Қазақ әдебиеті 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев “Ескендір”поэмасы
Сабақтың мақсаты: А. Құнанбаевтың “Ескендір”поэмасының идеясын ашу, поэманың тереңіне бойлату;
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: поэманың тақырыбы мен идеясын түсіндіру.
Дамытушылық: іздену қабілетін, мәнерлеп айту дағдысын, сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: адамгершілікке, рухани имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО (сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту )
Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат, слайд, қосымша материалдар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
1.“Мен саған...”тренинг
2. 3топқа бөлу
ІІ Қызығушылықты ояту кезеңі
1.“ой шақыру ”әдісі
(Таразы суреті)
Бұл не? Ол туралы сөз, сөз тіркесі, сөйлем айту
- таразы, таразыла, ой таразысы, ақыл таразысы
Ендеше, Абай атамыз:
1. Ойға түстім толғандым
Өз мінімді қолға алдым...
2. Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес,- деген.
Ендеше, өз бойымыздағы қасиеттерімізді де таразылай отырайық.
ІІ Мағынаны тану кезеңі
1. Ойлаудың “6 телпек”әдісі
Ақ телпек – Статистикалық (деректерді талассыз келтіреді)
Ескендір кім?
Сары телпек – Сәттілік (сәтті кезеңдерді айтады)
Қара телпек – Сәтсіздік (поэманың сәтсіз тұстарын айтады)
Көк телпек – Аналитикалық (талдау жасайды, поэманы жатқа айтады)
Жасыл телпек – Шығармашылық (идеялар мен болжамдар айтады)
Қызыл телпек – Сезімтал (поэманы оқу барысында бастан кешірген сезімдерін тұжырымдайды)
2. Топтастыру
Ескендір
↓
..............................
ІҮ. Ой толғаныс кезеңі
РАФТ стратегиясы
Р - оқушы
А - бүгінгі заманның тойымсыздарына, Ескендірге
Ф - хат, үндеу
Т - Қанағатсыздық қайда апарады?
Ү. “Автор орындығы ” стратегиясы
ҮІ. Қорытындылау бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма “Өзім туралы”тақырыбында эссе жазу