Пысықтауыш 8 сынып (поурочное)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Сабақ тақырыбы:

П ы с ы қ т а у ы ш

8 сынып



















Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

Жарылқасымова Бақытгүл



Қазақ тілі


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Пысықтауыш

Жалпы мақсат:

Білімдік — пысықтауыш туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету;

ә) дамытушылық — түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу;

б) тәрбиелік - ұжымшылдыққа, нақтылыққа тәрбиелеу.


Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау


Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: Оқушылар назарына «Табиғат тамашалары» видеоролигін ұсынады.

[pic]

[pic]

Шарлар арқылы топтарға бөлу.

Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


Жаңа тақырып

Жаңа сабақты түсіндіру.

Пысықтауыш – етістіктен болған баяндауышты мекен,мезгіл,қимыл-сын мен себеп,мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.Мысалы: «Ол үйге жүгіріп кірді» деген сөйлемде жүгіріп деген сөз Қайтіп? Деген сұраққа жауап беріп,қимылдың сынын білдіріп тұр.

Пысықтауыштың негізгі белгілері: 1.Іс-қимылды мезгіл,мекен,мақсат,сын-қимыл,себеп,мөлшер ждағынан пысықтап тұрады. 2.Қашан? Қайда? Қалай? Неге? Не үшін? Неліктен? т.б. сұрақтарға жауап береді. 3.Байланысу түрлері – меңгеру,жанасу және қабысу.

Пысықтауыштың мағыналық түрлері және олардың жасалу жолдары:

Мезгіл пысықтауыш
  • мезгіл үстеуінен

  • жатыс септігіндегі

мезгіл мәнді зат

есімнен

- септік шылаулы сөзден

Қашан?

Қай кезде?

Қай уақытта?

Ол бүгін келеді.

22 наурызда күн мен түн теңеледі.

Таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасынан шығып,Майбасарға келе жатты (М.Ә.)

Мекен пысықтауыш

  • мекен үстеуінен

  • атау,ілік,табыстан басқа септіктерде тұрған зат есімдерден

Қайда?

Қай жерде?

Қай жақта?

Қайдан?


Әжесі үйде қалды.

Қайсар биыл мектепке барады.


Біз қала маңынан келдік.

Мақсат пысықтауыш

  • мақсат үстеуінен

  • -ғалы,-гелі,-п тұлғалы көсемшелерден

  • Үшін шылауымен келген есім сөзден

Кім үшін?

Не үшін?

Неге?

Қандай мақсатпен?


Сәуле зат алғалы келді.

Ол әдейі кірді.

Мен осыны айту үшін сөйлестім.

Амал пысықтауыш

  • қимыл-сын үстеулерінен

  • еліктеуіштен

  • көсемше тұлғалы етістіктен

Қалай?

Қайтіп?

Қалайша?


Жиналыста шапшаң сөйледі.

Бала жүгіре-жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде,ол сылқ-сылқ күлді.

Себеп пысықтауыш

-өткен шақтық есімшеден

Неліктен? Не себептен?

Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.

Мөлшер пысықтауыш

- мөлшер үстеулерінен

- мөлшер мәнді сын есімдерден

Қанша?

Қалай?

Сабақта ұзақ сөйледі

Емтиханға жаппай кірді.

Тақтайды ұзын кес.


Жаттығумен жұмыс: 52-жаттығу. Мына сөйлемдердегі біртектес сөздердің екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын түсіндіріңдер.


Сергіту сәті

Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.


Оқушылар сергіп, демалады

Шығармашылық жұмыс



Шығармашылық жұмыс: Мына үстеулерді қатыстырып сөйлем құраңдар да, пысықтауыштың қай түрін жасағандарыңды табыңдар.

Күзде, қуаныш үстінде, тұс-тұстан, артта, арнайы, үйрену үшін, жатпай-тұрмай, күмілжіп




Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

Үйге тапсырмасын беру

56-жаттығу


Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »