

  • Жасырын жұмыссыздық - өндірісте артық жұмысшылардың қолданылуы, немесе ақпараттың болмауына байланысты.

  • Фрикциондық жұмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іздеумен ауысуын айтады.

  • Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде туындайды: жеке саланың дамуының кері пропорциональды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қарауға болады, сондай-ақ жынысының, жасының, ұлтының, мамандығының, басқа да жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

  • Циклдық жұмыссыздық - өндірістің құлдырауынан туындайды.

Батыс елдерінің мамандары жұмыссыздықты екі топқа бөледі:

  • жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты; мысалы циклдық жұмыссыздық;

  • жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты; мысалы фрикциондық, құрылымдық жұмыссыздық.

3) Инфляция – қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналымдағы ақша массасының нақты ұсынылған тауар санынан артып кетуі. Соның нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • ұлттық экономикада өндірістің терең құлдырауынан болған тауар тапшылығы;

  • өндірілген өнімдерге энергетиканың, материалдардың, еңбектің жоғары мөлшерде жұмсалуы;

  • өз тауарлары мен қызметтеріне бағаны негізсіз көтеруге мүмкіндік берген жеке тауар өндірушілер монополизмі;

  • мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны бүркемелеу үшін мемлекет қағаз ақша шығарады;

  • мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғары деңгейі;

  • басқа мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстардың ықпалы.


4) Инфляцияның бірнеше түрі бар.

Шетелде нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік формаларына байланысты инфляцияны ашық және басылыңқы түрге бөледі.

  • Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-теңдік сұраныс жағына қарай бұзылса және тұрақты бағаның өсуімен байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз.

  • Басылыңқы (жасырын) инфляция – бағаны реттейтін экономикаға тән, яғни жалпы мемлекеттің бағаны бақылауымен жүзеге асатын инфляция. Сондай-ақ ол тауар тапшылығына, өнім сапасының төмендуінде, ақшаның қорлану мәжбүрлігінде, көлеңкелі экономика дамуында, бартерлік іс-әрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция ақшаның төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда мемлекеттің тауар бағасын сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік бағасынан төмен болуын қолдану арқылы пайда болады.

Ашық инфляция өз кезегінде бірнеше формаға бөлінеді:

  • Сұраныс инфляциясы – ол жұмыспен толық қамту жағдайында пайда болады, ақшамен қамтамасыз етілген сұраныс тауар бағасының өсуін тудырады. Қолда ақша көп мөлшерде, ал тауардың көлемі өте аз деп сипаттауға болады. Сұраныс инфляциясы нарықтық байланыстарды монополизм мен әкімшілік-әміршілік басқару жүйесінің ұзақ үстемдігі болған жағдайда да орын алады.

  • Шығын (ұсыныс) инфляциясы – ол өндіріс факторлары қымбаттаған жағдайда пайда болады. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсуі өнім бағасының өсуіне әкеледі.

  • Құрылымдық инфляция – ол саларалық баланстың бұзылу жағдайында туады. Бір сала нарықты толық қанағаттандыра алмағандықтан бұл саладағы тапшылық тауарлардың қымбаттауына әкеледі.



















Сыныпты 2 топқа бөліп, 1 топты «Жұмысшы», ал 2-ші топты «Жұмыс беруші» деп атаймыз. Ойынның шарты бойынша «Жұмыс беруші» топ «Жұмысшы» топқа вакансия жариялап, жұмысқа қабылдайды. Әр топқа төмендегідей карточкалар таратылады. Осы карточкаларды ойын барысында толтырулары керек

КЕЛІСІМШАРТ

Мекеме_______________________________________, ары қарай жұмыс беруші, және де________________________________________, ары қарай жұмысшы арасында жұмысқа қабылдау туралы шарт жасалды.

Қызметі_________________________

Еңбекке төленетін ақы сомасы_____________________

Жұмыс уақыты______________________

Өзге де еңбек талаптары______________________

Өзге талаптар Еңбек кодексі бойынша келісіледі.

Күні:________________

Жұмыс беруші_______________________ Жұмысшы_____________________





Ұйымның аты__________________________________

Заңды мекен-жайы_______________________________

Тауар өндіру н/е қызмет түрі_______________________

Вакансия, қызмет түрлері

саны

Білім деңгейіне талаптар

Жалақы мөлшері













Директор (Т.А.Ә)_________________ Қолы ____

Орынбасар (Т.А.Ә)_______________ қолы___



IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Инфляция дегеніміз не, қандай түрлері бар?

  2. Жұмыссыздыққа түсінік бер.

  3. Неліктен экономикада жұмыссыздық, инфляция болады?

V. Үй тапсырмасын беру. Терминдерді жаттап келу

VI. Бағалау.