Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу ғылыми жоба

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу





МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ ..........................................................................................................3


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ..........................................................5


2. 2 Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу ..................................10


2. 3 Мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні ..........................................................17


ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................20


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .....................................................21


















Аңдатпа

Қазақтың мақал-мәтелдері – көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін, айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын, сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма. Өйткені бұл - мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған, екшелген, сыннан өткен асыл түйіні.

Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы, өмірде болатын әр түрлі жағдайларды ұғындыратын,түсіндіретін оқу құралы іспетті.

Зерттеу жұмысы негізінен үш бөлімнен тұрады:

1. Кіріспеде зерттеу тақырыбының маңыздылығы, яғни мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды ұлттық дәстүрлерді сақтауға мүмкіндік беретіндігі айтылады.

2. Негізгі бөлімде мақал-мәтелдердің қазақ сөз өнерінде алатын орны, оның жасалу табиғаты, мақал-мәтелдердегі киелі сандардың жасалу және қолданылу мәні терең қарастырылған.

3. Қорытындыда мақал-мәтелдің маңызы мен пайдасы туралы айтылады.











Кіріспе


Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ғана жемісі емес.Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра, ақылына ақыл қосатын,жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін,өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған,халық даналығы сақталған.

Қазақтың мақал-мәтелдері – көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін,айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын, сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл-мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған, екшелген, сыннан өткен асыл түйіні.

Адамның мінезіндегі жат қасиеттер де мақал-мәтелдерде жеркенішті түрде берілген.Халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік мәні бөлек.

Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең,сөзіықшам да көркем,еске сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады.Сонымен қатар балаларға арналған мақалдар мен мәтелдердің ерекшеліктері оның құрылысы мен жасалу жолынан емес ,мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмыстарына ,оқу-ағарту істеріне байланысты болуынан көрінеді.Мақалдар мен мәтелдер балаларға терең ой салумен қатар ,оларды көркем және обрызды сөйлеуге жаттықтырады,сөз байлығын,сөздік қорын байыта түседі.

Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі шағын,мазмұны бай,тілі көркем жанырға жатады.Мақал-мәтелдер өзін жасаушы халықпен бірге жасайды,біреулері ескіріп қолданудан шығып,екіншілері жасарып,жаңадан туындап жатады.

Халық шығармасының басқа түрлері секілді мақал мен мәтелдердіде әуел баста жеке адамдар шығарады ,оны біреуден біреу естіп,жаттап айта жүреді,өңдейді,өзгертеді,сөйтіп олар бірте-бірте жалпы халықтық мұраға айналады.Демек,мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген –білгенін жасаған қорытындысы,ақыл-ой түйіні деуге болады.

Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы,өмірде болатын әр түрлі жағдайларды ұғындыратын,түсіндіретін оқу құралы іспетті. Мақал-мәтелде, көбінесе, ортақ ой, жалпы ереже, анықталған қағидалар айтылады,формасы жағынан тілге жеңіл,құлаққа жағымды дыбысқа,ырғақ-ұйқасқа құрылады, көбінше көркем тілмен-өлеңмен жасалады.

Мақсаты: Мақал-мәтелдердегі киелі сан есімдердің қолданылуын қарастыра отырып, олардың жасалу жолдарына сипаттама жасау, мән-мағынасын ашу.




















Негізгі бөлім


2. 1 Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні


Мақал мен мәтелдердің өміршеңдігі – тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде, аз сөзбен көп мағынаны беретіндігінде,еске сақтауға қолайлылығында.

Мақал-мәтел адам тұрмысындағы алуан түрлі уақиғаларды,қарым-қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді;айтылмас ойды ажарлайды, әрі анықтайды. Сондықтанда халық Сөздің көркі-мақал деп бағалаған.

Мақал-мәтел-қос мағыналы шығарма, онда көбінесе тура мағынамен қатар астарлы мағына да болады.Тура мағына мысал ретінде алынады да негізгі ой астарлап айтылады. Мысалы, Тырнадан қалауыл қойсаң,төбеңнен қиқу кетпес.

Мақал-мәтел, әдетте бүкіл адам баласына ортақ. Сондықтан бір халықтың мақалын екінші халық төл шығармасындай қабылдай береді. Көптеген мақал-мәтелдер көнермей көп жасайды,әлденеще ұрпаққа,қоғамға қызымет етеді. Малым жаным садағасы, жаным арым садағасы; Қоянды қамыс өлтіреді,ерді намыс өлтіреді дейтін ежелгі халық мақалдары Ұлы Отан соғысы кезінде де ел аузынан түскен жоқ,елдегі ембеккерлерді ,майдандағы жауынгерлерді жігерлендіретін құрметті сөзге, ұранға айналды.

Мақал-мәтелдердің шығу,даму тарихын қоғам өмірінен,әлуметтік ой сананың өсуінен бөліп қарауға болмайды. Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін; Ісінің ағына қарама,маңдайыңның бағына қара дейтін мақалдар өткен қоғамның санасын елес берсе, Талапты ерге нұр жауар; Еңбек етсең емерсің дейтін мақалдар халық сана сезімінің өскен кезін бейнелейді. Ал Оқу-өмір шырағы,кітап-білім бұлағы; Отан үшін отқа түс-күймейсің дейтін мақалдар жаңа заманның,біздің қоғамның ой-санасынан туған.

Мақал-мәтелдер-ертек, аңыз әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, қара өлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жаныр. Олай дейтініміз XII-XII ғасырлардан сақталған сирек жазба директерде де мақал-мәтелдерді кездестіруге болады.Орхон жазуларында: Жырақ болса жаман сыйлық берер,жақын болса жақсы сыйлық берер;Бастыны еңкейткен,тізеліні бүктірген (Күлтегіннен);

2. 2 Мақал-мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу


Мақал-мәтелдерде қамтылмайтын сала жоқ. Онда халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы болашаққа үлгі-өнеге болатын, тәлім-тәрбие беретін, жол нұсқайтын сөздер айтылады. Ерлікке, отаншылдыққа, елін, жерін сүюге үндейді.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал мен мәтелге мынандай түсіндірме берілген: «Мақал – үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз; мақал деп қысқа, образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз» [2,102]. «Мәтел – тұжырымды, бейнелі әрі ықшам нақыл сөз» [2,168].

Қазақ халқының басқа халықтар сияқты алғашқы кәсібі – аңшылық болған. Аңшы болу үшін қырағылық, ептілік керек. Аңшылық – жастарды еңбекке, ерлікке, әртүрлі ойын-сауықты, спорттық түрлерін үйренуге болады. Осыған байланысты бір тақырыбы – еңбек пен кәсіпке арналған.

Ерлік те еңбектен басталады. Елін, жерін қорғау, ерлік жасау әркімнің қолынан келе бермейтін ауыр да, абыройлы іс. Жастарды өжеттікке, отаншылдыққа, батылдыққа, ұйымшыл болып, ауызбіршілікті сақтауға дағдыландыруға мақал-мәтелдердің маңызы зор.

Мақал-мәтелдердегі кейбір сан есімдерді төмендегіше топтастыруға болады:

  1. Мақал-мәтелдердегі киелі сандар.

  2. Мақал-мәтелдердегі септік, тәуелдік, жіктік жалғауларында тұрған сан есімдер.

  3. Сан есімдердің есептік, реттік, жинақтық түрлеріне негізделген мақал-мәтелдер.

Сол сияқты масса өлшеуіштері. 1 қап, 1 пұт, 1үлкен табақ, 1мысқал, 1шөкім; уақыт өлшеуіштері: бие сауым, сүт пісірім, қас қабағым, ет пісірім; көлем өлшеуіштері: көнек, жанторсық туралы мәлімет беруге болады. Кейбір өлшеу бірліктерінің мағынасын, өзара байланысын түсіндіру мақсатында, баспа беттерінде жарияланып жатқан мақалаларды кеңінен пайдалануға болады. Мыс: М. Әлімбаевтың «Ана тілі» газетінде жарияланып «Ескі өлшемдер» жинағын оқып ұсынуға болады. Оның бірнешеуін қаз - қалпында беріп отырамыз.

Шақырым: Дауыс жетер аралық
Шақырым деп аталған.
Даладағы даналық -
Қалған арғы атаңнан
Сүйем: Жүрген елдің ойында
Ескі өлшемдер мол екен.
Бір сызықтың бойында
Созсақ сұқ қол, бармақты -
Сүйем деген сол екен.
Шөкім: Ескі өлшемді білші,
Ұмытпастан бекем бол.
Үш саусақпен шымшы,
Қанша іліксе - шөкім сол.
Қарыс: Бір сызықтың бойында
Бармақпен ортан қолыңды



Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.


Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы ала аласыз!


7