Сабақтың тақырыбы: Отбасы мүшелері. Сөздік диктант.
Сабақтың мақсаты: Тақырыптың негізгі идеясын ашу, тақырыпқа байланысты сөйлесу дағдыларын дамыту. Өз отбасы туралы қысқаша әңгіме құру.Отбасына байланысты сөздер бойынша Сөздік диктан жазу.
Дамытушылық: Оқушылардың еске сақтау қабілетін дамыту.Мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге , ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту. Тәрбиелік: Тәрбиелік мақсатта әңгімелер айту, отбасына деген сүйіспеншілікті, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу керектігін түсіндіру.
Көрнекілік материал: карточкалар, тірек- сызба, слайдтар, суреттер..
Сабақтың түрі: білім сайысы
Сабақтың әдісі: әңгімелеу , сұрақ – жауап, іздендіру, дәлелдеу,
Үй тапсырмасын тексеру.
Сабақтың барысы : Ұйымдастыру.
Сабақ «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңмен басталады.
Кел, балалар, оқылық! Оқығанмен көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыс балалар,
Шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар!
II Грамматикалық эстафета. Әр карточкада жеке дыбыстар жазылған.Осы дыбыстар бойынша сөздер жазу.
№1 №2
Ә - Ұ-
Қ - І-
Ү- Ө-
Ғ- Ң-
III Жаңа сабақ. Жаңа сабақты сөзжұмбақ арқылы шешеміз.
Родина (Отан). 2.Независимый (Тауелсіз). 3.Единство (Бірлік). 4.Столица (Астана) 5.Урок (Сабақ). 6.Посуда (Ыдыс)
Дұрыс жауапқа жетон беріледі. Өлеңдер:
Абай «Әке».
Әке ардақты, әке қымбат, әрине
Әке керек әр адамға, әр үйге
Бәріне де әке керек болса да
Әке керек ең алдымен сәбиге.
Аяжан
Ана деген адамға – атамекен,
Әр адам анаменен адам екен.
Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым,
Бір күнгі тәтті ұйқымнан садаға екен.
2. Жаңа сөздерді қайталап шығамыз
Ата әке қарындас аға мен
әже ана іні әпке
. Вен диаграмманы қолдану
4. Сурет бойынша сөйлемді құрастыру.
5. Сөздік диктант.
Әке –шеше, ата-ана, бауыр, қарындас, сіңлі, әпке, тәте, іні, аға, келін, жеңге, туыс, ағайын-туыс.
Үй тапсырмасы: 6 бет, 4- тапсырманы орындау. Өз отбасы туралы әңгімелеу.