А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназия
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»
Орындаған: Д.С. Манкеева
Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақсаты:
1) ата бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазына мақал- мәтелдерді үйретіп ұғындыру;
2) ой белсенділігін, сөздік қорын молайту;
3) отбасы дәстүрін сақтауға, ата- аналарын, қарттарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Жоспар
- Ойынды ашу
- Ойыншыларды таныстыру
- Ойын тәртібін түсіндіру
- Мақалшылар сайысы
- Жұмбақшылар сайысы
- Мақалшы, жұмбақшы сайысы
- Қорытынды
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысатын қонақтар, ұландар, бүгін 2- сынып оқушыларының аралығында отбасылық бағытта өтетін « Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ » сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
1- оқушы: Жанұямыз-сәніміз,
Отбасымыз- әніміз.
Біз бастадық сайысты,
Қош келіпсіз бәріңіз!
2- оқушы: Арым да, ардағым да анам екен,
Ана деген- мен үшін атамекен!
Түн ұйқысын төрт бөліп берген сүті
Жүрегімде жыр болып жатады екен.
3- оқушы: Өзің барда еш қатер де төнбейді Өзің болсаң шырағым да сөнбейді.
Асыл- әке,мейіріміңді ойласам,
Жыр оралып, шабыт мені тербейді
4- оқушы
Бұтағы бабасының,
Ұрпағы атасының,
Шуағы әжесінің,
Тұяғы әкесінің,
Тілегі анасының.
Тірегі ағасының
Түлегі даласының,
Дарытқан бар асылын
Мен- қазақ баласымын!
Мұғалім: Мақал айтып көрейік, бүгінгі сайыстың 1- айналымында мақал айту сайысы.
( сайысқа қатысатын оқушылар дайындалады.)
Ойынды бастамас бұрын сіздерді осы сайысқа әділ баға беретін, әр айналымның есебін шығарып, қорытындысын айтатын қазылармен таныстырып өтейін.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімдері: С.К.Толымбекова, Д.Х.Сайдахметова, Қ.М.Ахмет
Ал бүгінгі ойынымыздың қадірлі қонақтары: Нұрсұлу Түраровна Ирбаева, Перуза Байрамовна Ангаралиева, Наталья Николаевна Смирнова.
1- айналым
Мақалдың алғашқы жолы оқылады, ал оқушылар жалғастырады.
1. Ананың көңілі балада,
------------------------------------------
Баланың көңілі далада.
2. Ананың сүті- бал,
-----------------------------------------
Баланың тілі- бал.
3. Ұлдың ұяты әкеге,
-----------------------------------------
Қыздың ұяты шешеге.
4. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да
--------------------------------------------------------
Қарызыңды өтей алмайсың
5. Көп жасаған білмейді,
------------------------------------------------------
Көпті көрген біледі.
6. Әдепті бала- арлы бала,
-------------------------------------------------------
Әдепсіз бала- сорлы бала.
7. Қарт кісіні қадірле,
---------------------------------------------------------
Өзің де қарт боларсың.
8. Ата көрген оқ жонар,
------------------------------------------------------------
Ана көрген тон пішер
9. Туған жердің қадірін
--------------------------------------------------------------
Шетте жүрсең білерсің.
10. Қына тасқа бітеді,
-------------------------------------------------------------
Білім басқа бітеді.
11. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
-------------------------------------------------------------
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
12. Сөздің көркі- мақал,
---------------------------------------------------------------
Жүздің көркі- сақал.
13. Отанды сүю-
-------------------------------------------
Отбасынан басталады
14. Туған жердей жер болмас,
------------------------------------------
Туған елдей ел болмас.
15. Отансыз адам-
--------------------------------------
Ормансыз бұлбұл.
16. Білекті бірді жығар,
---------------------------------------
Білімді мыңды жығар.
17. Ақыл- тозбайтын тон,
------------------------------------------
Білім- таусылмайтын кең.
18. Күш білімде,
------------------------------------------
білім кітапта.
19. Еңбектің наны тәтті,
-----------------------------------------
Жалқаудың жаны тәтті.
20. Оқу - білім шырағы
-------------------------------------------
Білім- өмір шырағы
21. Әке – асқар тау.
-------------------------------------------
Ана –ағар бұлақ
22. Оқу инемен
-------------------------------------
Құдық қазғандай
23. Оқы, оқы
-----------------------------
Және оқы.
24. Өнер алды-
---------------------------------
Қызыл тіл
( 1- айналым жеңімпаздары анықталып, 2- айналымға қатысады.)
2- айналым
Мұғалім: Жұмбақ шешу сайысы.
( Жұмбақ оқылады, оқушылар шешуін тауып, орыс тіліне аударады.)
Мұғалім: Бұл сайыс 2 тапсырмадан тұрады. 1- тапсырмада мұғалім жұмбақ айтады, ойыншы жұмбақтың шешуін табады. Шешуін орыс тіліне аударады. Жеңімпаз 3- айналымға өтеді.
1. Жаурағанды күлдірер,
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер. ( От-огонь)
2. Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой-баран)
3. Асқар тауда
Қалың орман,
Оны кейде
Шөптей орған. ( Шаш-волосы)
4. Сақалы жоқ, шашы бар, бет-аузы жоқ, басы бар.
Белін бекем байлаған, қоқысты қоймай айдаған. ( Сыпыртқы-веник)
5. Бір үйге көзсіз боп бас сұғасың,
Бұл үйден көреген болып шығасың. ( Мектеп-школа)
6. Бетін адам ашады
Білім нұрын шашады. ( Кітап-книга)
7. Қалпақты шымырды
Төбесінен ұрады,
Түзетуге қыңырды
Дәйім дайын тұрады. ( Балға-молоток)
8. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. ( Автобус-автобус)
9. Әжем уыстап сығып
Далада кептірген.
Қатты әрі тәтті дәмі,
Кім бар жеп көрген? ( Құрт-курт)
10. Айдалада ақ отау,
Аузы –мұрны жоқ отау. (Жұмыртқа-яйцо)
11. Тақиям төлған сөк,
Ерте тұрсам жоқ. (Жұлдыз-звезда)
12. Төртбұрышты бір ауыз. (Сандық-сундук)
13. Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында наны бар. ( Бидай-пшеница)
14. Күмбір- күмбір күйі бар
Құлағыңа түйіп ал. ( Домбыра-домбыра)
15. Маған да, саған да
Жақын туыс- бес адам.
Үш әріптен тұратын,
Оңға оқы, солға оқы,
Өзгермейді еш одан.
Бәрі де өз жұратың,
Айтады кәне кім атын? ( Ата, ана, апа, аға, іні)
Мұғалім: 3- айналым. Мұғалім оқушыларға жұмбақ айтады. Оқушылар шешуін табады. Шешуін тапқан оқушы, жауабына байланысты мақал айтады.
1. Баласымын даланың,
Туғаннан дақсыз қарамын.
Қыс келсе жұртты жылытып,
Үйді- үйге барамын. (Көмір)
Еңбексіз өмір- сөнген көмір.
2. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолыңа алсаң- шешен,
Ақылы асқан көсем. ( Кітап)
Кітап- білім бұлағы,
Білім- өмір шырағы.
3. Садақшы мойнын иілтіп,
Көрген жанды сүйсінтіп,
Жүзгенде көлдің сәні өзі.
Жердегі құстың серкесі,
Көктегі құстың еркесі. ( Аққу)
Аққуды атуға болмайды,
Достықты сатуға болмайды.
4. Төңкерілмейтін күбі,
Көтерілмейтін күбі.
Шүпілдей- ақ тұрса да
Көрінеді түбі. ( Құдық)
Оқу- инемен құдық қазғандай.
Қорытынды.
Оң қанатым- әкем,
Сол қанатым- анашым.
Қос қанатың болғанда
Табар өмір жарасым.
Қарап тұрып шекені
Шымшылады сан күдік.
Қанатымның екеуі
Сау болса екен мәңгілік.