Конспект урока 6 класс Үй құстары мен жабайы құстар. Көптік жалғау.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: Үй құстары мен жабайы құстар. Көптік жалғау. 6 сынып

Сабақтың мақсаты: Құстардың сыртқы бейнесі, тіршілігі, қоректенуі туралы айту.

Құстарды күте білуге үйрету.

Құстарға деген сүйішпеншілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтық, өзіндік жұмыстар.

Сабақтың көрнекілігі: жыл құстарының суреттері, үй құстары, жабайы құстар.


Сабақтың барысы:


1.Ұйымдастыру кезеңі: а) Амандасу.

ә) Психологиялық кезең :

Ал балалар, сабақты бастамас бұрын ойын арқылы көңілімізді көтеріп, денемізді шынықтырып алайық. Сіздерді ортаға шақырамын. Ең алдымен өздеріне жұп тандап алындар.

Ойын: «Қалыптан тыс амандасу»

Оң қолымен, сол қолымен, бас иіп, күлімдеп, 2 қолымен ұстасып, иықпен, арқамен, тіземен.


2. Үй тапсырмасын пысықтау: «Кір жаю » стратегиясы бойынша өткізу.

(Құстар туралы айтып, суреттерін ілу)

3. ТОПҚА бөлу: Кәмпиттер арқылы

І топ «Үй құстары» командасы

ІІ топ «Жабайы құстар» командасы

4. Ойын «Жекпе- жек» Құстар түрлерін атау.

Үй құстары Жабайы құстар

Қаз Қарға

Үйрек Сауысқан

Тауық Торғай

Әтеш Кекілік

Күрке тауық Аққу



5. Жұмбақтар шешу.

1.Қараңғыда ұшады, құбылады,

Жарық көрсе, қашады, тығылады.

(Жарқанат) Летучая мышь


2.Көкте жүріп тамағын асырайды.

( Қарлығаш) Ласточка


3.Балапанын басатын басқа құс,

Бар сондай басқа құс.

(Көкек) Кукушка


4.Мойны ұзын, аяғы қысқа,

Бұл өзі аң ба, құс па?

(Қаз) Гусь


5.Киімі ала, ісі бар шала,

Мекені - орман, дала...

( Сауысқан) Сорока


6.Көлдің көркі - еркесі,

Қанаттары - көрпесі.

Бойын күтіп, баптайды,

Ешкім оны атпайды. (Аққу Лебедь)


6. Мәтінмен жұмыс: Жаңа сөздермен таңысып, меңгеру.


Кекілік - куропатка

Өсімтал быстро - размножающиеся

Жұмбақ - загадка

Зерттеуші - исследователь

Балапан - птенец

Жеке – жеке - отдельно


«Қызық құс»


Қазақстан тауларында кекілік көп болады. Зерттеуші ғалымдар осы күнге дейін оның жұмбақ сырын шеше алмай келеді. Ана кекілік көктемде екі ұяға жұмыртқа салады. Бір ұяны өзі басады, екінші ұяны ата кекілік басады. Алғашқы күндері әрқайсысы өзі басып шығарған балапандарын ертіп жеке - жеке жүреді. 30 – 40 балапан кейіннен бірігеді. Дүниедегі ең өсімтал құс - кекілік.



7. «Грамматикалық әлемі» Дәптермен жұмыс: Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша сөз құрамына талдау.


Үлгі: құстардың - құс сөздің түбірі, -тар - көптік жалғау, - дың - ілік септігінің

жалғауы.

8. «Жақсы жұмыс- жанға тыныс»

«Шығармашылық» стратегиясы»


Қызыл кітапқа енгізілген құстар туралы айту